Қазақстан теңгесінің шығу тарихы және ақшаның қасиеттері

Сабақтың мақсаты :1. Ақшаның анықтамасын айту, ақшаның сипаттамаларымен танысу, ұлттық валюта туралы түсінігін кеңейту.

2. Араласу және топтағы жұмыс дағдысын қалыптастыру, оқушыларды ауызбірлікке, дәлдікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

3. Оқушылардың ой-өрісін, білімге деген қызығушылығын дамыту. Әңгімелеу, модельдеуші ойындар және түрлі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар валюта және экономикадағы ақша қызметі туралы өз түсінігін кеңейту.

Көрнекілік :ақшаның суреттері.

Сабақтың барысы : Теңгенің шығу тарихы Әр елдің ұлттық ақша бірлігі, яғни валютасы болады. Мәселен, валюта АҚШ-та доллар, Ресейде рубль, Жапонияда йена, Өзбекстанда сум деп аталады. Ақша дегеніміз-қандайда бір затты сатып алу үшін қолданылатын, заттың құнын білдіретін, металдан, қағаздан жасалған белгілер немесе бірлік. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгенің де қз шығу тарихы бар. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды, себебібұл-өте көп еңбекті қажет ететін күрделі жұмыс. Қазақстан өз төл теңгесін шығару үшін 1990 жылы теңгенің үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Олар барлық дүние жүзіндегі мемлекеттердің ақшаларымен және еліміздің аумағында табылған теңгелер таричымен танысты. Алайда Қазақстан ұлттық ақша жасайтын арнайы мамандар мен шеберчаналардың жоқтығынан бұл саланың қызметкерлерін шетелден іздеуге тура келді. Алғашқы ұлттық теңгелерді жасауды ағылшынның «Чаррисон»атты фирмасы қолға алды. Теңге беттеріне қазақтың біртуар перзенттерінің суреттері салынып, сапалы қағаздан жасалды. Әрбір мемлекет валютасының қолдан жасаудан қорғайтын көзге көріне бермейтін сапа белгілеріне болады. Ұлттық теңгемізде мұндай сапа белгі саны-18. 1993жылы 15-қараша Қазақстан тарихындағы ерекше күн деп айта аламыз, себебі ұлттығымызды айғақтайтын тағы бір белгі-теңгеміз айналымға енгізілді. Ұлттық теңгеміз металл және қағаз ақша түрінде шығарылды. Әр мемлекеттің ақшасы-оның ұлттық тарихын, ерекшеліктерін анықтайтын нышан. Төл теңгемізге ұлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың т. б. суреттері салынды.

Теңгелер әні. 1. Гүл жайнаған елімде,

20 жыл төрімде

Теңгелерім ардақты

Ие болдың сенімге.

Ақшаның қасиеттері

1. Тұрақтылығы. Бүгін ертең оның құны мүмкіндігінше бір деңгейде сақталуы керек.

2. Ықшамдылығы.

3. Ұзақ мерзімділігі.

4. Біртектестігі.

5. Бөлінімділігі.

6. Ажыратылымдылығы.

1. АҚШ ДОЛЛАР
USD/KZT
147. 39
1. АҚШ ДОЛЛАР: 1 ЕУРО
USD/KZT: EUR/KZT
147. 39: 195. 80
1. АҚШ ДОЛЛАР: 1ҚЫТАЙ ЮАНІ
USD/KZT: CNY/KZT
147. 39: 22. 15
1. АҚШ ДОЛЛАР: 1РЕСЕЙ РУБЛІ
USD/KZT: RUB/KZT
147. 39: 4. 77

Виктариналық сұрақтар

-Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы қалай аталады?

- Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы қашан еңгізілді?

-Басқа мемлекеттердің ақшалары қалай аталады? Қортындылау.


Ұқсас жұмыстар
Ақша: шығу тегі, функциялары, қасиеттері және теңгенің тарихы
Ацетиленнің шығу тарихы, құрылысы, қасиеттері, алынуы және қолданылуы
Ақша: шығу тарихы, мәні және негізгі қызметтері
Сарматтар: шығу тарихы, орналасуы және археологиялық деректері (6-сынып, Қазақстан тарихы сабағы)
Сақтар: шығу тегі, мекендеген жері және қоғамы (6-сынып, Қазақстан тарихы)
Теңгенің шығу тарихы және ұлттық банкнот өндірісі (1990-2011)
Қыпшақ мемлекеті: шығу тегі, тарихы және этностық құрамы
Қазақ ою-өрнегінің шығу тарихы, түрлері және элементтері
Сақтар: орналасуы, шығу тарихы және әлеуметтік-қоғамдық құрылымы
Кітаптың шығу тарихы мен жасалу үдерісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz