4 саны мен цифрын таныстыруға арналған мектепке дейінгі сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: «4 саны мен цифры»

Сабақтың мақсаты: білімділік: балаларды 4 санымен және

цифрымен таныстыру;

дамытушылық: балалардың ой-өрісін

4 санының құрамына есеп құрастыру

арқылы дамыту ;

тәрбиелік: 4 цифрын дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, үйрету, ойын.

Көрнекіліктер: тақырыптық суреттер, сандар.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру:

  1. Амандасу;
  2. Өткен сандарды қайталау.

II. Жаңа сабақ:

Сурет бойынша 4 санының пайда болуын түсіндіру.

-Аквариумде 3 балық болды, тағы бір балық әкеліп қостық. Неше балық болды? 3+1=4. Бүгін біз 4 санымен танысамыз.

4 санын көрсетіп, тура және кері санау. 4-тің алдындағы сан ұғымын түсіндіру.

-3қоянның қасына тағы да бір қоян келіп қосылды. Неше қоян болды? 3+1=4. Төрт қоянның біреуі қашып кетті, нешеуі қалды?

4-1=3.

-Ал, балалар қояндар нені жақсы көреді?

-Сәбізді.

Сәбіздерді пайдаланып 4 санының пайда болуы мен 4-тің алдындағы сан ұғымы қайталанылады.

-Қане, бәріміз төрт таяқша санап шығарайық.

Таяқшалар арқылы 4 таяқшадан әр түрлі пішіндер құрастырайық.

-Пішіндер неге ұқсайды балалар?

-шаршыға, «ш» дыбысына.

-4 саны неге ұқсайды?

- төңкерілген орындыққа.

-Ал балалар, осы жөніндегі Алмастың тақпағын тыңдап көрелікші.

Іздегендер табады,

Зер салса егер мынаған.

Тура «4» боп қалады,

Орындықтар құлаған.

Дәптермен жұмыс:

Үзік сызықтарды бастырып, 4 цифрын жаздыру.

Сергіту сәті:

1, 2, 3- ал кәнеки ұш,

4, 5, 6, 7- мынау ауыл шеті.

8, 9, 10- ал, кәнеки қон!

Тақтамен жұмыс:

Тақтадағы суреттер бойынша заттың атын атап, санау.

4балық, 4 ат, 4 доп.

«4» санына байланысты түсініктер беру:

4 түлік мал (атап өту), 4 жыл мезгілі (атап өту), шаршының

4 қабырғасы, машинаның 4 дөңгелегі, т. б.

4 санының құрамын дөңгелектер арқылы толықтыру.

4 санына байланысты есептер шығару.

3қоянға 1 қоянды қосқанда 4 қоян болады.

2 түлкіге 2 түлкіні қосқанда 4 түлкі болады.

1 кірпіге 3 кірпіні қосқанда 4 кірпі болады.

-Қане балалар, қарындаштың тапсырмасын орындайық.

Төрт түрлі- түсті қарындашымызды шығарайық. Қандай түстер екенін атап өтейікші.

-Көк, қызыл, сары және жасыл.

Тиісті түспен шаршыларды ретімен бояу.

Ойын: «Өз орныңды тап»

Шарты:балаларға 0ден 4ке дейінгі кеспе сандарды омырауларына тағамыз. Ретсіз араласып тұрады. Балалар ретимен қатарға тұруы керек, қатардағы орнын атауы керек.

III. Қорытынды.

- Балалар, біз бүгін қандай санмен таныстық?

«4» санының құрамын қайталау.

IV. Балаларды мадақтау.


Ұқсас жұмыстар
2 саны мен цифрын меңгертуге арналған инновациялық ойын сабақ жоспары
Даярлық сыныпта 5 саны мен цифрын қайталау: ашық сабақтың презентациясы мен жоспары
1-сынып математика сабағы: 8 саны мен цифрын таныстыру
Кіші жастағы балаларға арналған сабақ-конспект: 4 саны мен цифры
Мектепке дейінгі жастағы балаларды бастапқы азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге арналған сабақ жоспары
Тоғызқұмалақ ойынын таныстыруға арналған 4 «а» сыныпқа сабақ жоспары
Көктемгі орманға саяхат: мектепке дейінгі балаларға арналған сабақ жоспары
Мектепке дейінгі ұйымға арналған сабақ жоспары: Қысқы орман тіршілігі мен қыстық табиғат
4-6 жастағы мектепке дейінгі балалардағы агрессивтілікті түзету және дамытуға арналған психокоррекциялық бағдарлама
Мектепке дейінгі тәрбие: қуыршақты серуенге шығару сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz