К дыбысы мен әрпі жайлы ақпарат

Қарағанды облысы Шет ауданы, Батық ауылы
«Батық орта мектебі»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Мухаметкаримова Гульмира Еркинкызы
Сыныбы: 1 сынып
Пәні: сауат ашу.
Сабақтың тақырыбы: К дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. К дыбысы және әрпімен таныстыра отырып, дауыссыз
дыбыс екенін ұғындыру, сауатты жазуға, дыбыстық
талдау жасай білуге үйрету.
2. Оқу, жазу, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік
қорын, сөйлеу мәнерін, байланыстырып сөйлеу дағдыла-
рын байыту.
3. Әсемдікке, еңбекқорлыққа, өзара жағымды қарым-қаты-
насқа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, тадау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сөздер, әріптер, кітап, тақпақтар, жұмбақтар.
Пәнаралық байланысы: өзін өзі тану, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-түгендеу;
-сабаққа дайындықтарын тексеру;
1. Психологиялық дайындық.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Жалқаулықты тастайық,
Сабағымызды бастайық.
ІІ. Өткен сабаққа шолу.
1. «Миға шабуыл» стратегиясы.
-Дыбыс деген не?/естиміз, айтамыз/
-Әріп дегеніміз не?/көреміз, жазамыз, айтамыз/
-Дыбыс нешеге бөлінеді?/дауысты, дауыссыз/
-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?/созылып/
-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?/қысқа/
2. Үй тапсырмасы: 64 беттегі мәтінді оқу.
3. Балалар, бізге бүгін қонаққа Қожанасыр келіпті. Қожанасыр деген кім ?
-Қожанасыр, балалар, әңгіме-ертегілердің күлдіргі кейіпкері.
Қожанасыр өзімен бірге көп тапсырмалар ала келіпті. Бірінші тапсырманы орындап көрейік.
Балалар, Қожанасырдың қоржынында әріптер бар. Сол әріптерді атап, қандай дыбыс екенін айтып беріңдерші. /А, Р, О, Л, Ш, С, У, Ы, Д, Т, М, Н, Ң, Ғ, Ж, І, Ә, Ө, Қ/.
Жарайсыңдар, балалар, енді мына Қожекеңнің қоржынындағы екінші тапсырманы көрейік. Мына сөздерге талдау жасап көрейік.
Қанат, тамақ, шанышқы, қуырдақ, қатық.
ІІІ. Жаңа сабақ.
-Ал, балалар, енді бізге қонаққа Алдар Көсе келіпті. Алдар Көсені танисыңдар ма? Қайдан?
Алдар Көсе, балалар, қазақ ертегілерінің ақылды айлакері, яғни ол байларды, сараң адамдарды өз ақылдығымен алдайды.
Алдар Көсенің де өзімен бірге әкелген тапсырмалары бар екен. Алдар Көсенің қоржынында не бар екенін көрейік.
Мұғалім:
Табасың көріктен, көліктен,
Ағаш басындағы өріктен.
Қай әріп екен ол,
Ойланып көрші сен?/ К/.
- Олай болса, балалар, бүгінгі бізге келетін жаңа әріп К дыбысы мен әрпі.
1/ К деп 3 рет айтамыз.
2/ К қандай дыбыс?
3/ Оны қайдан білдіңдер? Неге?
4/ Мына суретте берілген сөздерді атау, неше буыннан тұрып, К әрпі қай буында тұрғанын айту. Оларға дыбыстық талдау жасау. /Неше буын, неше дауысты, неше дауыссыз К әрпі қай буында тұр/.
5/Енді, балалар, К әрпінен басталатын сөздерді өздерің айтып көріңдерші.
6/К әрпінің баспа, жазба түрлерімен таныстыру.
7/К әрпі қандай әріпке ұқсайды?
ІҮ. Сергіту сәті.
Қоян шықты далаға,
Жан-жағына қарады.
Секірді, жүгірді,
Отырды, тұрды.
Қайтіп үйіне кірді.
Ү. Жазба жұмысы.
- Сонымен, балалар, К әрпінің мынау баспа түрі, ал мынау жазба түрі. Енді К әрпін әдемі етіп жазайық.
ҮІ. Оқулықтың екінші бетімен жұмыс.
- Балалар, оқулық қалай аталады?
- Иә, дұрыс айтасыңдар «Әліппе».
- Балалар, бізде Қожанасыр мен Алдар Көсеге дайындаған тосынсыйымыз бар ғой. Айтайықшы бәріміз. /Әліппе туралы тақпақ хормен айтылады/.
Іші толы әріпке,
Жақсы кітап әліппе.
Әліппені аламыз,
Мектепке біз барамыз.
Әріптерді жаттаймыз,
Есте мықты сақтаймыз.
Ұмытпаймыз бірін де,
Атын, затын түрін де.
- «Көл жағасында» мәтінінің 1 абзацын тізбектеп оқып. Кісі аттарын атау, неге олар кісі аттары екенін анықтау және қандай әріптен басталатынын айту.
2. Та са ла шыл шын сыр тақ ға буындарымен сөздер құрастыру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz