Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Жай сөйлем түрлерінен өткенді қайталау. 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлем түрлерінен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
1.Жай сөйлем түрлерінен алған білімдерін тиянақтау,қайталау;
2.Ана тілінің қадір-қасиетін түсініп,құрметтеуге баулу;
3.Ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу,өз ойын еркін жеткізуге білуге дағдыландыру.
Сабақтың әдісі:ұжымдық ойлау әдісі
Сабақтың түрі:жарыс сабақ
Пәнаралық байланыс:әдебиет,ағылшын тілі,орыс тілі
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,слайд материалдары,жетондар
Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру
ІІ.Жаңа сабақ.1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
2.Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді.Сайыс 6 турдан тұрады.Жауап берген оқушы жетонмен бағаланады.Сайыс соңында жетон саналады,қай топ көп жетон жинаса,сол топ жеңімпаз болады.
І тур.Бәйге.Әр топқа 10 сұрақ беріледі.
І-топ.
1.Бастауышты мүлдем керек етпейтін сөйлем қалай аталады?
2.Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
3.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата.
4.Көбіне одағай қатысатын сөйлем түрін ата.
5.Жайылма сөйлем дегеніміз не?
6.Қандай сөйлемді жалаң сөйлем деп атаймыз?
7.Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемнің түрі
8.Толымсыз сөйлем дегеніміз не?
9.Тұрлаусыз мүшелерді ата.
10.Сөйлем дегеніміз не?
ІІ-топ.1.Адамның көңіл-күйін білдіретін сөйлемді не дейді?
2.Сөйлем мүшесіне талданбайтын сөйлем.
3.Жақсыз сөйлем дегеніміз не?
4.Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
5.Сөйлем құрылысына қарай неше түрге бөлінеді?
6. <<Инемен құдық қазғандай>> тіркесінің мағынасы қандай?
7.Толымды сөйлем дегеніміз не?
8.Сөз таптарын ата.
9.Тек бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем.
10.Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?
ІІ тур.Графикалық диктант.
І-топ.
1.Кәрі түлкі қақпанға түспес.
2.Еңбек адамның бағын ашады.
3.Адал досың алтыннан қымбат.
ІІ-топ.
1.Талапты ерге нұр жауар.
2.Қайтып кірер есікті қатты жаппа.
3.Мақтаншақ бар ақылын мақтанумен тауысады.
ІІІ тур.Бөшкедегі басқатырғылар.
І-топ.
1.Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыр. Қар жауды.
2.Сөйлем мүшесіне талда. Еңбектің наны тәтті,жалқаудың жаны тәтті.
3.Берілген сөзді баяндауыш етіп жақсыз сөйлем құра. Кешігуге болмайды.
4.Бұл қандай сөйлем? Өзеннен балық аулаймыз.
ІІ-топ.
1.Бұл қандай сөйлем? Таң мезгілі.
2.Толымсыз сөйлемге мысал келтір.
3.Берілген сөзді бастауыш етіп сөйлем құра. Ақын.
4.Бұл қандай сөйлем? Баяндауышы қай сөз табынан жасалған? Мақта-аса бағалы өсімдік.
ІV тур. Әскери калейдоскоп.
1.Мәңгілік өмірді аңсаған күйші? /Қорқыт/
2.85 тараудан тұратын <<Құтты білік>> кітабының авторы /Жүсіп Баласағұн/
3. <<Нұхтың кемесінің түбін тышқан тесіп қояды.Тесіктен кемеге су кіреді.Сонда Нұх: <<Кімде-кім тесікті бекітсе,тілегін орындаймын>>,-дейді.>> Бұл кімнің шығармасы? /Рабғузи/
4.Абай бала кезінен кімнің ертегі-әңгімелерін тыңдап өсті? /Әжесі Зере,анасы Ұлжан/
5. <<Баяғы заманда бір патша құлымен жүзіп келе жатады.Бұрын кемеге мініп көрмеген құлы қорқып,жылай бастайды.Оны ешкім жұбата алдмайды.>> Бұл кімнің шығармасы?Шығарма қалай аталады? /Сәйф Сараи. <<Түркіше Гүлстан>>/
6.Арыстан баб Қожа Ахметке табстайтын құрманы неше жыл сақтаған? /600 жыл/
7.Ахмет Иассаудің қанша шәкірті болған? /90 мың/
8.Сақтардың жазуы неше әріптен тұрады? /26 әріптен/
9.Зар заман ақынын ата. /Шортанбай Қанайұлы/
10.Өте көне замандарда өмір сүрген түркілердің көсемі? /Алып Ер Тұңға/
V тур. Полиглот.
1.Есек құлақты,
Мысық аяқты.
Түйе ерінді,
Ешкі құйрықты. /қоян,заяц,rabbit/
2.Мұрты бар,сақалы жоқ,
Тоны бар,шапаны жоқ. /мысық,кот,cat/
3.Жаздай інге тығылған,
Жатқан қызыл түлкіні,
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. /сәбіз,морковь,carrot/
4.Қарап тұрсаң өзіне,
Сурет түсер көзіне.
Ол суретің ұқсайды,
Дәл қазіргі өзіңе. /айна,зеркало,merror/
5.Сырт-сырт соғады,
Уақыт озады. /сағат,часы,clock/
6.Сөз дана,үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң- шешен,
Ақылы асқан көсем. /кітап,книга,book/
VІ тур. Ғажайып тіл.
Берілген тақырыптар бойынша мәтін жазу.
<<Әдептілік - әдемілік>>, <<Тәуелсіздік - тұғырым>>, <<Маңғыстау - киелі жұрт>>, <<Елін қорғау - азамат парызы>>, <<Қызықты кітап>>, <<Қыс қызығы>> тақырыптары.
Қорытындылау. Ұпай санын есептеу.Жеңімпаз топты анықтау.
Үй тапсырмасын беру.79-жаттығу.
Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz