Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Еліміздің болашағы - білімді жастар
<<Зырян қаласының №9 орта мектебі>> КММ
<<Еліміздің болашағы - білімді жастар>>
Тарихи-танымдық ойын
Өткізген: тарих пәні мұғалімі: Азылханова А.Б.
Зырян қаласы.
2013-2014 оқу жылы.
<<Еліміздің болашағы - білімді жастар>>
Тарихи-танымдық ойын
Мақсаты: Оқушылардың тарихи-танымдық білімдерін шыңдау. Отанымыздың басынан кешкен тарихи оқиғаларды, сан жылдар бойы еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы тұлғаларымыз туралы алған білімдерін анықтап, елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық сана, рухтық қасиеттерін қалыптастыру, интеллектуалдық білімдерін шыңдау.
Көрнекілік: Слайд
Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Тауды биік деме сен
Талаптансаң шығарсың
Жауды мықты деме сен
Білімді болсаң жығарсың - дегендей бүгінгі <<Еліміздің болашағы - білімді жастар>> атты тарихи-танымдық ойынымызды бастайық. Бұл білім сайысына 8,9,10-сынып оқушыларынан құралған 3-топ қатысқалы отыр. Және әділқазылар алқасы.
Ойын барысы:
1. Топты таныстыру
2. "Сұрақ - жауап" сайысы
3. Жұмбақ жылдар
4. Жұмбақ оқиғалар
5. Жұмбақ кейіпкерлер
6. Полиглот
7. Топ басшылары сайысы
9. Қорытындылау, марапаттау
1-бөлім. Таныстыру. Топтың аты, ұраны, мақсаты (5 ұпаймен бағаланады)
2- бөлім Сұрақ - жауап сайысы (әр топқа 10 сұрақтан қойылады, 1 ұпайдан бағаланады)
1-топ сұрақтары:
* Елбасының "Қазақстан 2030" жолдауының жарыққа шыққан уақыты:
* Еліміздің астанасы тұрған өзен ?
3. 1989ж. 28 ақпанда Алматыда құрылған антиядролық қозғалыс?
4. ҰОС-на қатысқан қазақтың қаһарман қыздары ?
5. Т.Әубәкіровтың ғарышқа ұшқан уақыты?
6. Қазақстан ЕҚЫҰ-на қай жылы төрағалық етті?
7. 1992-ж. 4-маусымда қандай оқиға болды?
8. Абылайдың шын аты ?
9. ҚР-ның туының авторы кім?
10. <<Асар жасау>> дәстүрі нені білдіреді?
2-топ сұрақтары:
1. <<Абай жолы>> романының авторы ?
2. Ақмолаға Астана атауы берілген жыл?
3. Шыңғысханның заңдар жинағы қалай аталады?
4. "20-ғасырдың Гомері" атанған ақын ?
5. Қазақ хандығының негізін салушылар кімдер?
6. <<Оян, қазақ!>> өлеңдер жинағының авторы?
7. Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?
8. Жас кезінде <<Сабалақ>>атанған хан ?
9. Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті
10. Қазақстан қай жылы БҰҰ-на мүше болды?
3-топ сұрақтары:
1. ҚР-ның елтаңбасының авторлары ?
2. <<Алтын адам>> табылған жер ?
3. Абылай хан жерленген қала?
4. <<Аз и Я>> кітабының авторы ?
5. Ноғай Ордасының астанасы қай қала?
6. Астана қаласының символы ?
7. Қаракерей Қабанбайдың шын есімі?
8. Халықтардың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін зерттейтін ғылым?
9. 1999 - жылдың тарихи атауы?
10. Алматы қаласының бұрынғы аты?
3 - бөлім
"Жұмбақ оқиғалар" сайысы. Берілген оқиғалардың атын атауы қажет.
Әр дұрыс жауап 2 ұпай.
1 топтың жұмбақ оқиғасы:
1219-жылы Шыңғысханның ұзын саны 150 мыңға жуық қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгедей бастаған түмендер қаланы қоршауға алады. Бірақ бұл қала жауға оңайлықпен берілмей 6 ай бойы қорғанады.Тек Хорезмшах көмекке жіберген Қараша-хажиб монғолдарға беріліп, қақпаны ашқаннан кейін қала жеңіліске ұшыраған. Бұл қай оқиға?
2 топтың жұмбақ оқиғасы:
Бұл оқиғаның қазақ халқына тигізген зардабы, қайғы-қасіреті, аштығы мен қайыршылық халге душар етуі өте-мөте ауыр болды. Мың-мыңдаған адам қырылды немесе тұтқынға айдалып кетті. Жүздеген, мыңдаған ауыл қаттты күйзеліске
ұшырап, мал-мүлкі талан-таражға түсті, бір кезде гүлденген қалалар жау
қолында қалып, аяусыз қиратылды. Қазақтар басынан кешірген сол сол ауыр
қайғы-қасіреттің символы болған мұңлы,зарлы ән дүниеге келді.
3 топтың жұмбақ оқиғасы:
Көтеріліске қатысушы Жәмеңке Мәмбетов 78 жаста. Иванов болысында 1830 -
жылы туған. 27 жыл болыс болып ел билеген. Қыстауы Үлкен Қақпақ,
жайлауы Ақбейіт тауы. "Берсек бала өледі, бермесек шал өледі, бала өлгенше
шал өлсін, адам бермейміз" - деген сөзі ауыздан ауызға тарап, аңызға
айналды. Ұлық алдында қаймығуды, сескенуді білмеген тапқыр, кемеңгер болған.
4 - бөлім
"Жұмбақ кейіпкерлер" сайысы. Бұл қай кейіпкер? Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
1 топ.
Қазақ хандығының күшейіп, жер аумағын ұлғайтуға барынша тырысып баққан, халықтың "ақ", "адал", "хақ" деген құрметіне ие болған хан. Ол кім?
2 топ.
Абылайдың ең жақын кеңесшісі, әрі сенімді серіктестерінің бірі болған жырау және қазақ шежіресінің білгірі кім?
3 топ.
30 жыл қысқа өмірінде тарихи-этнографиялық материалдар жинап, артында <<Қырғыз туралы жазбалар>>, <<Ыстықкөл күнделіктері>> деген еңбектерін қалдырған әйгілі ғалым?
5 - бөлім "Жұмбақ жылдар" сайысы. Жылдар жазылып берілген. Әр топ сол жылдарда болған оқиғаларды атауы қажет. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
1-топ:
1. 1773-1775 жж. 2. 1465-66 жж. 3. 1993 ж 15 қараша. 4.1986 ж 16 желтоқсан
2-топ:
1. 1917-ж. қазан 2. 1991ж. 21-желтоқсан 3. 1837-1847жж. 4. 1995ж 30 тамыз
3-топ:
1. 552-603жж. 2.1731-ж. ақпан 3.1992ж 2 наурыз 4.1916ж. 25-маусым
6-бөлім Полиглот
1- топ Дүниеге келген жас нәрестенің құлағына азан шақырып (ат, имя, name) қояды.
2- топ Әрбір іске кірісер алдында, жасы үлкен адамның екі қолын жайып оған жақсы тілек білдіруі (бата беру, благословение, blessing)
3- топ Жігіттің ата-анасының ұзатылатын қыздың үйіне бару дәстүрі (құда түсу, сватовство, matchmaking)
7 - бөлім "Топ басшылары" сайысы
Шарты: Сұрақ-жауап, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан.
* 1-топ
* 1. Кіші жүздің атақты биі
* 2. Наурыз мерекесінде жасалатын ұлттық тағам
* 3. Қазақ қалыңдығының басына киетін бас киімі
* 4. Ежелгі тас дәуірінің атауы
* 5. Абай Құнанбаевтың шын аты
* 2-топ
* 1.1783-1797ж.ж.Кіші жүзде болған көтерілістің басшысы
* 2. Қазақ қыздарының шаштарына таққан ұлттық бұйым
* 3. Ш.Уалихановтың дүниеге келген жері
* 4. Алтын Орданың негізін қалаған хан
* 5. Киіз үй жабдығы
* 3 - топ:
* 1920-1924жж. Қазақ КСР астанасы болған қала
* 2. 1916жылғы 25-маусым Жарлығы?
* 3. Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақстандық қаһарман
* 4. <<Ленинградтық өренім>> атты жырдың авторы
* 5. 1964-1986ж Қазақстанды басқарған басшы
Қорытындылау. "...Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп
алу жеткіліксіз, оны табанды түрде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет..." Н.Ә. Назарбаев.
Жеңімпаздарды марапаттау. Қатысушыларға алғыс.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz