7-А сыныпқа арналған ашық сабақ: Шеңбер және оның элементтері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ РАЙЫМБЕК АУДАНЫ НАРЫНҚОЛ АУЫЛЫ

«Тельман Жанұзақов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ашық сабақтың тақырыбы:

«Шеңбер және оның элементтері»

Пән иесі: Қонысбаева Г. Т.

Сыныбы: 7А

Нарынқол 2014

Күні: 20. 02. 2014ж

Сабақтың тақырыбы: Шеңбер және оның элеметтері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шеңбер ұғымымен, элементтерімен, сызбасымен, белгіленуімен,

диаметрін табу формуласымен таныстырып, есептерін шығаруды үйрету.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке, сауаттылыққа, мақсатқа жете білуге,

бірізділікке және салыстыра білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін, теориялық

білімін практика жүзінде қолдана білуге, электрондық оқулықпен

жұмыс жасай білуге, циркульдің көмегімен шеңбер сыза білу дағдыларын дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты игерту.

Пән аралық байланыс: геометрия, өмірмен байланысы

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, түсіндірмелі, практикалық, электрондық оқулықпен

жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық, дөңгелек

формалы шаблондар, циркуль, сызғыш, жіп.

Сабақтың өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа қажетті құралдарды дайындату, сынып тазалығына көңіл бөлу.

ІІ. Бүгінгі сабақтың мақсаты - шеңбер ұғымымен, оның элементтерімен, сызбасымен, сондай-ақ электрондық оқулықпен жұмыс жасауды үйреніп, есептерін шығаруға, циркульдің көмегімен берілген шеңберді сызуға дағдыланасыңдар.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. (электрондық оқулықпен түсіндіремін. )

Анықтама . Жазықтықта берілген нүктеден бірдей қашықтықта жататын нүктелердің жиынын шеңбер дейміз.

Анықтама. Шеңбердің центрін оның бойындағы кез келген нүктемен қосатын еесіндіні шеңбердің радиусы деп атайды.

Анықтама. Шеңбердің бойындағы кез келген екі нүктені қосатын кесіндіні оның хордасы деп атайды.

Анықтама. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорданы диаметр деп атайды.

Анықтама. Бірдей қасиеті бар нүктелерден тұратын фигураны нүктелердің геометриялық орны деп атайды.

Анықтама . Шеңбердің екі радиусының арасындағы бұрышты центрлік бұрыш дейміз.

ОА радиус. ОА=R. ОВ=R. R - радиус. (оқылуы «эр»)

<АОВ - центрлік бұрыш.

АВ доғасы АВ хордасына сәйкес доға немесе АВ хордасына керілетін доға деп аталады.

АС - диаметр. D=R+R=2R

Диаметрге керілетін доғаны жартышеңбер дейміз.

Шеңберді циркульдің көмегімен сызамыз.

Ежелгі геометриялық құралдарға жататын циркульмен сызғыштың алғашқы пайда болғаны - сызғыш.

Рим ақыны Овидино(Іғ) циркульдің Ежелгі Грекияда жасалғанын айтқан.

I V. Жаңа сабақты бекіту. (есептер шығару)

  1. Электрондық оқулықпен жұмыс. Шеңбер тақырыбына берілген есептерді шешу.

  1. Оқулықпен жұмыс.

V. Жаңа сабақты қорытындылап, оқушыларды бағалау.

VІ. Үйге тапсырма. § 16 оқу. №232 есеп 75 бет. Реферат жазу


Ұқсас жұмыстар
Шеңбер және оның элементтері: сабақ жоспары
9-сыныпқа арналған ашық сабақ: Кальций және оның қосылыстары (педагогикалық технология элементтері)
Шеңбер элементтері, шеңбер мен түзудің өзара орналасуы және хордаға перпендикуляр диаметр теоремасы
Жиын және оның элементтері: бастауыш сыныпқа арналған дамытушылық сабақ жоспары
7-сынып информатика: Терезе және оның элементтері, файлдар, бумалар, жарлықтар
7-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары: Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
11 А сыныбына арналған информатика сабақ жоспарлары: есептегіш техника қауіпсіздігі, Visual Basic ортасы және оның негізгі элементтері
PowerPoint-та презентация жасау және оның қажеттілігі: 10-а сыныпқа арналған ашық сабақ-пікірсайыс
7 «А» сыныпқа арналған ашық сабақ: Paint редакторында үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
7 А сыныпқа арналған ашық сабақ: Табиғи қышқылдар мен негіздер, индикаторлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz