Сабақ жоспары :: Технология

Файл қосу

Өнерліге – өріс кең


Бекітемін: /Жайғалиева М.Қ/
Тақырыбы: Өнерліге –өріс кең

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың технология сабағынан үйренген білімдерін
көрсету, танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту.Эстетикалық талғамын
ұштап, өз беттерімен жұмыстана білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: сайыс

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, ой шақыру,

Өту барысы:

І. Топтар сәлемдесуі

ІІ.Шебердің қолы ортақ

ІІІ.Полиглот «Тіл - өнер» (берілген мақалдың сөзін тауып, қазақша, орысша,
ағылшынша айту)

ІY.Қызықты жетілік

Y. Кім шапшаң, икемді?

Сайысқа 6 сынып оқушылары қатысады. Тренинг арқылы топқа бөлу. «Конфеттер»

1-топ «Шебер» тобы, 2- топ «Өнер» тобы

Сайыстың қазылар алқасы таныстырылады.

1.Технология пәні: мұғалімі Қажымова Жайықгүл

2.Сынып жетекшісі: Бисенғалиева Айгүл

Сайыстың бірінші бөлімі бойынша топтар бір-біріне сәлем береді.

Іс тігетін ерінбей,

Жалқаулыққа берілмей.

Балаларымыз көрсетсін,

Қолөнерін күлімдей –демекші енді өнерпаздарымыз іс тіге білу шеберліктерін
көрсетеді, яғни балаларымыз түйме қадап көрсетеді.

«Тіл -өнер» бөлімі

1.Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің ............ алтын. (сөзі-слово- qold )

2.Шеберді жеңген .............. жоқ. (жұмыс-работа-work)

3Сабыр мен .................. бәрін де жеңбек.(еңбек-труд-labour )

4.Ақылдының саусағы ................. .(мың-тысяча- thousand )

5.Жеті рет өлшеп ........... рет кес.(бір-один- wane)

6. ............. тымақтың үлгісі,

Өнер еңбектің жемісі.(бас-голова- heard )

7.Олақ адам ............... жаға алмас.(от-огонь-fire )

8.............. өнері кілемде, сөз өнері өлеңде.(қол-рука- hand )

9.Әр жеген асқа, қажет екен ................ . (ақша-деньги-money )

10.Өнер көзі .................. .(халық-народ-

«Қызықты жетілік» бөлімі

Таңдаған пәні бойынша сұраққа жауап беру, яғни технология пәні басқа қандай
пәндермен байланыста болуы мүмкін?

География

Қазақстанда мақта қай жерде өсіріледі?

Тарих

Қазақ халқы байырғы уақытта ыдыстарды неге салған?

Қазақ тілі

Қолөнер сөзіне морфологиялық талдау жаса.

Орыс тілі

«Ердің атын еңбек шығарады» деген мақалды орыс тіліне аудар.

Математика

Киім өлшемін өлшеген кезде 152 см неше мм болып саналады?

Әдебиет

Басым көкке жетсін десең армандап,

Әр жұмысты біліп істе, қарма оңдап.

Барлық істі сарапқа сап істегін

Қисаппен қазынаңды үстегін – деген өлеңді кім жазды?(Ж. Баласағұн)

А)Келесі сайысымызда ер балалар өздерінің ептіліктері мен икемділіктерін
көрсету үшін үзбей, жұқалап картоп аршулары қажет. Ұпай саны әр топтағы
дұрыс аршыған оқушы санына сай беріледі.

Ә)Әр топтағы оқушылар өрім өрудің төрт өрімнен жоғары түрін көрсетулері
керек.

Қорытынды.

Қазылар алқасының шешімі, марапаттау.

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы

Егіндікөл ОЖББМ-нің ІІ санатты технология пәні мұғалімі

Нұрсұлтанов Қуанғали Шапқыұлы


Ұқсас жұмыстар
Қыз өссе елдің көркі
Сайысқа келген арулар кезектесіп
Суретке түсіру
Көктем аруы сайысы
Құлагер -Ақан трагедиясы
Жанұядағы ана мен қызы арасындағы қарым – қатынасты нығайту
Өнер өрге жетелейді
Біржан реферат
Өнеріміз сайыста
Бабалары еккен шынарды балалары саялап..
Пәндер