Сабақ жоспары :: Технология

Файл қосу

Ағаш материалдарының қасиеттері


Бекітемін: /Жайғалиева М.Қ/

Уақыты:10.09.2013 ж

Сыныбы: 5

Сабақ: 2

Сабақтың тақырыбы: Ағаш материалдарының қасиеттері

Сабақтың мақсаты: Халық өнерінің теориясы мен тарихын ескере отырып,
оқушылардың сұлулықты түсіну қабілетін дамыта отырып, эстетикалық тәрбие
беру

Білімділік мақсаты: ағаштарды түрлеріне қарай олардың қасиеттерін білу

Дамытушылық мақсаты: ойлау, қиялдау арқылы шығармашылық қабілеттерін,
әсемдік сезімдерін дамыту

Тәрбиелік мақсаты: табиғат сұлулығын, байлығын бағалай отырып, оларды
қорғай білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:таным сабағы

Сабақтың әдісі: миға шабуыл, түсіндіру, жеке, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суретті кестелер

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:жыңғыл бұталары, пышақ, зімпара қағаз

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, тарих, бейнелеу өнері

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа қатысын, құрал – жабдықтарын тексеру

ІІ. Қызығушылықты ояту Бейнеролик «Орманда» оқушылар бейнекөріністі көріп
болған соң, дәптерлеріне көрген ағаш түрлерінің атауларын жазады.

Сұрақ: Ағаштың қандай пайдасы бар? Ағаш-жиһаз, баспана, сая, даланы ,
егістікті желден, суықтан қорғайды т.б

ІІІ.Мағынаны тану

Ағаш-табиғаттың тамаша туындысы.Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай
деп атаған. Орман-тоғай –жан-жануарлардың, құстар мен жәндіктердің өмір
сүретін ортасы. Тоғай ертеде адамның негізгі тұрақ жайы. Алғашқы адамдар
ағашты тіршілігіне қажет материал ретінде пайдаланған. Мысалы: олар аң
аулауға қажет құрал-саймандарды аша таяқ, үшкір(ағаш, найза,қада, жебе т.б)
ағаштан жасады.

Ағаш табиғатта өте жиі кездесетін өсімдіктердің бірі болғандықтан, адам
өміріне тигізетін пайдасы көп, алар орны да бөлек. Ағашсыз құрылыс өз
жұмысын бастай алмайды.Күнделікті тұрмыста қолданылатын заттардың көбісін
осы ағаштан жасайды. Басқа шикізаттарға қарағанда әр түрлі мүліктер жасауға
да өте қолайлы, тез өңделетін жұмсақ, жаскүйінде былқылдақ, июге, тоқуға,
ойып шабуға келгенде теңдесі жоқ материал.

Емен, қайң, терек ағаштары тұрмыста кеңінен пайдаланылса, қызыл қайыңды
жақсы табиғи суреттері болғандықтан үй мүліктерін жасауға қолданған.

Алма, акация, ырғай, алмұрт ағаштарын қолөнер жұмыстарына пайдаланған.
Алма мен жаңғақ ағаштарынан-кебеже, сандық, жүк аяқ, қобдишалар жасаса,
тал, қарағай, алма, арша, ағаштарын саз аспаптарын жасауға, терек, қарағай,
үйеңкі, емен секілді ағаш түрлерін көлемді құрылыс қажеттеріне керекті
бұйымдар жасауға пайдаланған.

Ағаш өңдеу өнерінде шеберлер көп құрал-саймандарды қажет етпеген. Олар
темір ара, балта, шапа-шот, бұрғы секілді негізгі қарапайым құралдарды
пайдаланған.

Халық шеберлері, ұсталары ағаштан тек үй тұрмысына қажетті бұйымдарды
ғана жасап қоймай, оларды әшекейлеуді, безендіруді, көркемдеп қашауды,
шабуды және ағаш бетіне нақышты өрнектер салуды шебер игерді.

Біздің ауылымыздың географиялық орны таудың етегінде орналасқан.
Айналамыз сулы жер, орман-тоғайларымыз бар. Ағаш түрлерінен – аққайың,
көктерек, қарағай кеңінен өседі. Біз өткен сабағымызда топ серуенге шығып
ауыл ішіндегі бақтарды аралап, зер салып қарай жүріп белгілі бір танымдық
дүниелерге ұқсайтын ағаш бұталарын жинап әкелген болатынбыз. Енді сол
бұталармен жұмыстанамыз.

ІY. Сарамандық жұмыс, қауіпсіздік ережесін еске сақтай отырып,
жұмыстанамыз.

Қолдарыңыздағы бұталардың артық жерлерін кесіп немесе егей отырып, өңдеу
арқылы алғашқы қалпына біраз өзгерістер енгізуге тырысамыз.

Y.Ой толғаныс

«Бес жолды өлең» Кім қандай бейнелер әкелді? Нелерге ұқсатты? Алғашқыда
қандай еді, соңғы кейпі неге ұқсады?(әр оқушы бұталарды өңдеп, қандай аң-
құстарға ұқсатып шығарғандарын баяндап, сол бейнеге арнап бес жолды өлең
құрастырады)

Ең сәтті, ең әдемі құрастырылған жұмыстар, өлеңдер мадақталып
бағаланады.

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы

Егіндікөл ОЖББМ-нің ІІ санатты технология пәні мұғалімі

Нұрсұлтанов Қуанғали Шапқыұлы


Ұқсас жұмыстар
Ағаш материалдарының түрлері және қасиеттері
Желімдеу технологиясы
Ағаш желімдеу
Ағаш өңдеуге арналған қазіргі заманғы технологиялық машиналар
Технология (ұл балаларға арналған) 9-сынып
Асбест цементті бұйымдар
Ағашты желімдеу
Жоғары молекулалы қосылыстар жөнінде түсінік. Полимерлер
Синтетикалық үлкен молекулалы заттар және олардан алынған полимерлер
Термиялық принтірлердің баспа технологиясы
Пәндер