Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықшаны қолдану: бастауыш сыныптарға арналған сабақ жоспары

Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Жезді аралас мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі Сейтмағанбетова Динара Зейнельхабденқызы.

Тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

Мақсаты: 1. Оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу,

таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.

2. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз ойын тез, әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

3. Оқушыларды өз ана тілін сүюге, құрметтеуге, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: бекіту

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, сипаттау, ойын

Көрнекілігі:интерактивті тақта, тест, кестелер,

дидактикалық материалдар.

Сабақ барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі

2 Үй жұмысын тексеру:169-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз. Зат есімдерден болған Баяндауыштардың астын сыз. Оларға қандай сұрақ қойылады? Жаттығуда аты аталған адамдар туралы білетініңді әңгімеле.

Шерхан Мұртаза - халық жазушысы. Нұрпейіс Байғанин-ақын. Күләш Байсейітова-атақты әнші.

3 Сатылап талдау (Оразақынова әдісі бойынша)

Тұрлаулы мүшелер: Тұрлаулы мүшелер

Бастауыш

Сұрағы

Баяндауыш

Сұрағы

2-де зат есімнен болса сызықша қойылада

4 Каллеграфиялық жұмыс.

5 Оқулықпен жұмыс: 170-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Бастауыштан кейін сызықшаны қойып көшіріп жаз.

Отан- туған үйіміз

Отан- туған жеріміз

Отан-ортақ үйіміз

Көңілді ән мен күйіміз

Баяндауыштарды тап, оларға сұрақ қой.

6 Сергіту сәті:

Торғай-торғай тоқылдақ

Жерден тары шоқып -ап

Бөтегесі томпайып

Шиқ-шиқ етіп отырмақ .

7. «Менің бағытым ойын» ойын ойнау

1 Оқушы биледі

2 Әнші өсті

3 Балалар оқыды

4 Гүл шырқады

5 Биші ұшты

6 Ұшақ жүзді

7 Кеме ойнады

8. Оқулықпен жұмыс: 174-жаттығу. Көп нүктенің орнына бастауыштарын қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

. . . аттанды . . . сауылды . . . сабақ оқыды . . . тегістелді . . . орындалды.

Керекті сөздер: сиыр, тапсырма, жер, Жанар, жолаушылар.

9. Слайд. Өлеңді жатқа жаз. Бастауыштың астын бір рет, баяндауыштың астын екі рет сыз.

Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін

Көк майсасын төседі.

10 Қорытынды: Тест

1 Кім?не?кімдер?нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгімүшесін:

А) Зат есім Ә) Бастауыш Б) Баяндауыш

2 Қандай жағдайда сызықша қойылады?

А) Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса

Ә) Бастауыш та, баяндауыш та етістіктен жасалса

Б) Бастауыш та, баяндауыш та сын есімнен жасалса

3 Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді:

А) Сөз таптары дейміз Ә) Сөйлем мүшелері дейміз Б) Сөз дейміз

4 Баяндауыштың сұрақтарын тап:

А) Кім? Не?кімдер?нелер? Ә) Қандай?қай? Б) Не істеді? Не қылды? Қайтты?

5Бастауыштың іс-қимылын білдіретін сөді тап:

А) Етістік Ә) Зат есім Б) Баяндауыш

6 Бастауыштың сұрақтарын тап:

А) Қандай?қай? Ә) неше?нешіші? Б) Кім? Не?кімдер?нелер?

10 Венн деограмасы.


Ұқсас жұмыстар
Баяндауыш пен бастауыш арасындағы байланыс: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаны оқыту: 8-сыныптық сабақ жоспары мен талдауы
Сөйлем мүшелері: бастауыш пен баяндауыш - әдістемелік сабақ жоспары
8-сынып: Тұрлаулы мүшелер - бастауыш пен баяндауыш
6-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Қазақтың дастарқаны және бастауыш пен баяндауыш
3-сынып қазақ тілі: Тұрлаулы мүшелер (бастауыш пен баяндауыш) - сабақ жоспары мен 172-175 жаттығылар
Әдептілік пен сыпайылыққа тәрбиелеу: бастауыш сыныптарға арналған сабақ жоспары
Бастауыш сыныптарға арналған сабақ: Көптаңбалы сандарға амалдар қолдану (тематикалық жылқы әлеміне саяхат)
Сабақ жоспары: 9-сынып - Сөздердің стильдік түрлері және экспрессивтік-эмоционалды лексика; 8-сынып - Баяндауыш түрлері мен бастауыш-баяндауыш байланысы және бағалау критерийлері
Бастауыш-баяндауыш сызықшасы және сөйлем құрылымдарының мысалдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz