Сабақ жоспары :: Сурет, сызу
Файл қосу
Пропорция туралы түсінік
Бейнелеу өнері
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: Пропорция туралы түсінік.
Таңғажайып жануарлар.
Әшекейлі ойыншық пропорциясы.
Білімділік мақсаты: Оқушыларға пропорция туралы түсінік беру.
Жануарлардың, ойыншықтардың, мультфильм кейіпкерлерінің пропорциялық ерекшеліктерімен таныстыру.
Дамытушылығы: Ойыншық долбарын жасау кезінде, оқушылардың бейнелі ойлау, қол икемділігі, пропорциямен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастырып дамыту.
Тәрбиелігі: Ойыншық бөліктерін сәйкестендіру арқылы пішіндерінің айырмашылығын байқауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, еңбек.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сурет салу, кітаппен жұмыс, топтық жұмыс, құрастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар: оқулықтағы суреттер,"сергіту сәті",
"Құрастыру".
Қажетті құралдар: Ақ қағаз, қарындаш, түрлі түсті бояулар, желім, т. б.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
а) Амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын белгілеу.
ә) Күннің жадын белгілеу.
б) Оқу құралдарын тексеріп, назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
а) Оқушының сурет альбомын қарап, бағалау.
ә) Өтілген тақырыптан негізгі ұғымдарды еске түсіру
Композицияның басты бөлігін қалай айқындауға болады?
Сұрақ - жауап әдісі.
3. Жаңа сабақ.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Балаларға қате жерлерді түзету ұсынылды. Түзетуден кейін суреттерге қара.
- Міне, енді піл пілге, қоян қоянға, сусиыр сусиырға ұқсайды, бұл неліктен?
- Себебі сендер бұл жануарлардың өздеріне тән пропорцияларын орнына келтірдіңдер. Яғни, пропорция деген, ол тұтас дене мен оның бөліктерінің қатынасын және бөліктердің өзара қатынасын білдіреді.
Суретке қарасақ, пілдің құлағы басынан үлкен, ал сусиырдың құлағы керсінше басынан кіші - бұл олардың пропорциялық ерекшеліктері. Әрбір заттың, әрбір жанды дененің өзіне тән лайық пропорциясы болады. Оған көзімізді жеткіздіңіздер, тіпті менің қателерімді түзеттіңіздер. 64 - 67 беттердегі материалмен жұмыс жасаймыз. Жануарлардың, құстардың, мультфильм кейіпкерлерінің фотосуреттерін тамашалап, олардың пропорциясының ерекшеліктері туралы айту. Суретшілер ойша немесе натурадан сурет салған кезде бейнеленетін дененің пропорцияларын дәл беруге тырысады. Ал, ойыншық долбарын немесе иллюстрация жасаған кезде пропорцияны сақтамайды. Керісінше, оның жасаған кейіпкерлері мен ойыншықтары қызықты, ерекше ойда қалатындай болуы үшін, пропорцияларын өзгертіп, әсерлі варианттар іздейді. 68 - 71 беттегі жауап беру.
4. Топтық жұмыс.
Үш топқа карточка таратылады. Ондағы берілген тапсырма бойынша үш қатар сурет салады. Жұмысты аяқтаған соң, балалар суреттерді салыстырып қай жұмыс әсерлірек шыққанын анықтайды.
5. Өзіндік жұмыс.
Геометриялық фигуралармен жұмыс. Фигураларды пайдаланып, түрлі бейнелердің суретін салу.
6. Сергіту сәті.
Мынау - сары қарындаш,
Мұнымен күнді бояймын.
Мынау - қызыл қарындаш,
Мұнымен гүлді бояймын.
Мынау - жасыл қарындаш,
Мұнымен жерді бояймын.
Мен суретші боламын
Қарындашты аламын,
Неше түрлі бейнені
Әдемілеп саламын.
7. Қорытынды бөлім.
"Құрастыру"
Қиықтарды біріктіріп, қағазға желімдеу. Шыққан бейненің пропорциялық ерекшеліктеріне сипаттама беру. Пропорциясын табу.
8. Үйге тапсырма. Ертегі кейіпкерін өзгерген пропорциямен бейнелеу.
9. Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz