Етістік райларынан өткенді қайталау.7-сынып

Сабақтың тақырыбы : Етістіктің райларын қайталау
Сабақтың мақсаты : білімділік: Н. Оразақынқызының «СТО» технологиясын қолдана
отырып, оқушылардың етістік туралы бар білімін, өз ойын
тұжырымдап айта білуін, түсіну қабілеттілігін байқау.
дамытушылық : әр түрлі оқыту стратегияларын тиімді пайдалана
отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру,
шығармашылық жұмыстарға жетелеу.
тәрбиелік : өзін-өзі тани білу, адамгершілік ізгі қасиеттерді бала
бойында қалыптастыру, ата-анаға, өзгелерге деген құрмет сезімін
арттыру, тапқырлыққа, топ алдында еркін сөйлеуге үйрету.
Сабақтың әдісі : Ауызша баяндау әдісі
Аукцион әдісі
Іздендіру әдісі
Салыстыру әдісі
Эвристикалық әңгіме
«СТО» технологиясы: «Кубизм», «Еркін жазу», «Көрнекілік»,
«Семантикалық карта» стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі : оқулық, кеспе қағаздар, суреттер
Пәнаралық байланыс : әдеп, әдебиет, география, экология
Сабақтың түрі : сайыс
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
( оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру)
ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
180-жаттығу (өлең шумағы мен мақалдардан есімшені тауып,
сөйлемдегі атқаратын қызметін табу)
ІІІ Өткенді қорытындылау кезеңі
Сайыс сабақтың мақсатын мақсатын түсіндіру, топқа бөлу.
«Қайталау- оқу анасы» деп бекерге айтылмаған. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай деп ойлайсыңдар? ( жауап: етістіктің райларын қайталау) .
Аукцион әдісі бойынша сұрақтарға жауап береміз.
- Етістікке сипаттама беріңіз.
- Мағыналық түрлері, нақты мысал келтіріңіз.
- Есімше, көсемшенің жұрнақтарын атаңыз.
- Етістік категорияларын атаңыз.
- Етіс түрлері.
- Шақ түрлері.
- Шақ түрлеріне мысал.
- Рай, сызбамен көрсетіңіз.
- Барлық шаққа ие болатын қай рай?
- Тәуелдік жалғауларын керек ететін қай рай?
ІV Практикалық жұмыс. 181-, 182-, 183-жаттығулар( тақтамен жұмыс)
Мүмкіндік деңгей тапсырмасы бойынша «Бақытты болу деген не?» сұрағына ойтолғау жазып келу тапсырылған болатын. Бәріміздің тыңдағымыз келеді. ( екі топтан оқушылар оқиды) .
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, бақытты болу- адамның іс- әрекетінің нәтижелі болып, мақсатының орындалуы, өмір қуанышының ең жоғары дәрежеге жетуін білдіретін ұғым. Олай болса, «Кубизм» стратегиясы бойынша ойлаған ойымызға, мақсатымызға жетейік.
V Шығармашылық кезең .
Қолданыңыз . 1) Қандай адамды адамгершілігі бар адам деп айтқың келеді?
2) Қайтсе, адам бойында жақсы қасиет қалыптасады?
3) Адам- табиғат перзенті ( қалау раймен екі сөйлем ойлап айтыңыз) .
Салыстырыңыз. ( Венн диаграммасы бойынша рай мен шақты салыстыру) .
Елестетіңіз. ( райға ойдан сөйлем құрау ) .
Талқылаңыз . ( дайын сөйлемдер беріледі) .
1) Жақсы үйге, жақсы орынға жатқым келер.
Жұрт мақтарлық атақтар тапқым келер.
Асса адам баласына жақсылық қып,
Алғысқа, абыройға батқым келер (С. Торайғыров) .
2) Оқи берсең, жалқаулық басынады,
Оқи берсең, көзің ашылады.
3) Бір тал кессең, он тал ек.
Суреттеңіз . ( сурет бойынша шағын мәтін құрау) .
Зерттеңіз . ( Күнделікті өмірде етістіктің рай категориясын қолданып сөйлейміз бе?)
«Мен кіммін?» ойны . ( Тапсырманы топ болып орындайды. Өз аттарына байланысты
шағын әңгіме жазады) .
«Жалғасын тап» атты мақал- мәтел сайысы . (Адамгершілік тәрбие, экологияға
байланысты айтулары сұралады) .
Семантикалық картамен жұмыс
VI Бекіту ( эвристикалық әңгіме бойынша оқушылар сабақты өздері қорытындылайды)
VII Бағалау . 1 Оқушылардың өз-өзін бағалауы.
- Сенің ойыңша, қай оқушы сабаққа белсенді қатысты?
- Кімге, қандай баға қояр едің?
2. Мұғалімнің бағалауы.
VIII Үй тапсырмасы . «Атаның баласы ғана емес, адамның баласы болсам . . . »
тақырыбында ойтолғау жазып келу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz