Өнер алды - қызыл тіл: ана тілін ұлықтау және тілдік қабілеттерді дамыту сабағы

Сабақтың тақырыбы: Өнер алды - қызыл тіл!

Сабақтың мақсаты: Тілдің қасиетін сезінуге, ұлттық өркендеуіне, ана тілімізді сүюге, тілдің мәртебесін көтеруге үйрету, танымдық қабілеттерін арттыру.

Көрнекіліктері:слайдтар, интерактивті тақта, мақал-мәтелдер.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе: Тіл туралы түсінік беру.

  • Балалар, біздің сүйікті Отанымыз, қасиетті мекеніміз қай республика?/ Қазақстан.
  • Еліміздің Президенті, Елбасы кім?/ Н. Ә. Назарбаев.
  • Еліміздің мемлекеттік рәміздерін кім атап береді?/ Ту, Елтаңба, Әнұран.
  • Қазақстан қай жылы қашан тәуелсіз республика деп жарияланды?/1991 ж 16 желтоқсан.
  • Биыл тәуелсіздікке қанша жыл болды?/22жыл.

Балалар, Қазақстан Республикасы егеменді ел атанды. Егеменді елдің басты белгілерінің бірі - тіл. Тіл - әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Еліміздің Ата заңы Конституцияның 7 бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп көрсетілген. 1997 жылдың 11 шілдесінде Қазақстан Республикасының Парламенті “Тіл туралы” жаңа заң қабылдады. Онда мемлекеттерде іс қағаздар мемлекеттік тіл, қазақ тілде жүргізу керек екендігі көрсетілген.

- Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық.

Балалар, ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдыреттілігі - орасан зор байлығында. Тіл мәселесі қазір ең бір шешуші мәселе болып отыр.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: “Өнер алды - қызыл тіл!” /хормен/

  • Орынгүл:
  • Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Біздің сыныптың тіл мерекесіне қош келдіңіздер! Елімізде тойланатын атаулы мерекелердің ішінде шынайы халықтық нышаны бар мереке осы десек, артық болмас. Себебі, тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге беріліп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің мақтанышы.

Олжас.

Жаса мәңгі ана тілім, жан тілім,

Жаса мәңгі дана тілім; жарқыным,

Көкірегімнен көтерейін ар туын,

Мәңгілікке нұрландырсын жарқылың

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып-ақ алындар.

Жібек.

Тілім бар да қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрі бар, ата жолы салтым бар.

Кіршіксіз қардай сақтандар.

Қазақтың тілі ғаламат,

Ақыл - ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

Саят.

Ана тілім ардақтым, қасиетім,

Ана тілім құдырет бас иетін,

Ана тілін сақтайық, ұмытпай біз,

Ата - баба өсиет аманатын.

Айнур.

Ана тілім тіршілік тірегімде

Ана тілім өн бойым жүрегімде

Ана тілім арманым, амандығым

Ана тілім ие боп зор үмітке

Ана тілім шарықта тек биікке,

Ана тілім асқақта аманатым,

Ана тілім жасай бер мәңгілікке.

Бексұлтан.

Ана тілім - қазақ тілім өзімнің

Кім сүймейді туған тілін өзінің

Қызғыш болып қорғаймын қазақ тілін,

Туған жоқ па сол үшін, сірә, мені.

Қасым.

Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен

Жылағанда жүрегіме күн тұтылып

Қуанғанда күлкімнен күн тірілген.

Мен, қазақпын, қаныммен, сүйегіммен.

Сән салтанат, салтымды сүйемін мен,

Бақ орнатам моланың басына да,

Мұрагермін, оған да иемін мен.

Дамира.

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім,

Мен мында бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

Орынгүл.

Әрбір ұлттың өз ана тілі болады. Әр адам ана тілін ата-анасынан үйренеді. Біз бәріміз Қазақстанда тұрамыз, мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі. Қазақстанның әрбір азаматы қазақ тілін білуге, құрметтеуге міндетті.

Әр ұлттың тілдерінің дамуына жағдай жасалған. “Тілі басқа тілегі бір, түрі басқа жүрегі бір” дей келе келесі өленді орыс, ағылшын тіліндерінде тынданыздар.

2-бөлім.

Әділ қазылар алқасын сайлау.

Құрметті оқушылар, “Тапқырлар” мен “Ойшылдар” тобы болып “қазақ тілі еліне сапар шегеміз”. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері “Қазақ тілі елінің құрметті азаматы” атағын жеңіп алады.

1. ”Қайырлы таң” бекеті.

Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы таныстырып өтсін.
1 топ: “Тапқырлар”

Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Тапқыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.

2 топ: «Ойшылдар»

Мақтанбаймыз «ойшылмыз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«ойшыл» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.

2. “Дарын” бекеті. Өлең, ән, әңгіме айту. Өздері шығарған.

Балалардың алдына кеспе әріптер тастау, сол әріптерден мақал-мәтелдер құрастыру.

3. ”Зерек” бекеті. Оқушылардың мақал-мәтел жарысын тамашалайы қ.

Ойын «Ұйқасын тап» Мақал-мәтелдер

1. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді) .

2. Тілмен байланған . . . ( тіспен шешілмес) .

3. Тіл тас жарады, . . . ( тас жармаса бас жарады)

4. Жақсы сөз . . . (жарым ырыс)

5. Тіл - адам ойының . . . (айнасы)

6. Тіл қылыштан . . . (өткір)

7. Ойнап сөйлесең де . . . (ойлап сөйле)

8. Айтылған сөз, . . . оқпен тең (атылған)

10. Бал тамған тілден . . . тамар (у)

11. Көп сөз - . . . (бос сөз)

12. Көп сөз - күміс, аз сөз - . . . (алтын)

13. Жеті жұрттың тілін біл, . . . (жеті түрлі ілім біл)

14. Ең ащы да тіл, ең . . . (тәтті де тіл)

15. Басқа пәле - . . . (тілден)

16. Тілден артық . . . (қазына жоқ)

17. Көре-көре көсем боларсың . . . (сөйлей-сөйлей шешен боларсың)

4. “Шешен” бекеті. Оқушыларға әр топқа сұрақтар қою.

“Тапқырлар”

1. Қазір қай ай?


Ұқсас жұмыстар
Өнер алды - қызыл тіл: 11-сыныптар арасындағы ана тілі мен сөз өнері байқауы
1-сынып ана тілі сабағы: Қой мәтіні (32-33 жаттығулар) және тәрбие сағаты Өнер алды - қызыл тіл
Астана №14 мектеп-гимназиясында өткен Өнер алды - қызыл тіл сайысының сипаттамасы
Өнер алды - қызыл тіл: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сайыс түріндегі сабақ жоспары
Тәрбие сағаты: Мемлекеттік тіл - менің тілім: ана тілін құрметтеу және дамыту
Мың бір мақал: мақал-мәтел арқылы тілдік және шығармашылық қабілеттерді дамыту
Ана-жүрегім, тіл тірегім: ана тілін тәрбиелеуге арналған әдеби-сахналық кеш
Төменгі сыныпта ағылшын тілін оқытуда ойын элементтері арқылы тілдік құзіреттілікті дамыту
Ана тілін қадірлеу және тіл мәдениетін нығайтуға арналған мектептік байқау-жоспары
Сөз мерген: ана тілін дамытуға арналған интеллектуалды сайыс сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz