Қазақ тілінен диктанттар жинағы з сынып

Мұғалімнің аты-жөні
Туған жылы
Жұмыс орны
Өтілі
Санаты
№: 1
Мұғалімнің аты-жөні: Молдабекова Айнур Жуматаевна
Туған жылы: 1975. 24. 05
Жұмыс орны: Николаевка орта мектебі. Есіл ауданы.
Өтілі: 20 жыл
Санаты: бірінші

Қазақ тілінен диктант түрлері 3 сынып І тоқсан

Жыл бойы өткенді қайталау.

И, й, у әріптерінің жазылуын қайталау.

Сөздік диктант

  1. Уақыт, уылдырық, меруерт, уыстау, қырау, тұсау, ашудас, хайуанат, миуа, қиюластыру, уағда, уілдеу, уылдырық, татулық, шашу, бурыл.
  • Өзің қалаған үш-төрт сөзбен сөйлем құрастыру.
  1. Қайық, күйші, тыйылды, байиды, қайықшы, сыйлық, қайшы, торғай, лайықты, сыйымды, таңдай, сыйлау, тайлақ, шайнек, түйнек, тыйым.
  • Сыйлық сөзінің түбірін тап, басқа қандай сөз жасауға болады? Жаз.
  1. Инелік, жиен, киім, тәрбиеші, биыл, жиналыс, биік, табиғат, сиыр, сирек, иірім, қия, хикая, пирамида, жиһаз, қария, аквариум.
  • Пирамида сөзін қалай тасымалдауға болатынын жазып көрсет.

Көру диктанты.

Берекелі алтын күз

Қайтқан құсты көрдің бе,

Қаптай ұшқан әуелеп.

Күткен күзім, келдің бе,

Сыңсып бағың мәуелеп.

Қамба толды астыққа,

Алғыс саған, алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.

Ескен Елубаев.

  • Өлеңнің бір немесе екі шумағын жатқа жазу.Удыбысы бар сөздердің астын сызу.

Я, ю әріптерінің жазылуын қайталау.

Сөздік диктант

Тиянақты, ою, аяз, сарғаю, зиянды, биязы, көркею, марқаю, аяқ, тою, сия, оюшы, молаяды, Әсия, тою, күю, дария, сыяды, қою.

  • Биязы, молаяды, тиянақты, зиянды сөздерін буынға бөліп жаз.

Терме диктант

Жаңылтпаш

Қырықаяқ, қырықаяқ,

Қырық аяғы - қырық таяқ,

Қырықаяқтың өзі - құрттай-ақ.

  • Яәрпі бар сөздерді теріп жаз, сол сөздермен сөйлем құрастыр.

Шығармашылық диктант

  1. Жақсы, уәде, оқуға, берді, Әбу.
  2. Иса, әзірледі, сыйлық, анасына.
  3. Тікті, Сәния, қуыршағына, тақия.
  4. Үйлер, зәулім, көбеюде, Астанада.
  5. Әсия, әжесінен, үйренді, ою, оюды.
  • Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаздыру.

Дауыссыз дыбыстардың түрлерін қайталау.

Б мен п, қ мен ғ, л мен р, к мен г, н мен ң.

Сөздік диктант

  1. Кітап, штаб, клуб, көп, лебіз, шөп, сеп, бөрік, белбеу, саба, мектеп, тәртіп, жіп, бұлақ.
  • Өзің қалаған үш-төрт сөзбен сөйлем құрастыру.
  1. Жауынгер, дөңгелек, үзеңгі, лебіз, балық, рұқсат, жұмбақ, реніш, ілгіш, ылғал, жолбарыс, сенгіш, діңгек, көлеңке, бозінген, көлік, қасық.
  • Дөңгелек, көлік, қасық, жұмбақ, балық сөздерінеы, іәріптерін қосып жаз.

Шығармашылық диктант

  1. 1. Ақбөкеннің басы үлкен, тұмсы. . . ы жалпақтау. 2. Кіта. . . ты жыртпа. 3. Болат қолындағы күре. . . ін жерге қойды. 4. Мұрат ауыл мекте. . . інде оқиды.
  • Көп нүктенің орнына п - б, қ - ғ, к - г әріптерінің тиістісін жаздырту.
  1. Төмендегі сөздергеу, ы, іәріптерінің тиістісін қосып жаз, үш сөйлем құрастыру.

Сап, тап, топ, мектеп, тәртіп, жіп, жап, түп.

  1. Егіншілер егін . . . (орақ, орағын) ерте аяқтады. Биыл егіншілердің . . . (астық, астығы) мол. Шөптің де . . . (шығым, шығымы) жақсы болды. Егіншілер . . . (өнім, өнімін) элеваторға тасыды.
  • Көп нүктенің орнына жақшадағы сөздердің дұрысын қойып, сөйлемдерді жазу.

Өздік диктант

сақа - саға күл - гүл ұқ - үк

саба - сапа тос - дос тара - дара

  • Сөздердегі өзгерген дауыссыз дыбыстардың астын сызу. Сөздердің мағынасын түсіндіру.

Көру диктанты

Көк шатыр

Шатырым бар қолымда

Жаңбыр маған түк емес.

Мейлі құйып тұрса да

Одан қорқар мен емес.

Аяғымда етігім,

Төбемде көк шатырым,

Ішіменен жаңбырдың,

Жүріп келем ақырын.

Сағындық Тәнеке.

  • Өлеңдегіндыбысының астын бір,ңдыбысының астын екі рет сыз

Жатқа жазу

Көктемде көктеп масағы,

Шілдеде жайнап шашағы,

Тамызда толық толықсып,

Қауызын күзде ашады.

  • Құрамында түбір сөздің соңғы әрпі өзгерген сөздердің астын сыз. Ол сөздердіңыәрпін алып тастап айтып көр.

Диктант

Жұмсақ төсек.

Күз келді. Кірпі ағаштың түбінен ін қазды. Ін өте жайлы болды. Бірақ төсегі болмады. Кірпі өзіне төсек іздеуге шықты. Ол үйіліп жатқан жапырақтарды көрді. Кірпі жапырақтардың үстіне аунады. Жапырақтар кірпінің инесіне қадалды. Кірпі жапырақтарды ініне алып келді. Енді кірпінің жұмсақ, жайлы төсегі бар.

(43 сөз)

Күз.

Қыркүйек. Күздің алғашқы айы. Аспан бұлттанды. Күннің қызуы азайды. Ағаштың жапырақтары сарғая бастады. Терек пен қайың жасыл жапырағынан айырылды. Айнала сары ала түске боялды. Шық осы айда түседі. Құстар да жылы жаққа ұшып кетеді. Аңдар қысқы тіршіліктеріне кіріседі. Адамдар болса күздің мол сыйын жинап алуда.

(45 сөз)

Отаным.

Менің Отаным - Қазақстан Республикасы. Қазақстанның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Сәулетті қалалар да көп. Қазақстанның жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай. Республикамызда астық көп өндіріледі. Мал шаруашылығы да жақсы өркендеген.

Қазақстан бес мемлекетпен шектеседі. Олардың бәрімен достық қарым-қатынаста.

(46 сөз)

Сөз және оның мағынасын қайталаймыз.

Шығармашылық диктант

  1. Көп нүктенің орнына сол сөзге мағынасы жуық сөз тауып жазу.

Батыр, . . .

Көркем, . . .

Алыс, . . .

  1. Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөз жазу.

таза - . . . биік - . . .

тар - . . . ұзын - . . .

қымбат - . . . ыстық - . . .

  1. Көп нүктенің орнынақоюдеген сөзді қойып, көшіріп жазу. Ол сөздің мағынасын түсіндіру.

Сүт . . . ұйыды.

. . . қара бұлт төнді.

Қарындашты орнына . . . керек.

Концерт . . . ға келдік.

Көру диктанты

Мақал-мәтелдер.

  1. Жаман адам - құлқынның қарақабы,

Жақсы адам - адалдықтың тағы .

  1. Еңбегіаздыңөнбегіаз.
  • Қарамен жазылған сөздердің түбірін тапқызып, түбірдің соңғы әрпінің өзгеру себебін айтқызу.
  • Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сыздыру.

Жатқа жазу

Аппақ қарға Үйіне көрші

Қонды қарға. Келді ме екен, көрші!

Мынау - қада Бұтарлап талды

Жерге қада. Қолымыз талды.

  • Жазылуы бірдей сөздердің мағынасын түсіндіріп, салыстыру.

Сөз құрамын қайталаймыз

Сөздік диктант

Асық, бала, еңбекқор, кітап, сыйлық, оқушылар, шеге, биші, орындық, өрмек, мақта, түймедақ, құлақшын, ағаш, гүлдер, өнерпаз, үйшік, ожау, өзен, тау.

  • Түбір сөздердің астын сыз.

Шығармашылық диктант

1. Маржан төсек. . . тұрды. Ол төсек. . . жинады. 2. Кітап. . . күтіп ұстау керек. 3. Біз жексенбі күн. . . саябақ. . . бардық. Жапырақ жер. . . түсіп жатыр. 4. Сынып іші айна. . . тап-таза. 5. Апасы Әйгерімге сыз. . ., өшір. . . сатып алып берді.

  • Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып жаздыру.

Сөз таптарын қайталау

Сөздік диктант

  1. Өрмек, қой, оқу, домбыра, кезек, бокс, сурет, аң, ән, сауын, аспаз, етік, кен, күй, мал, жұмыс.
  • Сөздердің қандай сөз табы екенін анықтау. Сөздерге-шы, -шіжұрнақтарының бірін жалғап жазу.
  1. Бала, өлке, аудан, ел, бес, адал, әсем, орын, жақсы, бай, қашық, шебер, жаңа, биік, жаман, сақ, әділ, ұзын.
  • Сөздерге-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тікжұрнақтарының тиістісін жалғап жазу.
  1. Айт, біл, тоқы, ес, ұш, өшір, кес, сүрт, жырт, ал, отыр, ат, іл, бас, көр, сөйле, кел, бар.
  • Сөздерге-ғыш, -гіш, -қыш, -кішжұрнақтарының тиістісін жалғап жазу.

Көру диктанты

Әдемі сурет

Дайын қағаз, қаламым,

Бояу таңдап аламын.

Ақ көгершін, көк аспан,

Суретін мен салмын.

А. Бақтыгереева

  • Зат есімнің астын сыздыру. Сын есімдерге сұрақ қойғызу.

Жұмбақтар

  • Кімге керек бұл өзі?
  • Қызға керек!

Төмен қарап өседі екі терек.

(Қос бұрым)

Шеңбер жасап өседі,

Желмен бірге көшеді.

(Қаңбақ)

  • Етістіктерді тауып, дара немесе күрделі екенін айтқызу.

Уақыт өлшемдері.

Уақыт ғасырмен, жылмен, аймен, аптамен және күнмен өлшенеді.

Бір ғасырда 100 жыл бар. Бір жылда 12 ай, 364 немесе 365 күн бар, Бір айда 30 күн бар, бір аптада 7 күн бар. Бір тәулікте 24 сағат бар.

  • Сан есімдерді сөзбен жаз, астын сыз.

Өздік диктант

Адамның мамандығын, кәсібін білдіретін сөздер:

жүргізуші, . . .

Туыстықты білдіретін сөздер: ата, ана, . . .

Кісі аттары: Жанат, . . .

Жер-су аттары: Балқаш, Алатау, . . .

Кім көп біледі?

Бояулар: көк, көкшілт, . . .

Өлшемдер: ұзын, биік, . . .

Терме диктант

Құлыншақ

Жібек жалды құлыншақ,

Бөкен санды құлыншақ.

Құндыз жүнді құлыншақ,

Қоңырау үнді құлыншақ.

Қияқ құлақ құлыншақ,

Болат тұяқ құлыншақ,

Құлыншақты ноқталап,

Сылап-сыйпап міне шап.

Оразақын Асқар

  • Сын есімдерді теріп жаз, сөйлем құрастыр.

Арқар

Тастан тасқа қарғыған,

Қой тұқымдас дәу бір аң -

Ай мүйізді арқар бұл,

Ұстай алмас аңдыған.

Мұзафар Әлімбай

Жұмбақтар

Жүреді мұхиттарда,

Балық деме,

Жаны бар,

Сияқты бір алып кеме.

(Кит)

  • Зат есімдерді теріп жаздырту.

Жетісу мен Арқаның арасында,

Сынаптай көлбеген көл жағасында.

Орналасқан қаланың есімі де

Көл аттас, ойлансаң сен, табасың да.

(Балқаш)

  • Жалқы есімдерді теріп жаздырту.

Шығармашылық диктант

. . . жазда гүлдейді. Күзде мақтаның қауашақтары . . . . Одан үлпілдеген . . . мақта көрінеді. Мақтадан көп нәрсе жасалады. Одан . . . иіріледі. Жіптен мата . . . . Мақтаның шитінен . . . шығады.

Мақта өте бағалы болғандықтан, оны . . . деп атайды.

  • Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жаз.

Керекті сөздер: мақта, ақ, жарылады, май, тоқылады, жіп.

Дыбыс және әріп

Э дыбысы мен әрпі

Сөздік диктант

Эстафета, экспресс, эмаль, эмоция, экран, электрон, энергетикалық, эфир, эстондар, эстрада,

эвкалипт, экватор.

Терме диктанты

1. Айжан - сыныптағы ерекше сүйкімді, зерек оқушы. 2. Әзімбек Жер планетасы туралы энциклопедиядан оқып білді. 3. Маржан үй шаруасына епті екен. 4. Айгүл досына хатты электронды пошта арқылы жіберді. 5. Үздік оқушылар эстон еліне саяхатқа барады. 6. Еңіс - өрдің ойға қарай түсе берісі. 7. Қалада экспресс автобустар барар жеріңе лезде жеткізеді.

8. Қымыз - емдік қасиеті бар сусын. 9. Эфир майының хош иісі бар.

  • Эәрпі бар сөйлемдерді көшіріп жазу.
  • Электронсөзіне дыбыстық талдау жасау.

Ескерту диктанты

Энергия

Электр - бұл энергия көзі. Энергия жылу мен жарық береді. Ол машиналарды жүргізеді. Жер бетіндегі тіршілік күн сәулесінен алынатын энергияға тәуелді. Электр қуатымен жұмыс істейтін құралдар өте көп. Ешқашанда электр желісінің сымдарына жақындамаңдар. Бұл адам өмірі үшін өте қауіпті.

В, ф дыбыстары мен әріптері

Сөздік диктант

  1. Трамвай, вагон, велосипед, волейбол, автобус, витамин, аквариум, автомобиль, авиация, пингвин, вокзал.
  2. Фабрика, филармония, француз, футболшы, фойе, фигура, фильм, фирма, флейта, факультет.
  • Қалаған 2-3 сөзбен сөйлем құрастыр.

Ұқсас жұмыстар
Оқу әдістемелік құрал
Мәтін туралы түсінік
Тақырыптық - күнтізбелік жоспар 3 - сынып
8-сынып қазақ әдебиеті орта мерзімді жоспар
Сөз мағыналары
Ойша жазу диктанты
Күнтізбелік жоспар. Жаратылыстану- математикалық бағыт жайлы ақпарат. 10 сынып
Халық ауыз әдебиеті туралы
Қазақ тілі сабағында
Орта мерзімді сабақ жоспары іі жартыжылдық. қазақ тіл, әдебиеті. 7-сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz