І. Жансүгіровтің Жазғытұрым өлеңіне арналған 2-сынып әдебиеттік оқу сабағының жоспары


І. Жансүгіров. «Жазғытұрым»

Категориясы:Бастауыш сынып.

Пән аты :Әдебиеттік оқу. Сыныбы : 2 сынып Сабақтың тақырыбы : Жазғытұрым. І. Жансүгіров. 1-слайд. Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың төрт мезгіл қыс, көктем, жаз, күз туралы түсініктерін кеңейте отырып, әр жыл мезгілінің маусымдық өзгерістері жайлы әңгімелеп айтуға үйрету. Дамытушылық: Жаңа сабақ арқылы өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге, байланыстырып сөйлеуін, ойлауын дамыту. Ізденуге ықпал ету. Тәрбиелік : Өлең арқылы еңбексүйгіштікке баулу, табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу. Сабақтың түрі : аралас сабақ. Сабақтың әдісі: ой -тастау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қорыту, эссе. Сабақтың көрнекілігі: жұмбақтар, суреттер, гүлдер, сөзжұмбақ, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы :

І . Ұйымдастыру бөлімі. 2-слайд. Психологиялық дайындық. Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық достарым, Арайлап атқан әр күнге! 3-слайд. Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу:1-топ:Қыс, 2-топ:Жаз, 3-топ:Күз.
б) топ басшысын сайлау
в) әр топ жыл мезгілдері туралы тақпақтар айтады. Жыл мезгілдеріндегі өзгерістерді әңгімелейді. (Оқушыларды жұлдызшамен бағаладым)

ІІ. Өткен сабақты пысықтау:4-слайд. «Мұстафа Шоқай кім еді?» мәтінін сұрау. Сұрақтар беріп, жауап алу.

ІІІ. Жаңа сабақ:5-слайд. Мұғалімнің кіріспе сөзі. а) хабарлау. ә) түсіндіру. Жұмбақ шешу: Қар кетіп, қыр көгерді, Құс қиқуы көбейді. Жерге диқан дән сеуіп, Қорадан жас төл өрді. Бұл қай кезде болады?(көктем)

ІV. Топтастыру әдісі. 6-слайд.

7-слайд. І. Жансүгіров-ақын, сөз зергері. Ол жас күнінен ән мен күйге, өлең мен жырға құмар болып өседі. Ақын Талдықорған обл, Ақсу ауданында дүниеге келген.

8-слайд. Мағынаны тану: Жазғытұры-көктем кезі, сондықтан да көктемді жазғытұры деп атайды. ІV. Оқулықпен жұмыс:9-слайд. Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды. Сұрақ:Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? а) Іштей оқыту. ә) Мәнерлеп оқыту. V. Топтық жұмыс:10-слайд. 1-топ:Өлең мазмұнына сәйкес сурет сал. 2-топ: «Көктем» тақырыбына эссе жаз. 3-топ: «Шатасқан шумақтар»ойыны арқылы төрт жол өлең құрастыр. Тырна келді тыраулап, Тіліп өтті аспанды. Қаздар келді жүр ойнап, Көктем айы басталды.

VІ. Сөзжұмбақ шешу:11-слайд. «Жазғытұры»

VІІ. Сабақты бекіту: 12-слайд. « Қызғалдақтар теру»ойыны :Оқушылар қызғалдақтар артындағы сұрақтарға жауап береді. Жұлдызшаларды санап, қай топ жеңіске жеткенін хабарлау.

VІІ. Үйге тапсырма. 13-слайд. Өлеңді жаттап ал.

ІХ. Бағалау. 14-слайд.


Ұқсас жұмыстар
Қабықен Мұқышевтің Көктем өлеңіне арналған 3-сынып әдебиеттік оқу сабағының жоспары
Абай мен І. Жансүгіровтің Жазғытұрым өлеңдерін салыстырмалы талдау: көктем көріністері мен еңбек мотивтері
Қасым Аманжоловтың Көктем өлеңіне арналған 4-сынып әдебиеттік оқу сабағының жоспары
2-сынып әдебиеттік оқу: Өтебай Тұрманжановтың Туған өлкем өлеңіне арналған сабақ жоспары
Қасқырдың қысқы тіршілігі: 2-сынып әдебиеттік оқу сабағының жоспары
2-сынып Әдебиеттік оқу: Күләш Ахметованың Астана өлеңіне арналған ашық сабақ
2-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Күләш Ахметованың Астана өлеңіне арналған патриоттық сабақ
2 А сынып әдебиеттік оқу сабағының жоспары - Төрт түліктің кеңесі
Кімнің мекені жақсы - 2-сынып әдебиеттік оқу сабағының сабақ жоспары
Ш. Айтматовтың Бұғы-Ана аңызына арналған 2-сынып әдебиеттік оқу сабағының жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz