Жарақаттанудың алдын алу және алғашқы медициналық көмек көрсету

Ашық сабақ.

Тақырыбы:Жарақаттанудың алдын алу.

Алғашқы көмек көрсету.

Мақсаты:1. Жарақаттанудың алдын алу туралы түсініктерді пысықтау.

2. Жеке тұлғаны дамыту, жарақаттанудың алдын алу, алғашқы көмек көрсету түрлерін білуге, танымдық қиындықтарды жеңуге тырысу, сөз байлығын дамыту және күрделендіру.

3. Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, жарақаттануды болдырмау, алғашқы көмек көрсете білуге үйрету, еңбекке баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім меңгерту.

Сабақтың әдісі:Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілік: Слайд, жарақаттанудың түрлері, алғашқы көмек заттары.

Жаңа сабақ:

Жарақаттанудың түрлері

Күйік Үсік Сынық Жарақат Улану Қан кету

1. Күйік-теріге қайнап тұрған су, өте ыстық бу, қызған металл бұйымдары, шарпыған от, сондай-ақ электр тоғы әсер еткенде пайда болатын күйік жарақат түрлеріне жатады.

Күйік

Термиялық Химиялық

Термиялық күйік-көптеген қарулар: от шашқыш, өртенгіш бомба және басқа да түрлерімен жараланудан пайда болады. Тері және тері асты қабатының зақымдану тереңдігіне қарай 4 дәрежеге бөлінеді:

-І дәрежесі күйік-орнының қызаруы, кішкене ісінуі, қызаруы, күйген жердің ауруымен сипатталады. 3-5 күннен кейін тері қабықтанып жазылуы басталады.

-ІІ дәрежелі күйік-сарғыш, түссіз сұйықтық толған бөртпелердің пайда болуы және терінің ісінуімен сипатталады. ІІ дәрежелі күйіктердің жазылуы 10-15 күнге созылады. ІІ дәрежелі күйіктерді тек медициналық мекемелерде емдеу қажет.

-ІІІ дәрежелі күйік-барлық зақымдалған терінің бір бөлігінің немесе толығымен жансыздануымен сипатталады. Күйіктің бетін қара немесе сұр түсті қабыршақ жабады.

-ІV дәрежелі күйік-тері, сонымен қатар тері асты май қабаты, сіңір, бұлшық ет, кейде сүйектің де жансыздануымен сипатталады. Күйік беті қара түсті қабыршақпен жабылады. ІІІ және ІV дәрежелі күйік кезінде іріңдеу процесі қатар жүреді. Жансызданған ұлпалар (некроз) бөлініп, 15-20 күнде түсе бастайды. Күйіктің жазылуы баяу және өте созылмалы болады.

Химиялық күйік-теріге қышқылдар (концентрлі сірке, азот, тұз, фосфор қышқылдары), сілтілер (күйдіргіш натрий, күдіргіш калий, сөндірілмеген әк) және басқа да заттардың әсерінен пайда болады.

Күйген кезде көрсетілетін алғашқы көмек-І-ІІ деңгейдегі күйік кезінде көмек суланып ісінуге қарсы бағытталған болуы керек, бұл үшін күйген жерді суық сумен, мұзбен салқындату керек, кейін құрғақ қатты таңғышпен таңып тастау қажет. ІІ-ІІІ дәрежелі күйік кезінде вазелині бар стерильді таңғышпен таңып тастау керек. ІV дәрежелі күйік кезінде стерильді таңғыш таңып дереу емханаға немесе күйік орталығына жеткізу керек.

Химиялық күйік алған кезде күйікті көп мөлшердегі сумен немесе марганецті қышқыл калийдің әлсіз ерітіндісімен жуу керек. Қышқылдардан болған күйіктерді ас содасының әлсіз ерітіндісімен, ал сілтілерден болған күйікті-бор қышқылының 2-4%-ды ерітіндісімен немесе сірке суының әлсіз ерітіндісімен жуған дұрыс.

2. Үсік-адам қатты аяз кезінде шалдығады. Әсіресе, дененің ашық жерлері:аяқ-қол, мұрын, құлақ, бет үсікке көбірек шалдығады. Бұл жағдайда үсіген жерлердегі тері ағарады және шымырлайды.

Үсіктің 4 дәрежесін анықтайды.

-І дәрежелі үсік-жылынғаннан соң қатты аурумен сипатталады, тері қара-көк немесе қошқыл-қызыл түсті болады және ісік пайда болады. Жағдайдың түзілуі 2-3 күннен кейін ғана болады.

-ІІ дәрежелі үсік-тері қара-көк немесе қоңыр-қошқыл түсті болады, оның үстінде 2-3 күн бойы мөлдір сұйықтық толған көпіршіктердің пайда болуымен сипатталады.

-ІІІ дәрежелі үсік-терінің және оған жақын ұлпалардың жансыздануымен сипатталады.

ІV дәрежелі үсік-терінің және жұмсақ ұлпалар мен бұлшық еттердің және сүйектердің жансыздануымен сипатталады.

Үсіген кезде көрсетілетін алғашқы көмек-үсіген адамды дереу жылы бөлмеге кіргізіп, жылытқыш қойып немесе жылы ваннаға отырғызу керек, бұлардың температурасы алғашында +22+25 градустан аспауы керек.

3. Сынық-бұл кенеттен қатты бір күштің әсерінен сүйектің жартылый немесе толығымен тұтастығымен бұзылуы, әдетте, сүйек сынған кезде күштің әсерінен оның айналасындағы жұмсақ ұлпалар зақымданады. Сіңірлердің, жүйке тамырларының үзілуі де болады және айналасындағы барлық жұмсақ ұлпалар зақымданады.

Сынықтар

Ашық Жабық Толық Жартылый

Сынған кезде көрсетілетін алғашқы жәрдем-ең бастысы зардап шегушіні толық тыныштандырып, денесінің зақымданған бөлігін қозғалмайтындай етіп байлау керек. Ол үшін таңғыш қалақ, ал ол болмаса қолда бар мата, тақтай қолшатыр, бір бау шыбық алып оларды бинтпен орайды да, солар арқылы қозғалтпайтындай жағдай жасайды.

Жарақат-тері тұтастығы бұзылмай, ұлпалар мен мүшелердің зақымдануы. Ол адам денесінің белгілі бір аймағына жарақаттанушы фактордың тез және қысқа уақытта әсер етуінен пайда болады.

Жарақаттар

Бас сүйегінің жабық Мидың Дененің Сіңірдің

зақымдануы зақымдануы қызып кетуі созылуы

Күн өту Соғып алу


Ұқсас жұмыстар
Мектепалды даярлық топтары үшін жол қауіпсіздігі, жарақаттанудың алдын-алу және алғашқы көмек тақырыбындағы технологиялық карта
Жол-көлік апаттарында дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету
Жәбірленушіге көрсетілетін алғашқы медициналық көмек: тәртібі және алғашқы көмек қобдишасы
Жаппай зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық көмек: жарақат, қан тоқтату және күйікке алғашқы көмек
Сүйек сынықтары, буын шығуы және байламдар созылуы кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері
Адам және табиғи апаттар: төтенше жағдайларды алдын алу және алғашқы көмек
Оқушылардың жол-көлік оқиғасы кезінде өзін-өзі ұстау ережелері мен алғашқы медициналық көмек көрсету қағидалары
Әртүрлі жарақаттар кезінде алғашқы медициналық жәрдем көрсету әдістері
Нашақорлық - қоғамдық дерт: мектеп-интернаттағы алдын алу және кешенді көмек көрсету
Сен және төтенше жағдайлар: әрекет ету ережелері және алғашқы медициналық көмек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz