Қазақстандық батырлардың ерлігі

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандық батырлардың ерлігі

Мақсаты:

Оқушы бойындағы патриоттық сезімін жоғарылату, Отанына деген намысшылдығын, сүйіспеншілігін арттыру. Отан қорғаушы ретінде азаматтық және адамгершілік қабілетін жоғары ұстауға тәрбиелеу. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына әскери борышын өте уге міндетті екендігін сезіндіру.

Міндеттері:

- Қазақстандық патриоттық тәрбие беру іс - шараларында мектеп, сынып, мектептен тыс мекемелердің бірлігін қалыптастыру;

- Біздің заман қаһарманы бейнесінің үлгісін жетекші патриоттық тәрбие беруші құралдары көмегімен жасау.

Күтілетін нәтижесі:

- Оқушы бойындағы азаматтық қасиеттерінің дәрежесін арттыру;

- Патриоттық қозғалыстарға қатысуға ұмтылыстарын күшейту;

- Оқудың І-ші баспалдағында мемлекеттік нышандар туралы түсінікті нығайту;

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Тақырыпқа шолу

1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылғы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15. 00-де КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға қеңес әскерлерін енгізу басталды. Командирлер: «Бұл қысқа мерзімдік акция, тапсырманы орындаймыз да кетеміз», деді. Ал бірақ «акция» тоғыз жылдан астам уақытқа созылды.

1979 жылдың 25 желтоқсаны мен 1989 жылдың 15 ақпаны аралығында болып өткен Ауған соғысына КСРО аумағынан 620 мыңнан астам жауынгер мен офицер қатысты. Осы соғыста Кеңес Одағынан 15 мың 51 адам оққа ұшып, 118 ұшақ, 800 танк және 11 мың 369 әртүрлі әскери техникалар жойылып кетті. Ал Ауған соғысына қатысқан қазақстандықтардың саны - 22 мың 269 жауынгер. Соғыс даласында Қазақстан 924 боздағынан айрылды. Жар құшып, бала сүйіп үлгермеген 1015 жас елге мүгедек болып оралса, 21 солдат іс-түзсіз кетті. Ауған соғысының жауынгерлері Көкшетау, Щучинск қаласында да аз емес. Қазір қаламызда біраз жауынгер-интернационалист есепте тұр. Соғыстың аяқталғанына 15 ақпанда 24 жыл толады. Бұл күн- сол кездегі елге ағылған темір табыттардың тоқтаған күні. Бұл күн- жанары жасқа толы жесірлер мен жетімдердің, қара жамылған аяулы аналарымыздың перзенттерін жоқтаған күні! Бұл күн- бақи болған қаһарман бауырларымызды қатардан іздеген күн. «Интернационализм» деген саясаттандырылған сөздің құрбандығына айналып, оған имандай сеніп, бүгінгі күні күл-талқан болған тағдырының өтеуі мен бодауын кімнен сұрарын білмей дал болған жандардың өзегіне өкінішін жасырған күн!

«Ауған соғысының 110 айға созылған қанды қырғынынан аман-есен оралғанымен, жандары жаралы 18 мың 360 қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Жандары жаралы дейтініміз, олар өліммен тікелей кездесті. Соғыстың небір ауыртпалығын көтеріп, қабырғалары қайысты. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға толған шақтары көп. Сонда да ата-баба рухына дақ түсірмей елге абыроймен оралды. Майдан даласындағы жанқиярлық пен қаһармандығы үшін он мыңдаған қазақстандық орден-медальдармен марапатталды. Бүгін қазақстандық Отан қорғаушылар солардан үлгі алып, соларға қарап сап түзейді», - деді Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев.

Арада 24 жыл өтсе де ауған соғысы өзінің ізін әлі жасырып болған жоқ. Бұл қанды іздің жасырылуы, ұмытылуы мүмкін де емес. Өйткені, ол адамзат тарихында өшпестей із қалдырды.

3. Ауған соғысының ардагеріне сөз беру

Ерлік сабағына Ауған соғысының ардагері Бижанов Тагир қатысып, жас ұрпаққа өздерінің басынан кешкен оқиғалары туралы айтып ой бөлісті. Қан майданда, ұрыс даласында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіз тұрып еске алды.

4. Оқушылардың Ауғаныстан тақырыбына арналған өлеңдерді оқуы

1. Ауғанның қанда даласы

Адамзаттың наласы

Бүк түсіп жатыр қан құсып,

Қаралы таулар, қарашы

Адасып барып армандар,

Кабулда күл боп қалғандар

Гүл болып көгеріп

Өмірді қайта жалғаңдар

Арманда кеткен ер үшін,

Ұмытпас елім арысын.

2. Ту етіп ұстар қашанда,

Тәуелсіз елдің намысын,

Баласын іздеп аналар

Анасын аңсап балалар,

Жүрекке түскен бомбадай . . .

Жазылар қашан жаралар?

Есімде ол күн қаралы,

Зуылдап жылдар барады.

Сарбаздар бәрін біледі,

Ауғаннан қайтқан жаралы.

5. фильм көрсету

(интерактивті тақтаны пайдалану)


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандықтар ленинград және мәскеу үшін шайқастарда
Қазақ халқының ерлік істері
Тұлғалы батырлардың ерлігі ел есінде
Соғыс ұғымы
Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында
Қазақстандық батыр қыздардың ерліктері
Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерімен кездесу кеші)
Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Ұлы жеңіске қосылған үлес
Қазақтың қаһарман қыздары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz