Модульдік оқыту технологиясы информатика сабағында

![]()
Қызылорда қаласы №138 Абай атындағы қазақ орта мектебінің математика және информатика пән мұғалімі Жүсіпбекова Алтынгүль Әбдібекқызы
Педагогикалық технология - білімділік мақсатқа қол жеткізудегі оқушы мен мұғалімнің жүйелі, тұжырымдамалы, нормативті, объективті, көпнұсқалы әрекеті.
Ф. А. Фрадкин
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологиялары таңдауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. М. М. Жанпейісованың « Модулдік оқыту технологиясы» бірінші орынға білімін, білігі мен дағдысы емес, оның тұлғасы, білімін алу арқылы дамуын қояды. М. М. Жанпейісованың « Модулдік оқыту технологиясы» ерекшелігі - тұлға танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді: яғни, жадының алуан түрлерін, ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-өзі бекіту, қарым - қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға; белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы. Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мумкіндігі болып табылады.
Белоруссияның ұлттық мектебінің ғылыми-зерттеуші ұжымы технологияны жеке тұлғаны дамытудағы процесс және оқушыны оқытудың әр кезеңінде дамытатын педагогикалық құрал ретінде бағалайды. Яғни, технология - баланы дамытуға жағдай жасаудағы мұғалімдердің қабілеттілігі деген анықтама береді.
Модуль дегеніміз - қандай да бір жүйенің, ұйымның анық-талатын, біршама дербес бөлігі.
Оқу модулi - оқу ақпаратының бiршама дербес блогы, оған оқу мақсаттары мен мiндеттерi, әдiсте-мелiк нұсқаулар, шамамен алған-дағы iс-әрекеттер негiзi, оқу қызметiн атқару жетiстiгiн бақылау (өзiн-өзi бақылау) құралдары енедi.
Интерактивті процесс дегеніміз - педагогикалық процеске қатысушы-лардың өзара ықпалдастығы мен бір-біріне өзара әсерінің мақсатқа бағытталған түрдегі үрдісі. Бұл ықпалдастықтың негізінде оған қатысушылардың әрқайсысының жеке тәжірибесі жатыр.
«Интерактивтік» деген сөз энциклопедияда көрсетілген, интеракция деген ұғымнан келіп шығады. Ал интеракция жеке индивидтің, жұптың, топтың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма-кезек әсер етуі. Интеракция әрекет барысында, әсіресе диалог сөзге үйретуде субъектілердің белсенділігін, олардың шығармашылық ниетін және бірігіп әрекет етуге ұмтылуын қамтамасыз етеді.
Танымдық қызмет мақсатының категориялары:
Анықтама
Оқушының іс-әрекеті
Тыңдайды, қабылдайды, есте сақтайды, ойлайды
Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады
Ойланады, салыс-тырады, табады, талқылайды, талдайды, ашады, іздейді
Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа проблеманы шешеді
Ойлап табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады
Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады
Модульдік оқыту технологиясының мақсаты:
- Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.
- Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы (блогы) немесе тарау бойынша жасалған жалпы үлгімен (модульмен) таныстыру.
- Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндауы (белгілер жүйесі - сызбалар, сұлбалар, кестелер және т. б. негізінде) .
- Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір оқушының қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру.
- Жалпы тақырыпқа, тарауға «өсу бағытымен 4-7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып - үйрену.
- Тұтас тақырып бойынша тестілеу.
- Тақырып бойынша қалыпты немесе «релелік» сынақ (немесе диктант, бақылау жұмысы және т. с. с) жүргізу
- Оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамыту.
Модульдік оқыту технологиясының міндеті:
- жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- таным процестерін дамыту;
- танымдық қабілеттерін дамыту;
- сөздік қорын дамыту;
- оқу себептілігінің өзгеруі.
Интерактивтік модульдiк оқыту технологиясы
арқылы оқушылардың шығармашылығын дамытудың жүйесi
Модульдік оқыту технологиясының құрылымы
КІРІСПЕ бөлімі
(модульге, тақырыпқа енгізу)
СӨЙЛЕСУ (ДАЙЫНДЫҚ) бөлімі
(оқушылардың өзара сөйлесу арқылы танымдық қызметін ұйымдастыру)
ҚОРЫТЫНДЫ бөлімі
(бақылау)
Оқу модулінің сағат саны әр түрлі болады. 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі тиімді. Оқу модулінің ерекшелігі - жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдергі 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.
Кіріспе бөлімінде оқу материалын баяндау формалары:
- визуалдық лекция;
- лекция - консультация (кеңес) ;
- лекция - өзара сөйлесу;
- проблемалық лекция.
Сөйлесу бөлімінде ойындарды ұйымдастыру жүйесі
- меңгерту;
- дамыту;
- пысықтау;
- қорыту;
- бекіту.
Тапсырмалар үш деңгейде беріледі:
ІІІ деңгей - білім стандартының талаптарына сай қарапайым білім мен түсінік деңгейіндегі тапсырмалар
ІІ деңгей - стандарт талаптарына сай алған білімін қолдану және талдау деңгейіндегі тапсырмалар
І деңгей - шығармашылық және ізденушілік сипаттағы тапсырмалар.
Оқушының журналға түсетін бағасы:
Оқу модулінің қорытынды бөлімі - бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір - біріне көмегі, бірін - бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімінде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Оқушы білімін бақылау формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданылып, оқу модулінің осы қорытынды бөлімінде беріледі. Қорытынды бөлімде барлық оқушыларға бірдей мемлекеттік білім стандартына сай тапсырмалар беріледі.
8 сынып Информатика
Microsoft Word - мәтіндік редакторымен жұмыс.
1. Модуль мақсатымен, міндетімен таныстыру.
2. Тірек сызбамен, компьютермен тақырыпты түсіндіру
3. Оқулықпен, дәптермен жұмыс
4. Қорытынды, үйге тапсырма
5 мин
25 мин
10 мин
5 мин
Сөйлесу бөлімі
Тақырыпты меңгерту.
1. «Қарлы кесек» ойыны
2. Қорытынды. Үйге тапсырма беру
40 мин
5 мин
Тақырыпты дамыту.
1. «Шеңбер бойымен әңгімелесу» ойыны.
2. «Өз жартыңды тап» ойыны
3. Қорытынды. Үйге тапсырма беру
30 мин
10 мин
5 мин
Тақырыпты пысықтау.
1. «Сиқырлы сандықша» ойыны
2. Қорытынды. Үйге тапсырма беру
40 мин
5 мин
Тақырыпты қорыту
1. «Мені түсін» ойыны
2. Практикалық жұмыс
3. Қорытынды. Үйге тапсырма беру
20 мин
20 мин
5 мин
Тақырыпты бекіту.
1. «Брейн- ринг» ойыны
2. Практикалық жұмыс
3. Қорытынды. Үйге тапсырма беру
25 мин
15 мин
5 мин
Тақырыпты бекіту
- Шығармашылық жұмыстарды қорғау
- Қорытынды. Үйге тапсырма беру
40 мин
5 мин
Қорытынды бөлімі
1. Тест
2. Сұрақ - жауап
3. Қорытындылау
20 мин
20 мин
5 мин
Мақсаты:
1. Білімділік: Word Мәтіндік редакторы, оның терезе элементтерімен таныстыру, мәтін түрлері, құжатты пішімдеу, өңдеу, баспаға шығару, мәтіннің орнын ауыстыру, көшіру, графикалық мүмкіндіктерін пайдалану тәсілдерін үйрету.
2. Дамытушылық: Мәтін құжаттарымен жұмыс істеуін, танымдық қабілетін арттыру, белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілетін арттыру.
3. Тәрбиелік: Ұжымдыққа, өзара сыбайластыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Міндеті:
Оқушы нені білу керек?
- Word редакторын қосу, терезе элементтерін
- Құжатты пішімдеу тәсілдері, кесте жасау тәсілдері
- Мәтінді көшіру, ауыстыру
- Құжатты баспаға шығару
- Графикалық мүмкіндігі.
Оқушы нені меңгеру керек?
- Мәтінді құжат жасауды, өңдеуді, баспаға шығаруды
- Мәтіндік құжатқа сурет кірістіру, өңдеуді
- Графикалық мүмкіндіктерін
- Баспаға шығару
Шығармашылық жұмыс тақырыптары:
- Word мәтіндік редакторында құжат жасау
- Word редакторының графикалық мүмкіндіктері (Сурет кірістіру, WordArt, ClipArt -пен жұмыс)
- Сөзжұмбақтар құрастыру.
1 сабақ. Визуалды лекция
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word - мәтіндік редакторымен жұмыс.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Word Мәтіндік редакторы, оның терезе элементтерімен таныстыру, мәтін түрлері, құжатты пішімдеу, өңдеу, баспаға шығару, мәтіннің орнын ауыстыру, көшіру, графикалық мүмкіндіктерін пайдалану тәсілдерін үйрету
2. Дамытушылық: Мәтін құжаттарымен жұмыс істеуін, танымдық қабілетін арттыру, белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілетін арттыру.
3. Тәрбиелік: Ұжымдыққа, өзара сыбайластыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта
Негізгі ұғымдар:
Компьютерде кез келген деректер екілік санау жүйесінде сақталады және өңделеді.
Мәтін дегеніміз - компьютерлік алфавит символдарының кез келген тізбегі. Компьютерлік алфавит 256 символдан тұрады. Мәтіндік редактордың көмегімен жасалған файл мәтіндік құжат деп аталады.
Мәтінді өңдеу жүйелері
Мәтіндік редактор Мәтіндік процессор
Мәтіндік редактор - магниттік дтскіде мәтіндік құжат құруға, оны өңдеуге, құжат пішімін өзгертуге, басып шығаруға және т. б. қолданылатын қолданбалы программа.
Кейде, кейбір мәтіндік редакторлар оларды мәтіндік пішімдеу кезінде, сурет, диаграмма кірістіргенде, кесте құрғанда және т. б. мәтіндік редакторларға қарағанда мүмкіндігі үлкен екендігін көрсету үшін мәтіндік процессорлар деп аталады.
Word - Windows -қа арналған мәтіндік процессор - бөлім оь
Мәтіндік құжатты пішімдеу
пішімдеу абзацты туралау жоларалық тасымал
шегіністер интервал жасау
Мәтінді
орнын ауыстыру көшіру
Правка -Вырезать Правка - Копировать
Правка - Вставить Правка - Вставить
Құжатты баспаға жіберу.
- Дайын құжатты алдын - ала көру
- Файл - Баспаға жіберу
- ағымдағы бетті баспаға жіберу
- нөмірі бойынша
Кесте құру тәсілі:
1. Кесте құру
Таблица Вставить таблица (баған, жолдарының саны қөрсету керек)
2. Кестеге ұяшықтар, баған, жолдар қосу
Таблица Вставить строки, (столбцы, ячейки)
3. Кестеге ұяшықтарды, бағанды, жолдарды өшіру
Таблица Удалить строки, (столбцы, ячейки)
4. Кестелерді жиектеу.
Формат - Граница и заливка
Графикалық мүмкіндіктері
- Сурет кірістіру
- WordArd фигуралық мәтінімен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс (сұрақ - жауап)
- Мәтін дегеніміз не?
- Мәтіндік құжат дегеніміз не?
- Мәтін түрлері қандай?
- Мәтіннің құрылымдық элементтері?
- Мәтін редакторларын іске қосу?
- Кесте кірістіру.
- Сурет кірістіру.
Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма беру: 9-БӨЛІМ. Word мәтіндік процессоры.
ІІ Сөйлесу бөлімі
2 - сабақ (Тақырыпты меңгерту)
Сабақтың мақсаты :
1. Білімділік. Word мәтіндік редакторы бойынша лекция сабағынан алған білімдерін, іскерлік ойындар арқылы тиянақтау.
2. Дамытушылық. Оқушылар өздігінен жұмыс істеп, қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын топ алдында ашық айта білу.
3. Тәрбиелік. Бір - бірлерін тыңдай, ойлай білуге, әділ бағалауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдығы:
- Бағыттаушы парақтар
- Қатысушылардың нөмірі жазылған жетондар
- Үстелдерді белгілеуге арналған сілтемелер
- Жалпы бағалау парағы
«Қарлы кесек» ойыны.
Ойынның жүру барысы
А, Б, В, Г үстелдері болады, А үстеліне А1, А2, А3, Б үстеліне Б1, Б2, Б3, В үстеліне В1, В2, В3, Г үстеліне Г1, Г2, Г3 жетонын және бағыттаушы парағын алған оқушылар отырады.
А тобының тапсырмасы : Мәтіндік құжаттар туралы.
Б тобының тапсырмасы: Мәтіндік құжаттарды пішімдеу тәсілдері. Мәтіннің орнын ауыстыру командалары.
В тобының тапсырмалары : Кестелер құру. Баспаға беру командалары.
Г тобының тапсырмалары: Графикалық мүмкіндіктері. Фигуралық мәтін жасау тәсілдері
Топтарға дайындалуға бес минут уақыт беріледі. Дайындыққа бөлінген уақыт аяқталған соң, І тур жарияланады. Оқушылар орындарынан тұрып, әрқайсысы өздерінің бағыттау парағы бойынша жаңа орынға отырады. Әр топта әріптер кезегі бойынша тақырыпты бір - біріне түсіндіреді. Топ мүшелерін тыңдап болған соң, әрбір оқушы өзі жауабын неғұрлым қызықты, жоғары түсіндірген сөйлеушінің нөмерін өзінің бағыттау парағына жазып алады. Балалар бағыттау парағына сай орын алмастырады да, ойынның ІІ туры басталады. Барлық тур біткен соң, оқушылар өздерінің алғашқы орыдарына қайта отырып, мұалім олардың бағыттау парақтарын жинап алады және нәтижесін ортақ параққа жазады. Сол ортақ парақ бойынша ең жақсы ойыншы және ең жақсы команда анықталады.
Қорытынды: бағыттау парағы бойынша оқушыларды бағалау және үздіктерді марапаттау.
Үйге тапсырма: Өтілген тақырыптарға шолу жасау.
№ А-1 бағыттау парағы
№ А-2 бағыттау парағы
№ А-3 бағыттау парағы
№ Б-1 бағыттау парағы
№ Б-2 бағыттау парағы
№ Б-3 бағыттау парағы
№ В-1 бағыттау парағы
№ В-2 бағыттау парағы
№ В-3 бағыттау парағы
№ Г-1 бағыттау парағы
№ Г-2 бағыттау парағы
№ Г-3 бағыттау парағы
Жалпы бағалау парағы:
3 - сабақ (Тақырыпты дамыту)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Оқушылардың қызығушылығын арттыру, тақырыпты меңгергенін тексеру, ойлау қабілетін дамыту.
2. Дамытушылық. Бала білімін есте сақтау қабілетін арттыру, өз ойын ашық жеткізе алу.
3. Тәрбиелік. Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар
1 ) «Шеңбер бойымен әңгімелесу» ойыны
Ойын шарты: Ортада тұрған жүргізуші кез-келген оқушыға нұсқау береді, мәтінді ойдан жаңғырту ойыншы бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді. Соңына дейін солай жүреді. Жауаптарда жіберілген қателерді дұрыстаймыз. Ең белсенді оқушыны анықтаймыз. Жеңімпазды құттықтаймыз.
Тапсырмалар:
- Word мәтіндік құжатын іске қосу үшін . . . (Пуск - Программы-Microsoft Word)
- Мәтіндік құжатты құру үшін қандай әрекеттер тізбегін орындау керек (Файл - создать документ, Файл - Сохранить как. . . )
- Құжатты пішімдеу режімдерін ата:
- Символдарды пішімдеу .
- Туралау
- Жоларалық интервал
- Тасымал жасау.
- Абзацты шегінісМәтіннің орнын ауыстыру үшін . . . (Правка - Вырезать)Мәтінді көшіру үшін . . . (Правка - Копировать)Құжатты баспаға жіберу командалары . . . (Файл - Печать)Кесте құрудың екі әдісі . . ., . . . (Меню жолынан және аспаптар панелінен)WordArt объектісін мәтіндік редакторға қою командасы. (Вставка - объект WordArd)Мәтінге сурет енгізу (Вставка - Рисунок)
2) « Өз жартыңды тап» ойыны
Ойын шарты :
Мұғалім жұп карточкалар дайындайды: біреуінде - сұрақтар, екіншісінде - жауаптарға арналған тірек кестелер. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған карточкалардың түсі бірдей болады. Оқушылар кез келген түсті карточканы ( әрқайсыс - біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып, жұмыс істейді.
Қорытынды: Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: «Сиқырлы сандықша» ойына дайындалып келу
4 сабақ. ( Тақырыпты пысықтау)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Оқушылардың алған білімін пысықтау, жүйелеу.
2. Дамытушылық. Ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік. Ұйымшылдыққа, бір - бірін тыңдауға, бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, карточкалар, сандықша.
«Сиқырлы сандықша» ойыны
Ойынның шарты:
1, 4, 5 балл жүйедегі карточкалардағы сұрақтар дайындау. «Сиқырлы сандақша» сұрақтармен толтырылады, олардың саны оқушылар санынан артық болады. Әр оқушы кезегімен сұрақ алып, дауыстап оқып, жауап береді де. 1-5 баллдық жүйе бойынша тиісті бағасын алады.
Ойынды аяқтай келе, мұғалім әрбір оқушының ойын барысында алған жалпы ұпайын есептеп, соған сәйкес І, ІІ, ІІІ орындарды анықтайды.
Ойын барлық оқушылардың тақырып бойынша алған білімін айқындауға, оқушыларды жандандыруға мүмкіндік береді, алдағы сөйлеген балалардың жауабын тыңдауға мәжбір етеді. Ең бастысы - осы теориялық материал бойынша «білгірлерді» айқындау, тек сонда ғана сандықша «сиқырлы» бола алады.
Сұрақтар:
(1 балл)
- Мәтінді пішімдеу
- Файлды ашу, құру, сақтау үшін қандай батырмаларды пайдалану керек?
- Мәтінді туралаудың қандай түрлері бар?
4. Мәтінді көшіру, қиып алу, қою командаларын қандай батырмалар көмегімен орындауға болады?
5. Құжатты тұтас ерекшелеуде қандай батырмаларды пайдаланамыз?
6. Word редакторында бет масштабын қалай өзгертеміз?
(4 балл)
1. WordArt объектісін қолданып «РЕФЕРАТ» деп жазу.
2. Кесте құру, 5 жол 6 бағаннан тұратын кесте құру.
3. Құжатты пішімдеу режімдерін ата
4. Мәтінге сурет кірістіру
5. Word редакторында шегініс, ұмтылыс деп нені айтады?
6. Word редакторында колонтитул дегеніміз не?
(5 балл)
1. Оқушының пәннен алған бағасы. (кесте құру)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz