Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Мемлекет пен дін ара қатынасын үйлестірудегі дінтану білімінің орны

Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап елде дін еркіндігіне жол ашылды. Әркімнің өз ата-бабасынан келе жатқан дәстүрлі дінін ұстануына мүмкіндік берілді. Қазақстан- демократиялық зайырлы ел. Дін мемлекеттен ажыратылған. Алайда Қазақстан Республикасы демократиялық ел болғандықтан, діни сенім бостандығы адам құқығы ретінде мойындалып отыр. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесіне сәйкес республикада дінге сенушілердің саны өсуде.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің <<Тарих толқынында>> атты кітабында <<Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ.Жалпы дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді.Жалғыз бізге қауіп төндіретіні діни біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғаны>>-деп жазды.Өсіп келе жатқан білімді жастар еліміздің ертеңгі болашағы солардың қолында. Осы орайда дінтанулық білімнің қажеттілігі, оның қоғамдық сананы қалыптастырудағы маңыздылығына басты назар аударғым келеді. Зайырлылық мемлекет пен дін қарым-қатынасына, тосқауыл қоймайды, алайда мемлекет дін ісіне араласпайды деген сөз емес, сондықтан осы мәселені дұрыс түсінуіміз керек. Діни жағдайды қалпында ұстап тұрудың жолы дінтанушылық білім арқылы қоғамдық сананы дұрыс қалыптастыруда болып тұр, себебі қазіргі кезде еліміздегі дінге сенушілер әртүрлі сенім жолын ұстануда. Бірыңғай ұлт пен діннің қатар айқындалуы бүгін мүмкін емес. Әсіресе жастарымыз қазақ халқына жат болып келген діни ұйымдарға әр түрлі секталарға кіріп жатыр. Сонымен қатар қазір бір ұлттың ішінен бірнеше дін өкілдерін табуға болады. Осыған дейін сеніп келген дәстүрлі ата-бабамыз сенген мұсылман діні қайда? Исламды ұстағандар ішінен де көзқарастары келіспей, бірінікін бірі теріске шығарып жатқандар да бар. Жастардың басқа діни ағымға кетуі ел болашағына нұқсан келтіруі әбден анық. Олардың саналы түрде білім алып, болашағына іргетас қалайтын шағында жалған діндердің жетегінде кетуі әрбір жанды алаңдатады. Егер олар адасқандарын сезініп, өз ортасына қайта оралса жақсы, оралмаса қауіп сонда, ол оңай шаруа емес екені айтпаса да түсінікті жайт. Өзге діннің жетегіне қалай түсті, сектаға қалай тартылды, қарапайым пенде сенуші қатарынан діни көсемге қалай жақындау керек бір қарағанда бұл сауалдар қарапайым болып көрінгенмен оның астарында көптеген мәселелер: басқа елдің саяси, экономикалық мүддесі, қазақ жерін саудалау саясаты жатқанына көбісі ойлана бермейді. Осы орайда діни сауаттылық керек, бұған негіз болатын дінтану пәні аса қажетті болып отыр.Қазақстанда дінтануды пән ретінде ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап елімізде <<ғылыми атеизмнен>> дінтануға бетбұрыс басталды. Бұл діннің ендігі жерде ғылыми және философиялық пайымдауларына басты назар аударуы - Қазақстанда дінтану пәнінің бірнеше жылдан бері мектеп бағдарламасына енгізілуі осының тікелей көрсеткіші.
Сонымен <<дінтану>> қандай ғылым? Дінтану дегеніміз- бұл дінді зерттейтін ғылым. Жас жеткіншектердің діни таным- түсінігін молайтуға, олардың діни дұрыс көзқарастарын қалыптастыруда, мемлекетіміздің ұстанған саясатын насихаттауда бұл пәннің берері көп. Дін ойнайтын нәрсе емес! Сондықтан, балаларға дін туралы мағлұматты мазмұнды, нақты дәлелді етіп түсіндіру керек. Біз алдымен жанұядағы тәрбиеге көңіл бөлген дұрыс деп ойлаймыз. Ата-аналар балаларына ұлттық дәстүр, мәдениет туралы ауыз әдебиеті үлгілері, діни наным-сенімдер туралы әңгімелерді айтуымыз керек. Діндерге байланысты, әсіресе жаңа діни ағымдар туралы жазылған әдебиеттерді түсіндіру қажет. Бүгінде оқушылардың діни түсінігі бұрынғы атеистік заманмен салыстырғанда біршама жоғары деңгейде. Жастардың, әсіресе, оқушылардың намаз оқып, ораза ұстап жамандықтан тыйылып келе жатқандары қуантарлық жағдай. Өйткені адамға дұрыс бағыт-бағдар беретін, өмірге деген көзқарасын қалыптастырып, ұзақ сапарда шамшырағы болатын, жаратушыға жақындататын тек қана ислам діні.Бүгінгі жасөспірім,ертеңгі азамат сондықтан олардың заман талабына сай діни білім алып, қоғамға пайдасын тигізетін, ұлтжанды азамат тәрбиелеу біздің, яғни ұстаздардың басты міндеті деп ойлаймын. Дінтану пәнінің оқу бағдарламасына енгізіліп, оны оқытуда мемлекет пен дін ара қатынасын үйлестіруде бұл пәннің алатын орны ерекше екенін айтқым келеді.
Жанжигитова Рыс Оразбаевна
Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Абай атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz