Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Әйел-ана,әйел-ұстаз,әйел-басшы,әйел-кәсіпкер. 8-наурыз тәрбие сағаты

Тақырыбы:Әйел-ана,әйел-ұстаз,әйел-басшы,әйел-кәсіпкер.

Абылаева Тамиристің <<Ана>>туралы баяндамасы.
Кешті <<Анашым>>әнімен бастадым.
М.Мақатаевтың <<Әйелдер-ай>> өлеңін бейне таспадан тыңдаттым.
1-жүргізуші: 8-наурыз 2013 жылдың көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі.
2-жүргізуші: Әйел,қыздар сендер көктем гүлісің,
Ақындардың өлең арнар жырысың.
Ұрпақ жалғап,өмір сыйлап адамға,
Ғасырларға жалғасады бұл ісің.
1-жүргізуші: 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай өткізгелі отырған
<<Әйел-ана,әйел-ұстаз,әйел-басшы,әйел-кәсіпкер>>атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.
2-жүргізуші: Олай болса бүгінгі кешіміздің басты кейіпкерлері
Әйел-ана:Үсенова Майра апа.
Әйел-ұстаз:Танаева Айнұр апай.
Әйел-басшы:Сарсембаева Гаухар апай.
Әйел-кәсіпкер:Махамбетиярова Нәзік апаны қошеметпен ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші:Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған,
Шуақтарың бар әлемге таралған.
Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың,
Орындалсын жүректегі бар арман.
Тынышбай Дамирдің орындауында <<Сұлу қыз>> әні.
2-жүргізуші:Құтты болсын аналардың мейрамы.
Жарқыраңдар,жаз күніндей жайдары,
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы
Бақыт берсін әр көктемнің айлары.
1-жүргізуші:Төртеуіңіздің алдарыңызда қыздарға байланысты бір-бір мақалдар жатыр,сол мақалдардың мән-мағынасын ашып айтсаңыздар.
Гүлжаһар Мұғижарқызының <<Әйел заты әдемілер әлемі>> өлеңін оқитын Нұрғалиева Фаризат.
2-жүргізуші: Жалғыз жүріп жол табам деу далбаса
Жігіт болсаң,жар табуға қам жаса
Ол бар жерде сен өзіңді зор сана
Ол бар жерде басқа бақыт аңсама,-деп Тұманбай ақын жырлағандай мынау бүгінгі 8-наурыз халықаралық қыз-келіншектер мерекесінің ұйтқысы біздің гүлдерімізге <<Шала қазақ қызы>>.
1-жүргізуші:Анасыздар ,әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті болса ұрпағың- мерей тасып,
Қыз күлкісіне сусындап қанасыздар.
Нәзік апа, осындай жасқа келсеңіз де жасымай кәсіпкерлікпен айналысып келесіз,оған себеп не?
2-жүргізуші:Әйел деген-өзің шыққан негізің.
Әйел деген-жүзіп жүрген теңізің,
Әйел деген-қамқоршың да, жарың да.
Әйел деген-өз қосағың,егізің.
Әкімбай Азаматтың мәнерінде Қалбай Әбдіраманның <<Әйелдер>> өлеңі.
1-жүргізуші:Перзентке жұмсаған бала күнін
Ана ырыс,бақ дәулет,жұбанышың
Көк бөрінің тегінен,тарағандар
Құтты болсын бүгінгі қуанышың.
Айнұр апай сізге сұрақ.Ұстаз ретінде қыздардың тәрбиесіне қатысты не айталар едіңіз?.Қайратбекұлы Дәуреннің орындауында <<Қырманға кел қалқатай>> әні.
2-жүргізуші:Тал бесікке тірлікті ілмектеген
Мадақтауға ананы тіл жетпеген
Алатаудың шыңына ту тігеді,
Анасына той жасап,құрметтеген.
Майра апа сізге сұрақ.Мен балаларыма жақсы тәрбие бере білдім деп толықтай айта аласыз ба?.
Тынышбай Дамирдің орындауында <<Ана туралы жыр>>.
1-жүргізуші:Әйелдерсіз өмір алға баспайды,
Шуағы мол күн де нұрын шашпайды.
Өмір атты толқыны мол теңіз де,
Бізді оларсыз жағаға ұрып тастайды.
Жәлел Самал мен Қазбай Әсемнің орындауында <<Қазақ биі>>.
2-жүргізуші:Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес,ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі.Көктемнің басы мен келетін мерекелік көңіл-күй сіздердің сергектіктеріңізбен,күш-жігерлерініңдің қуат көзіне айналсын.
Гауһар апай, басшы болу жоғарғы жауапкершілікті,төзімділікті талап етеді.Әйел затына басшы болу қаншалықты қиын?.
1-жүргізуші:Әйел дейміз,ана дейміз, қыз дейміз
Біз оларсыз шаттанбаймыз,күлмейміз.
Олар біздің бақытымыз,барымыз.
Оларменен бақтағы әсем гүлдейміз.
2-жүргізуші: Сіздер өмірді нұрландырып,шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер.Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып,шуақ сыйлайды. Осы айырықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып,елге ырыс-құт дарысын.Сіздерге зор денсаулық,баянды бақыт,көтеріңкі көңіл-күй тілейміз.Бүгінгі кешімізге келіп өздеріңіздің ой-пікірлеріңізбен бөлісіп, бізге қуныш сыйлағандарыңыз үшін көп-көп рахмет.Бүгінгі кешімізді Жәлел Самал мен Тынышбай Дамирдің <<Бақыттымын>> әнімен аяқтаймыз.


Әйке орта мектебі.

Әйел-ана,әйел-ұстаз,әйел-басшы,әйел-кәсіпкер.

2012-1013 оқу жылы.

Ұқсас жұмыстар
Мұғалім сөзі. Асыл анам мерекең
Ана жүрегі
Асыл анам мерекең
Ана өмірдің шуағы. жоспар
Гендерлік саясат және гендерлік тәрбиенің мазмұны мен мәні»
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған. 6-сынып
Жадыңда ұста, жас ұстаз
Армысыздар гүлдей құлпырған қыздар
Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, Анаға қарап қыз өсер
ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ГЕНДЕРЛІК СИПАТЫ
Пәндер