Абылай ханның ішкі-сыртқы саясаты, дипломатиясы және қазақ хандығын біріктіру күресі

Сабақтың тақырыбы: Абылай хандығы

Білімділік мақсаты: Абылайдың қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтау жолындағы сыртқы, ішкі саясат саласындағы тарихи еңбегін, мәмілегерлігін ашып көрсету.

Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға жоғарыда айтылғандарды өздігінен ізденулеріне бағыт бағдар беру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушылар бойында Абылай хан тұлғасына, оның кемеңгерлігіне, дипломатиялық шеберлігіне деген қызығушылық пен құрмет сезімін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Танымдық сабақ

Әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, топтық жұмыс

Көрнекілігі: Слайд, карта, тірек сызба, суреттер, буклеттер.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй жұмысына арналған тапсырмалар

Тапсырмалар :

1. Қазақ-қалмақ қатынастарының қандай ерекшеліктері бар?

2. Патша үкіметі неліктен қалмақтардың Жоңғарияға көшуіне қарсы болды?

3. Ресей қалмақтарға қарсы қандай шаралар қолданды?

4. Қазақтардың Еділ қалмақтарын талдауда негізгі рөл атқарғанын қалай түсінесіңдер?

ІІІ . Жаңа сабақ

1. Абылай аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері .

2. Абылайдың ішкі саясаты

3. Абылайдың сыртқы саясаты

4. Абылайдың қазақ жерін біріктіру жолындағы күресі

5. Абылай хан саясатының бүгінгі күнмен сабақтастығы

6. Топтастыру

Абылай - қазақ феодалдық мемлекетінің бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп, өз хандығы кезінде елдің саяси - экономикалық дамуына түбірлі өзгерістер енгізген атақты мемлекет қайраткері.

Орта жүздің сұлтаны Уәлидің баласы Абылай (Әбілмансұр) 1711жылы дүниеге келген. Атасы Түркістан қаласының билеушісі (оның да есімі Абылай) кейбір озбырлық әрекеттерінің нәтижесінде “қанішер” деген жағымсыз атқа ие болған.

Абылайдың он үш жасында ауылын жау шауып, әке-шеше, туыстарынан айырылған бала, әкесінің қызметшісінің көмегімен жаудан қашып құтылған. Ол Сабалақ деген жасырын атпен жүруге мәжбүр болды.

Сұлтан Абылай мұсылманша жақсы білім алды. Ол Шығыстың жеті тілін білді. Он бес жасқа келгенде жоңғар қалмақтарының атақты батыры Шарышты жекпе-жек ұрыс үстінде өлтіреді, оған “Абылайлап” ұран тастап “Абылай ” деген жаңа атқа ие болады. Оған орта жүздегі Арғын тайпасының Атығай атты ірі руына басшылық ету сеніп тапсырылады.

Абылайдың сыртқы саясаты өзінің икемділігі әрі алыстан болжайтын көрегенділігімен ерекшеленеді. 1740 жылы тамыз айында Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен Абылай Орскіге келіп, Ресей империясының билігін мойындады.

Абылай өзінің негізгі күшін Жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге бағыттады. Қалдан Церен қайтыс болғаннан кейін мұрагерлер арасындағы тақ таласын тиімді пайдаланып, олардан қазақ жерін қайтарып алды.

Жоңғар мемлекеті жойыла сала қазақ билеушілері мен Қытай үкіметі билігі арасында жер қатынастарына байланысты дау туды. Қазақ басшылары Жоңғария басып алған жердің өздеріне қайтарылуын талап етті.

Бірақ Қытай үзілді-кесілді бас тартты. 1761 жылы Қытай боғды ханы Аягөз өзенінің оңтүстік бөлігіне көшіп-қонуға тиым салды. Абылай қытайлықтар мен келіссөз жүргізуді күшейте түсті. Соның нәтижесінде 1767ж Қытай Тарбағатай аймағындағы және Іле өзені бойындағы жайылымдарды қайтарып беруге мәжбүр болды.

Абылайдың қырғыздар мен де қарым-қатынасы күрделі болды. Қырғыз жасақтары Жетісу жеріндегі қазақтардың малын барымталап, тыныштықтарын алды.

Абылай екі рет шабуыл жасап, үшіншісінде келісімге келіп, қырғыз манаптарының балаларын аманатқа алып, көптеген қырғыздарды айдап алып келеді. Олардан екі болыс ел құрап, атығай руының арасына қоныстандырады. Абылай ханның бұл шаралары қазақ -қырғыз шекарасында тыныштық орнауына үлкен себепкер болды. Абылай хан қазақ халқының тарихында ерекше маңызды орын алады.

Абылайдың күш-жігері ең алдымен күшті және тәуелсіз Қазақ мемлекетін құруға жұмсады.

Топтастыру: ол қазақ даласында темір ұстаханаларын салудың бастамасы болды.

Абылай хан ақын-жырау, әнші - күйшілер мен діни қайраткерлерге қамқорлық жасап отырды. Қазақ халқының мерейі тасып, рухы көтерілді. 1781 жылы Абылай хан Түркістанда қайтыс болды, оның денесі қасиетті Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген.

ІV. Қорытындылау: Қазақстан қалаларының басты-басты көшелері Абылай ханның атымен аталады. Алматыда Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне Абылай ханның есімі берілген. Алматы мен Көкшетаудың етегінде Абылай ханның құрметіне алып ескерткіш стелла орнатылған. Бұл - халқының ұлы ханына берген әділ бағасы және көрсеткен құрметі.

V. Жаңа сабақты бекіту.


Ұқсас жұмыстар
Абылай хандығы: Абылай ханның өмірі, саясаты және қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күресі
Абылай ханның хандығы: өмірі, ішкі және сыртқы саясаты
Қазақ жерін біріктіру жолындағы Абылай ханның күресі және тарихи рөлі
Абылай хан билігі тұсындағы Қазақ хандығы: өмірі, ішкі және сыртқы саясаты
Қасым хан дәуіріндегі Қазақ хандығы: өрлеу, ішкі-сыртқы саясаты мен Қасым ханның Қасқа жолы
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты: құрылуы, нығаюы және мемлекеттік институттары
Есім хан (1598-1628): қазақ хандығының жағдайы, ішкі және сыртқы саясаты, Есім ханның ескі жолы заңдары
Қасым хан дәуіріндегі Қазақ хандығы: тарихи дамуы мен ішкі-сыртқы саясаты
Хақназар хан (1538-1580): Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты
Абылай хан дәуіріндегі Қазақ хандығы: XVIII ғ. екінші жартысындағы ішкі саясат пен сыртқы қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz