6-сынып математикасы. Сабақ жоспары: Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық

Астана қаласы

№58 мектеп- гимназиясы

Бексолтанова Лязиза Жеңісханқызы,

математика пәнінің мұғалімі

Сабақ жоспары

Пәні
Математика
Пәні: Сынып
Математика: 6
Пәні: Сабақтың тақырыбы
Математика: Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару
Пәні: Сабақтың мақсаты
Математика: Перпендикуляр түзулердің анықтамасының тұжырымдамасын, қасиеттерін пайдаланып есептер шығару және нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты таба білу.
Пәні: Оқу нәтижелері
Математика:

Оқушылар сабақ барысында:

  • Перпендикуляр түзу анықтамасын біледі және перпендикуляр түзулерді сыза біледі ;
  • Түзудің бойында жатпайтын нүкте арқылы түзуге перпендикуляр түсіруді үйренеді;
  • Нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты таба біледі;
  • Өздерін және сыныптастарын бағалай алады.
Пәні: Бағалау критерийлері
Математика:
  • перпендикуляр түзулердің ережесін білу және құралдарды пайдаланып перпендикуляр түзуді сызып орындай алу;
  • Түзудің бойында жатпайтын нүкте арқылы түзуге перпендикуляр түсіру және нүктеден түзуге дейінгі арақашықтықты таба білуі;
  • Техникада, тұрмыста кездесетін перпендикуляр түзулерге мысалдар келтіре алу.
Пәні: Дерек көзі
Математика: Оқулық, дидактикалық материалдар, ғаламтор,
Пәні: Тапсырмалар
Математика:
  • топтық жұмыс;
  • СТО
  • Деңгейлік тапсырмалар;
  • Рефлексия.
Пәні: Ресурстар
Математика:
  • Компьютер;
  • Көрмелер;
  • Сызу құралдары;
  • Тапсырмалар;
  • А3, А4 парақтар;
  • Бағалау парағы;
  • Оқулық;
  • Жапсырмалар;
  • Бағдаршам түстері/ фигуралар/
Сабақ барысы
Сабақ барысы: Сабақ кезең-дері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс- әрекеті
Бағалау
Сабақ барысы:

Кіріспе

8 мин

1. Ұйымдастыру: сәлемдесу, түгендеу, топқа бөлу, бағалау парағы таратылады

1. Мақал -мәтелдің жалғасын табу арқылы 4 топқа топтасады

1-топ :Білімді мыңды жығады,

Білекті бірді жығады.

2-топ : Бір тал кессең, он тал ек.

3-топ : Жеті жұрттың тілін біл;

Жеті түрлі білім ал.

4- топ :Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

2. Сәлемдесу тренингі

Қатар тұрған екі оқушы бір- біріне амандасудың бір неше түрін айтып амандасады, бүгінгі күнге сәттілік тілейді.

мадақтау
Сабақ барысы: 2. Қызығушылықты ояту

Қызықты логикалық есептің жауабын табады

Есеп : Тік төртбұрышты аулада 7 алма ағашы өсіп тұр. Үш түзу сызығының көмегімен 7 бөлікке бөлу керек. Әр бөлікте бір алма ағашы қалатын болсын.

Қол шапалақ
Сабақ барысы: 3. Үй тапсырмасын өзара тексеру тапсырылады

Қатар отырған екі оқушы өзара тексереді (жұптық жұмыс) №1092

Шешуі:∠EDC=120°-90°=30°

∠ADE=90°-30°=60 ;

Жауабы: 30°, 60°

№1097 ∠COF=∠KOF-∠KOC=90°-50°=40°

∠FOB=∠COB-∠COF=90°-40°=50°

Жауабы:

Кері байланыс
Сабақ барысы:

Тұсау-кесер

10 мин

4. Математикалық диктант

Сұрақтарға жауап жазады және қатар отырған екі оқушы бір- бірін тексереді.

  1. Сағат 9 болса, сағат тілі қандай бұрыш жасайды?Тік бұрыш
  2. Төрт бұрышты столдың бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш болады?Бес бұрыш
  3. Бұл не?/сызба құралдары/
  4. Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштың бірі 65° болса, қалған бұрыштары неге тең?115°, 65°, 115°
  5. Жазыңқы бұрыштың 1/6 -і неге тең?30°
  6. Перпендикуляр сөзі латынның қандай сөзінен алынған?Тік бағыт
  7. Перпендикуляр түзулер жазықтықты қандай бұрыштарға бөледі?

Тік бұрыш.

Сабақ барысы:

5. Cұрақ -жауап.

Әр топқа сұрақ қойылады

Берілген сұрақтар бойынша әр топ А3 параққа жазып, не сызып жауап береді.

  1. Тік бұрышты сызғыш немесе транспортирді пайдаланып тік бұрыш сызып көрсетеді;
  2. Перпендикуляр түзудің анықтамасын айтады, белгіленуі мен жазылуын көрсетеді ;
  3. Түзудің бойында жатпайтын нүкте арқылы түзуге перпендикуляр түсіру алгоритмін пайдаланып, сызып көрсетеді;
  4. Нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты табуды көрсетеді.
  5. Техникада, тұрмыста өзара тең төрт бұрыш жасап қиылысатын түзулерге мысалдар келтіреді. /суреттер/
бағдаршам
Сабақ барысы:

Негізгі бөлім

20 мин

Деңгейлік тапсырмалар Қай топ 1-ші дұрыс шығарады, сол топ тақтаға есептің шешуін жазады.

1-деңгей. Тапсырма 1.

№1087

AB⊥CD, ∠AOE=35°, ∠KOB=20°

Шешуі:

∠EOD=90°-35°=55°

∠KOC=90°-20°=70°

Жауабы: 55°, 70°

2- деңгей. Тапсырма 2.

Қиылысқанда пайда болатын бұрыштардың бірі екіншісінен 4 есе артық. Пайда болған бұрыштардың әрқайсысының шамасын табыңдар

Жауабы:36°, 144°

3-деңгей. Тапсырма 3 . №1098

∠AOB=90°, ∠AOF=125°, CD⊥EF

Шешуі:

∠AOE=180°-125°=55°

∠FOB=180°-35°=145°

Жауабы: 55°, 145°

бағдаршам
Сабақ барысы: 8. Сергіту сәті, музыка қойылалы
Оқушылар музыка ырғағымен бой жазады
Сабақ барысы: 9. Әр топқа тапсырма беріледі (топтық жұмыс) А3 параққа сызып көрсетеді

І топ. а түзуіне түзуден тыс жатқан В нүктесі арқылы перпендикуляр сыз.

ІІ топ. С нүктесінен в түзуіне дейінгі арақашықтықты тап .

ІІІ топ. Бұрыштардың шамасын тап

IV топ . Қандай түзулер перпендикуляр болады?

бағдаршам
Сабақ барысы: 5 мин Қорытынды
Сабақты қорытындылау
Ассоциация
Әр топ бір біріне «екі жұлдыз, бір тілек айтады»
Сабақ барысы: 10. Оқуға арналған тапсырмалар

1. Тақырып бойынша қайталап оқу

2. № 1099

Сабақ барысы: 11. Рефлексия

Не үйрендім?

Мен үшін қиын болды

Мен үшін қызықты


Ұқсас жұмыстар
Перпендикуляр түзулер мен нүктеден түзуге дейінгі қашықтық: Өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған 7-сынып геометрия сабақ жоспары
4-сынып математикасы (ашық сабақ): қуып жету қозғалысы, өзара кері есептер және параллель мен перпендикуляр түзулер
7-сынып геометриясы: Қиылысқан түзулер - перпендикуляр мен көлбеу (сабақ жоспары)
4-сынып математика сабағының жоспары: Параллель және перпендикуляр түзулер
Геометриядан ашық сабақ: салу есептері және түзуге перпендикуляр жүргізу әдістері
6-сынып математикасы: Осьтік симметрия бойынша сабақ жоспары
6-сынып математикасы: Осьтік және центрлік симметрияға арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған математика сабағы: Жазықтық және қиылысқан түзулер, вертикаль бұрыштар
7-сынып геометриясы: Параллель түзулер және параллельдік белгілері
6-сынып математикасы: Координаталық жазықтық тақырыбының сабақ жоспары (Кембридж бағдарламасы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz