Қазақ тілі 4 сынып. "етістік"

Сабақтың тақырыбы : Етістік

Сабақтың мақсаты : Етістік туралы білетін білімдерін еске түсіру, толықтыру. Оқушылардың өзіндік іс-әрекет дербестігін арттыру.

Есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Танымдық қабілеттерін жетілдіру. Сөздік қорларын молайту.

Білімге деген құштарлықтарын ояту.

Түрі : Дәстүрлі

Типі : Қайталау сабақ

Әдісі : топтық жұмыс, сұрақ-жауап, проблемалық

Көрнекілігі : Интерактивті тақта, суреттер, үлестірмелер

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру, түгендеу.

Топқа бөлу. 4 түрлі суреттер арқылы . Топпен жұмысты еске түсіру.

Ұйымшылдық, еңбексүйгіштік, бірін-бірі тыңдау.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

114-жаттығу . Сызба бойынша дәрігер сөзіне жалғанған жалғау түрлерін, жіктік жалғаулары мен септік жалғауларын салыстыру, ажырату.

Топтарға тапсырма

1. Дәрігермін, 2. дәрігерсің. 3. дәрігерге, 4. дәрігерден.

Бірін-бірі бағалайды. Жалғауларды салыстырады, ажыратады.

2. 4-топқа ребусты шешу, Жауабы : Етістік сөзі

ІІІ. Мақсат қою

Олай болса, бүгінгі сабақта, етістік туралы білетінімізді еске түсіріп, білімімізді тереңдетеміз.

3. Топтық тапсырма

Етістік туралы білетінімізді еске түсіреміз.

Етістік -заттың қимылын, іс-әрекетінбілдіретін сөз табы. Не істеді? Не қылды? Қайтті?деген сұрақтарпға жауап береді.

2-топ Етістіктің құрамына қарай бөлінуі. Мысал келтіру.

Етістік құрамына қарай дара, күрделі болып бөлінеді. Дара етістік бір ғана сөзден жасалады. Екі немесе одан да көп сөзден жасалады.

3-топ Етістіктің мағынасына қарай, құрамына қарай бөлінуі.

Негізгі, туынды етістіктер болып бөлінеді.

4- топ Етістіктің тұлғасына қарай бөлінуі .

Болымды, болымсыз болып бөлінеді . Мысалы Жаз-жазба, бар-барма, көр-көрме.

Оқушылардың бірін-бірі бағалау.

ІҮ. Білімдерін тексеру

Оқулықпен жұмыс . 2-жаттығу

Аристотель туралы мағлұмат беру.

Әбунасыр Әл-Фараби кім? Білетіндерін, қосымша материалдарын сұрау.

4. Мәтінмен жұмыс

« Сюжетті таблица» стратегиясы бойынша жұмыс. Таблицаны толтыру.

Кім туралы?
Қандай кітап?
Қашан?
Әбунасыр әл-Фараби не істеген?
Қалай?
Нені шарлаған?
Не түйдік?

Тақтамен жұмыс. Етістіктерді табу, жазу.

Түседі, ақтарып шығады, көреді, оқып қоя салмаған, оқи берген, ашып отырған, шарлаған.

3-жаттығу . жұмбақты оқып жатқа жазу. Етістіктердің дара, күрделі екенін ажырату. Дара етістіктерді, күрделі етістіктерге айналдыру.

Қалқиды-қалқып тұр. Балқиды-балқып жатыр.

5-Топтық тапсырма 4-топқа берілген етістіктерді теріп жазу, дәлелдеу, сөйлем құрау.

Ү Сабақты қорыту

Бердібек Соқпақбаевтың «Саққұлақ» өлеңінен етістіктерді табу.

7- топтық жұмыс. Кластер құрғызу.

Етістік туралы не білеміз?

ҮІ Үйге тапсырма 6-жаттығу «Туған жер»тақырыбында әңгіме құрау.

ҮІІ Бағалау Әр топ бойынша


Ұқсас жұмыстар
Дауысты дыбыстардың жіктелуі 5- сынып, салт және сабақты етістік 6- сынып
Зат есім Зат есім етістік зат
Ғаламтор қазақ тілінде
Етістік 1 – 6 жаттығу
Қазақ тілі. Білімді тиянақтау
Болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдыр
Дара етістік
Тұйық етістіктің түрленуі. 7 сынып
Тұйық етістік. мемлекеттік тіл. 8 сынып
Мақсатты келер шақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz