Сабақ жоспары :: Биология

Файл қосу

Келешегі кемел Қазақстан

Атырау қаласы
№ 4 облыстық мектеп- интернат
Биология пәні мұғалімі
Бактыгереева Элеонора Исламқызы

Тәрбие сағатының тақырыбы: <<Келешегі кемел Қазақстан>>
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру, патриотизмге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд, көрме.
Тәрбие сағат барысы:
Кеш жарық, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
<<Келешегі кемел Қазақстан>> атты ауызша журнал түрінде өтетін тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Білектің күші, найзаның ұшымен қорғалған жеріміздің өткен тарихымен бүгінгі жарқын бейбіт көрінісіне назар аударайық:
Видео
Ауызша журналымыздың
бірінші беті <<Кемел елдің кемеңгер көшбасшысы>>
Екінші беті <<Тарихы терең, келешегі кемел Астана>>
Үшінші беті: <<Кемел елдің келешегі білімді ұрпақ>>
Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берген Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз.Қазақстанның егеменді ел атануына елбасымыздың қосқан үлесі зор
Сол себепті журналымыздың алғашқы бетін кемеңгер көшбасшымызға арнамақпыз.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы- мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға.
Елбасымыздың өмір жолымен таныстырып өтейік.
Нұрбек:
Балалық шағы:: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсетіп, шөпшек теріп, отын жарған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.Замира:
Жұмысшы Нұрсұлтан :: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург - жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.Самал:
Президенттің саяси өмірбаянының бастауы :: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.:: Ғылыми атақтарыЭкономика ғылымдарының докторы.Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясыың, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл - Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
:: Басқа лауазымдары мен мансаптары*Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.*Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы.*Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы.*Нұр Отан Халықтық - демократиялық партиясының төрағасы.*ОБСЕ - нің бас төреғасы
Бейбіт:
Шұғылданатын әлемі:
Ол үшін сүйікті спорт түрінің бірі - теннис. Нұрсұлтан Назарбаев ракетканы еркін меңгерген және кортқа жүйелі түрде шығып тұрады. Президент өмірінде музыка маңызды орын алады. Мемлекет басшысының отбасында ата-анасы әрдайым ән-күй тыңдауды ұнататын және өздері де ән сала білетін.
Нұрсұлтан Назарбаев бос уақытында өзі де домбыраны шебер тартып, ән салады. Президенттің үш ән шығарғаны, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Әнұраны мәтінінің телавторы екені де баршаға белгілі.
Мұғалім сөзі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз қызметі кезеңіндегі мейлінше маңызды деген және қалың оқырманның зор қызығушылығын тудырған кітаптары енгізілді. Қазақстан Президенті еңбектерінің каталогы хронологиялық тәртіп бойынша, танысуға және оқуға мүмкіндік беретіндей түрде ұсынылып отыр. Н.Ә.Назарбаев кітаптардың авторы: Сол кітаптарымен таныстыру мақсатында <<Келешегі кемел Қазақстан>> атты кітап көрмесіне кезек берейік,
Исатай:
Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен қоғамдық-саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:
<<Қазақстан жолы>> кітабында елбасымыз Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды.Тоғыз тараудың әрқайсысы тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарды ашып көрсетеді.
<<Еуразия жүрегінде>> (А., 2005).Жаңа елордаға арналған ойлары мен істері туралы айтылған.
<<Менің Қазақстаным>> кітабында Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған таңдаулы шығармалары жазылған
<<Қазақстан және Әлем елдері>> ҚР тәуелсіздігінің 15 жылдығы кезеңінде әлемнің 118 елмен дипломатиялық байланыс орнатып, бүкіләлемдік қауымдастықтың беделді мүшесіне айналды
<<Елбасы мәртебесі- ел мәртебесі>> бұл кітапта жоғарыда аталып кеткен елбасымыздың барлық марапаттары туралы жазылған.
Мұғалім сөзі:
Қазақстан өз тәуелсіздігінің 22 жыл ішінде әлем мойындаған мемлекеттердің қатарына қосылды. Еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаев аз ғана жылдың ішінде бұрын-соңды болмаған мемлекет құрды. Мыңдаған жылдар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздіктің туын көтерді. Әлемнің 150-ден астам елдерімен дипломатиялық қатынас орнатты. Қазақстан өзге мемлекеттердің даму жолдарын саралады, өзінің көпқырлы саясатын қалыптастырды, ұлттық сана мен ұлттық танымға үлкен өзгерістер енгізді. Ұлттық идеологияның, мемлекеттік саясаттың басым бағыттары белгіленді. Қазақстанның Ата заңына сәйкес қазақ тілі -- Мемлекеттік тіл деп айғақталды. Қазақстан -- жас мемлекет. Астанамыз жас қала -Астананы құрды.
Журналымыздың екінші беті биікке тік - кен арқа тө - сіндегі алып шаңырағымыз - Астанамыз туралы болмақ;
Бақтыбек:
бірінші -- "Астана -- Бәйтерек" кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. <<Бәйтеректі>> <<өмір ағашы>> деп те атайды. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған <<Бәйтерек>> - Бас қаламыздың символы. <<Астана-Бәйтерек>> үш бөліктен - тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді... Астананың қасиетті белгісі болып табылатын 97 метр биіктікте орналасқан көрініс алаңы,
Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы. Ол 25 қабаттан тұрады. Оның жалпы көлемі 25,5 мың шаршы метр. Астанадағы бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы сияқты архитектуралық наным нысандары бүкіл әлемде жоқ. Әрине әртүрлі діни дәстүрлерді бір шаңырақтың астына жинайтын ғимараттар бар, дегенмен, Қазақстан храмының олардан айырмашылығы - өзара келісім аясында тиімді сұхбат құруға арналған бір ғана алаңқай.Аслан:
"Қазақ елі" монументі дәл осылай аталатын жаңа алаңның ортасында бой көтерді, ол Астананың символдық мәнге ие нысандары -- Бейбітшілік пен келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Өнер университетімен бірегей ансамбль құрып тұр. "Қазақ Елі" монументінің жалпы аумағы 16 гектар. Ал негізгі ескерткіштің биіктігі тәуелсіздік алған жылдың символы ретінде 91 метрді құрайды.
Нұрбек
Тәуелсіздік сарайы.Үш этаждан тұратын Сарайдың өзіндік архитектуралық көрінісі бар. Бірінші этажда бір мезгілде 3100 адамды орналастыратын жиналыс залы бар. Тәуелсіздік сарайының ерекше мақтанышы болып үшінші қабатта орналасқан Астананың тарихына арналған мұражай <<Астана кеше, бүгін, ертең...>> табылады. Мұражай Қазақстанның жаңа астанасының бүкіл қалыптасу тарихын көрсетеді.
Асылай:
<<Хан Шатыр>>
Астананың құрылыс саласындағы жетістіктері жыл сайын өсуде. Оған дәлел - <<Хан Шатыр>>, сауда ойын-сауық кешені. Табаны дөңгелек пішіндес алып ғимарат жоғарылаған сайын сүйірленіп барып тұйықталады. Жоғарыдағы сүйір қадасымен қоса есептегенде, <<Хан Шатырдың>> биіктігі 150 метр. Жеті қабаттан тұратын кешеннің жалпы аумағы 133 мың шаршы метр.
Мұғалім сөзі:
Елбасымыз жас ұрпақтың сапалы біліммен саналы тәрбие алуына баса мән беруде. Сендердің заман талабына сай білім алу үшін үлкен мүмкіндіктер жасалуда.
Сондықтан елдің болашағы да, өрлеуі де бүгінгі жас ұрпақ сіздердің қолдарыңызда. <<Ел үмітін ер ақтар, ер үмітін ел сақтар>> демекші ел үмітін ақтау сіздермен өлшенбек. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Сол себепті журналымыздың үшінші беті
Кемел елдің келешегі білімді ұрпаққа арналады.
Ендеше білімімізді шыңдап мына бір сөзжұмбақты шешіп көрелік.
(Қазақстан туралы видео жүреді

1 Қ

2

А

3

З

4

А

5

Қ

6

С



8

А

9

Н

1. Қазақстанның ауа райы қандай?
2. Қазақстанның елордасы қай қала?
3. Қазақстанның елбасы кім?
4. Қазақстан қай құрлықта орналасқан?
5. Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлеседі?
6. Қазақстанның рухани астанасы қай қала?
7. Қазақстанның ұлттық валютасы не?
8. Қазақстанның көршілерінің бірі?
9. Қазақстан неге бай?

Осыдан 16 жыл бұрын жолданған Қазақстан-2030 бағдарламасы табысты орындалып,Қазақстан-2050 жолданды. Елбасы 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құруды мақсат етіп, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыруды мақсат етті. Ондағы ең өзекті мәселенің бірі, бірегей қазақ тілімен 2025 жылы латын әліпбиіне көшу Ел мерейін өсірген, беделімен жеңіп алған EXPO-2017 халықаралық көрмесінің атауын Қазақ елі, Елбасы <<Болашақтың энергиясы>> деп өзекті тақырыпты таңдауы тегін болмаса керек.
Елбасымыз биылғы дәстүрлі <<Қазақстан - 2050>> Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты.
<<Қазақстан - 2050>>бағдарламасы Кемел келешекке жасалған тың қадам, алдынан үміт күтер адамды қанаттандырып, ойын оятып, санасын сергітіп, жаһандану кезінде мемлекетті қалыбында сақтап қалатын ұлттың тамырын бекітіп, талабын ұштайтын адастырмас бағыт-бағдар деп білеміз. Осындай жауапты міндетті жақсы атқарсақ, Қазақ елінің болашағы жарқын, келешегі кемел болары сөзсіз.
видео
Альбина
Жаса, жаса Қазақстан,
Өркен жая бастаған!
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған!
Асқақтай бер, Қазақстан,
Берекеге бастаған!
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған!
Мұғалім сөзі: Елбасы өз жолдауында жастарға: <<Сендер болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіндер. Біздің бүгінгі атқарылып жатқан шаруамыз сіздер үшін жасалды. Сендер Тәуелсіз Қазақстан еліміздің перзентісіндер, тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдындар. Сендердің азат ойларымен кемел білімдерің біздің қол жетпес мақсаттарымызға апаратын құдіретті күш>>, - деді.
Әрине сендер білімді де саналы болсаңыздар Қазақстанның жарқын болашағы сендердің қолдарыңда деп санаймын.Тәрбие сағатымызды Жаса Қазақстан әнімен аяқтаймыз.

<<Жаса Қазақстан>> әні орындалады.

---соңы----





































№4 облыстық мектеп-интернат


1076960190500



Ашық тәрбие сағаты
6в сынып жетекшісі: Бактыгереева Э И




Атырау - 2013жыл

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары
Салауатты болсаң, сау боларсың
Қазақ Ордасының құдіретті әміршілері, қазақ халқының ұлы перзенттері
Келешегі кемел жас қала
Жіктеу есімдігі
ҚР президентінің «Қазақстан-2050» – стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауы – жастардың болашағын айқындайтын құжат
Астана-менің көзіммен
«мен жастарға сенемін» - ұлтжандылықтың ұраны
Тәрбие сағаты: "қазақ хандығының 550 жылдығы"
Қазақ қызы - қазақтың анасы
Пәндер