Тәуелсіз Қазақстан Республикасы

Жампеисов Ерлан Турсбекұлы
Зырян қаласы, №9 орта мектебі
география пәнінің мұғалімі
«Атажұрт» интеллектуалдық ойыны
( сабақтан тыс өткізіледі )
Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан Республикасы
Мақсаты: 1) Қазақстан Республикасы туралы оқушылардың білімдерін дамыту.
2) Қазақстанның табиғаты, жер бедері және халқы туралы білімдерін одан әрі жетілдіру.
3) Оқушыларды Отанын, оның табиғатын, халқын сүйе білуге тәрбиелеу.
Ойынның өтілу барысы:
1. Б. Тілеухановтың «Қазақ елі» әнін қоюдан басталады.
2. Ойынға қатысатын командаларды таныстыру.
а) Ойынға қатысатын командаларды ортаға шақыру;
ә) Командалардың аты;
б) Командалардың ұраны;
в) Командалардың төс белгісін қорғауы;
3. Ойынның кезеңдерімен таныстыру.
а) «Өткел» капитандар сайысы, сайыс 5балдық жүйемен бағаланады, қойылған сұрақтарға капитандар тез жауап беру керек.
ә) «Белес» (командаға 1 минут ойлануға уақыт беріледі, қосымша көмек алуға болады, егер қосымша көмек алса 1 балдары кемйді, 5 балдық жүйе )
б) «Бекет» ( көрермендермен ойын, қосымша көмек берілмейді, әрбір сұрақ 5 балдық жүйемен бағаланады )
в) «Асу» ( 14 облысқа байланысты сұрақтар болады, қосымша көмек алуға болады, әрбір сұрақ 5 балдық жүйемен бағаланады, ойын соңында екі команданың ұпайлары есептелініп ең көп ұпай жинаған команда келесі ойынға шығады )
г) «Жерұйық» ( қиындатылған сұрақ, қосымша көмек берілмейді, 5 балдық жүйе )
І. «Өткел» ( капитандар сайысы )
ІІ. «Белес» ( бүкіл командамен ойын )
Еуразияның ортасы Қазақстанда орналасқан. Қазақша, орысша және ағылшын тілінде жазылған пирамида Еуразияның кіндігі деп аталады.
Сұрақ: Еуразияның кіндігі қай облыста, қай елді мекенде орналасқан?
Жауабы: Ш. Қ. О, Жидебай елді мекені
Қазақстанда ерекше статусы бар қала бар. Бұл қаланың әкімшілігін Қазақстан мен Ресей бірігіп тағайындайды. Әкімшілік ғимаратында екі елдің де жалауы ілінген.
Сұрақ: Бұл қай қала?
Жауабы: Байқоңыр қаласы
2009 жылы 25 ақпан және 6 наурыз аралығында ҚР ұлттық санағы өтті. Деректерге сүйенсек 16 млн. 402 мың сайлау қағазын толтырыпты.
Сұрақ: 2009 ж. санақ бойынша Қазақстанның неше пайызы ер адам, неше пайызы әйел адам?
Жауабы: 48 % ер адам, 52 % әйел адам
Демографтар бірінші баланы - әкенің баласы дейді, екінші бала - шешенің баласы дейді.
Сұрақ: Жанұядағы үшінші бала кімнің баласы?
Жауабы: Балалары жоқ отбасының баласы.
ІІІ. «Бекет» ( көрермендермен ойын )
Қазақстанның ең биік нүктесі қалай аталады?
Жауабы: Хантәңірі - 6995 м.
Орталық Азия аймағына қандай мемлекеттер кіреді?
Жауабы: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан.
Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы қанша?
Жауабы: 15 мың км.
Қазақстан қандай сағаттық белдеулерде орналасқан?
Жауабы: 4-ші және 5-ші сағаттық белдеулерде.
С. Қазақстан экономикалық ауданына қандай облыстар кіреді?
Жауабы: С. Қ. О, Қостанай, Павлодар, Ақмола облыстары.
Қазақстанның ең төмен нүктесі қалай аталады?
Жауабы: Қарақия ойысы -132 м.
Қазақстан қандай әкімшілік топтарға бөлінеді?
Жауабы: Республикалық маңызы бар қалалар, облыстар, аудандар, округтер.
Қазақстандағы халықтың орташа тығыздығы қанша?
Жауабы: 1 км² - 5, 56 адамнан
Қазақстан қандай елдермен шектеседі?
Жауабы: Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қытай.
О. Қазақстан экономикалық ауданына қандай облыстар кіреді?
Жауабы: О. Қ. О, Қызылорда, Алматы, Жамбыл облыстары.
ІY. «Асу» ( әрбір команда сұрақтарды таңдайды ) Сұрақтардың барлығы Қазақстандағы әрбір облыстарға байланысты даярланған.
1. Павлодар облысы. Қаныш Имантайұлы Сәтпаев туып өскен аудан қалай аталады?
Жауабы: Баянауыл
2. Шығыс Қазақстан облысы. Ш. Уәлиханов Ыстық көлге сапары кезінде Ш. Қ. О бір өзені туралы көптеген қызғылықты деректер жинаған. Бұл қай өзен туралы айтылған?
Жауабы: Аягөз өзені
3. Атырау облысы . Атырау қаласынан 55 км жерде, Жайықтың оң жақ жағасында бір кездегі осы қаланың орны жатыр. Қаланың іргесі 11 ғ. қаланған. Алтын Орда хандары жерленген қасиетті орын. Бұл қай қала?
Жауабы: Сарайшық
4. Жамбыл облысы. Қазақстанның орта ғасырлық ірі қалаларының бірі. 2ғ. Қаңлы мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты. Бұл қай қала?
Жауабы: Отырар
5. Қарағанды облысы. Компьютерден «Сарыарқа» күйін ойнату. Оқушыларға анықтату.
6. Ақмола облысы. Есіл өзенінің оң жақ саласында орналасқан елді мекен. Сондай-ақ бұл Қазақстанның ең суық нүктесі болып саналады. (-57ºс) Бұл қандай елді мекен?
Жауабы: Атбасар
7. Алматы облысы. Компьютерден «Алматым» әнін қосу.
8. Маңғыстау облысы. Биіктігі 200 м жуық биіктік үстіндегі жазық, солтүстік-батысында Каспий маңы ойпатымен, батысында Маңғыстау жазығымен шектеседі, тек осында ғана кездесетін жабайы қой Муфлон мекендейді. Бұл қай жер бедері?
Жауабы: Үстірт
9. Батыс Қазақстан облысы. Орал тауы мен Еділ өзені аралығындағы үлкен қырат қалай аталады?
Жауабы: Жалпы Сырт
10. Қостанай облысы. Асбестің ең ірі кен орны қай жерде өндіріледі?
Жауабы: Жітіқара
11. Қызылорда облысы. Орта Азияның солтүстік-батысы және Қазақстанның оңтүстік-батысында едәуір жерді алып жатқан ойпат қалай аталады?
Жауабы: Тұран ойпаты
12. Ақтөбе облысы. Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тау аралығында жатқан үстірт. Абсолют биіктігі 100-300 м. Бұл қай үстірт?
Жауабы: Жем үстірті
13. Оңтүстік Қазақстан облысы. Оңтүстік Қазақстандағы негізгі өзен Сырдарияның басты саласы. Бұл өзен туралы Ш. Қалдаяқовтың әні де бар. Ол қалай аталады?
Жауабы: Арыс өзені
14. Солтүстік Қазақстан облысы. Орал тауларынан Алтай тауларына дейін созылған ұзынша өңірді қамтиды. Бұл жазықтың жер бедері бірыңғай тегіс. Бұл қай жазық?
Жауабы: Батыс Сібір жазығы
Y. «Жерұйық» ( финалға шыққан командаға сұрақ )
1999 жылдың 12 қазанында ғаламшардың 6 миллиардыншы тұрғыны дүниеге келді. БҰҰ бұл ең құрметті демографиялық атақты кімге берді? Қай елдің азаматы?
Жауабы: Қазақстандық Рәбия Ермұханова
YІ. «Қазақ елі» бейнефилімін көрсету.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz