Септік жалғаулар

СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАР

Қасымбаева К. М., Ә. Ниязбеков атындағы орта

мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Күрметі ауылы

Сабақтың тақырыбы: Септік жалғауы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Септік жалғаулары, грамматикалық мағыналары туралы түсінік беру, септік жалғауын ажырата алуға машықтандыру.

Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлеу дағдысын бекіту.

Тәрбиелік: Оқушылар бойынан адамгершілік қасиеттер дамыту, ізгілікке, ынтымаққа, туған тілін, туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: сызба, сөзжұмбақ, қима қағаздар, Көлсай көлінің суреті.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық.

І. Үй тапсырмасын тексеру, бекіту.

ІІ. Есіңе түсір. «Жұлдызды сәт» ойыны бойынша қайталау.

1. Морфология нені зерттейді?

2. Зат есім қандай сөз табы?

3. Қазақ тілінде қанша жалғау бар?

4. Көптік жалғауларды ата?

5. достар сөзін тәуелде?

Жауап беретін оқушыларға жұлдызша беріп отырамын.

ІІІ. Сынап көр: 1. Ертегілер елінде. " . . . Ерте заманда септік деген бай болыпты. Оның жеті ұлы бар екен. Септік қарт ұлдарын шақырып алып былай депті:

-Балаларым, мен қартайдым. Бұрынғы ата-бабаларымыз «Үлкен шаңырақтан еншісін алып, бөлек шыққан отау үй көрікті», - деген екен. Сол айтқандай, сендер де бақтарыңды сынап, ел аралап, өздеріңе лайық зат табыңдар. Әркімнің тапқан табысына орай, еншілеріңді беріп, бөлек шығарамын.

Жеті ұл түрлі ілімді меңгеріп, ел аралап, жер танып, уәделі күндері үйлеріне оралыпты. Тек үлкен ұлы Атаудың қабағы салыңқы, көңілсіз екен.

-Иә, балаларым, не таптыңдар, не көрдіңдер, не байқадыңдар?- деп сұрайды Септік қарт. Үлкен ұлы атау үндемей, тұнжырап отырып қалады. Қалған балалары өздері тапқан олжаларын ортаға салады. Барлық балаларының әкелгендеріне риза болған Септік қарт алты ұлды алты отау етіп бөлек шығарып тұрып айтқан екен:

-Балаларым, мына шаңырақтың иесі - үлкен ұлым Атау, қазақта шаңыраққа үлкені немесе кенже бала ие болады. Менен кейінгі сендерге баскөз болатын -мына ағаларың. Олжасыз оралды деп сөкпеңдер. Тату-тәтті өмір сүріңдер . . .

Қазақта жеті түрлі септік формасы бар екенін бастауыш сыныптан білеміз.

Атау: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Атау септік басқа септіктерге негіз болады. Басқа септік жалғаулары атау септігіне жалғанып барып септеледі.

Септелген сөздерді ретімен жазыңдар. «Кім жылдам?» Дидар, дәптерге, тұздың, Көлсайдан, Күрметіде, кітапты, апамен.

Анықта: (Жаңа сабаққа түсінік беру) . Кестеге назар аудар

Септіктер
Мағынасы
Жалғаулары
Сұрақтары
Мысалдар
Септіктер: Атау
Мағынасы: Зат есімнің түбір тұлғасымен сәйкес келеді. Іс-әрекеттің иесін білдіреді.
Жалғаулары: Жалғауы жоқ
Сұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Мысалдар: Мектеп
Септіктер: Ілік
Мағынасы: Заттың кімнің меншігі, неге тәуелді, тән екенін білдіреді.
Жалғаулары: -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
Сұрақтары: Кімнің? Ненің? Кімдердің? Нелердің?
Мысалдар: Мектептің
Септіктер: Барыс
Мағынасы: Іс-әрекет, қимылдың бағытын, мекенін, мезгілін білдіреді.
Жалғаулары: -ға, -ге, -қа, -ке, -а, -е, -на, -не
Сұрақтары: Кімге? Неге? Қайда?
Мысалдар: Мектепке
Септіктер: Табыс
Мағынасы: Іс-қимылдың нысанын білдіреді, затты нұсқайды.
Жалғаулары: -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н
Сұрақтары: Кімді? Нені?
Мысалдар: Мектепті
Септіктер: Жатыс
Мағынасы: Қимыл-әрекеттің жүзеге асырылу орнын, мекенін, мезгілін, кімде екенін білдіреді.
Жалғаулары: -да, -де, -та, -те, -нда, -нде
Сұрақтары: Кімде? Неде? Қайда?
Мысалдар: Мектепте
Септіктер: Шығыс
Мағынасы: Заттың мағынасы, іс-қимыл, әрекеттің шығу тегін, мекені, мезгілін білдіреді.
Жалғаулары: -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен
Сұрақтары: Кімнен? Неден? Қайдан?
Мысалдар: Мектептен
Септіктер: Көмектес
Мағынасы: Іс-қимылдың амалын, жүзеге асырылу тәсілі бірлескен әрекетін білдіреді.
Жалғаулары: -мен, -бен, -пен
Сұрақтары: Кіммен? Немен? Қалай?
Мысалдар: Мектеппен

Сөздер алдымен тәуелденіп, содан соң септелген жағдайдағы кестеге назар аудару

Септіктер
Сұрақтары
Тәуелдік жалғаудың І, ІІ жақтарынан кейін
Тәуелдік жалғаудың ІІІ жағынан кейін
Септіктер: Атау
Сұрақтары: Кім? Не?
Тәуелдік жалғаудың І, ІІ жақтарынан кейін: (апам)
Тәуелдік жалғаудың ІІІ жағынан кейін: Апасы
Септіктер: Ілік
Сұрақтары: Кімнің? Ненің?
Тәуелдік жалғаудың І, ІІ жақтарынан кейін: -ның (апам-ның), -нің
Тәуелдік жалғаудың ІІІ жағынан кейін:

-ның, -нің,

(апасы-ның)

Септіктер: Барыс
Сұрақтары: Кімге? Неге? Қайда?
Тәуелдік жалғаудың І, ІІ жақтарынан кейін: -а, -е, (апам-а)
Тәуелдік жалғаудың ІІІ жағынан кейін: -на, -не, (апасы-на)
Септіктер: Табыс
Сұрақтары: Кімді? Нені?
Тәуелдік жалғаудың І, ІІ жақтарынан кейін: -ды, -ді, (апам-ды)
Тәуелдік жалғаудың ІІІ жағынан кейін: -н, (апасы-н)
Септіктер: Жатыс
Сұрақтары: Кімде? Неде? Қайда?
Тәуелдік жалғаудың І, ІІ жақтарынан кейін: -да, -де, (апам-да)
Тәуелдік жалғаудың ІІІ жағынан кейін: -нда, -нде, (апасы-нда)
Септіктер: Шығыс
Сұрақтары: Кімнен? Неден? Қайдан?
Тәуелдік жалғаудың І, ІІ жақтарынан кейін: -нан, -нен, (апам-нан)
Тәуелдік жалғаудың ІІІ жағынан кейін: -нан, -нен, (апасы-нан)
Септіктер: Көмектес
Сұрақтары: Кіммен? Немен? Қалай?
Тәуелдік жалғаудың І, ІІ жақтарынан кейін: -мен, (апам-мен)
Тәуелдік жалғаудың ІІІ жағынан кейін:

ІV. Іске асыр (жаттығулар жұмысы) . 33-жаттығуды орындау

1. Сөйлемдерді көшіріп жазып, септік жалғаулы сөздердің астын сызу.

Айырдан туған жампоз бар,

Жүгін нарға салғысыз . « Нарға » - сөзіне лексика-грамматикалық талдау жасау:

Нарға

1. Бұл сөз екі құрамнан тұр: Нарға

2. Тұлғасына қарай-негізгі.

3. Құрылысына қарай-дара.

4. Сөзде 1 лексика, 2 грамматикалық мағына бар.

5. Лексикалық мағынасы - жануардың атауы.

6. 1 грамматикалық мағынасы - Зат есім.

7. 2 грамматикалық мағынасы - (-ға) Барыс септігінің жалғауы.

8. Нарға - неге?

9. Мағынасына қарай: а) жалпы

ә) жанды

б) деректі

в) нақты

34-жаттығуды орындау: Мәтіннен септік жалғаулы сөзді тауып жазу.

Құлағында үлкен алтын сырғасы ырғалып келе жатқан Тоғжан, мынау ат үстінде, мынандай топ қыздың тап ортасында, дәл көп жұлдыз арасындағы Шолпандай.

Қыздың сөзіне фонологиялық талдау жасау:

Қыздың

1. Қыз-дың жуан буынды сөз

2. Қыз-дың бітеу буын

3. Қыз- (тасымал)

дың

4. Қыз - дың

35-жаттығу, 36- жаттығуларды орындау.

V. Құрастыр. (жаңа сабаққа сөйлем ойлау)

1. Бекіту мақсатында септіктерге 4 сөйлем ойлату. Мысалы:

1. Мақал- сөздің мәйегі.

2. Талаптыға нұр жауар.

3. Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.

4. Жаңбырмен жер көгерер, еңбекпен ел көгерер.

VІ. Көлсайға саяхат «Көлсай» суретін көрсету. Ұлан Мүшіровтің «Көрікті Көлсай» әні баяу естіліп тұрады.

  1. Қима қағаздарға жауап беру:

Сарыны күй боп шалқыған,

Самалға бойың балқыған.

Көлсайдың сұлу келбеті,

Көңілде ән боп қалқыған.


Ұқсас жұмыстар
Сабақтың мазмұны мен жүрісі
Көптік жалғау жалғанған сөздерді тауып жаз
Зат есімнің түрленуі. Зат есімнің көптелуі
Зат есімнің көптелуі
Мәтінді пішімдеу. Қорытынды сабақ
Барыс септік
Сабақтың соңы. Сабақтың тақырыбы
Қазақ тілінен бақылау жұмыс дәптері
Көмектес септік жайлы ақпарат. 4 сынып
Топ Көптік жалғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz