Нан туралы өлең (қысқа мерзімді жоспар) ана тілі-4 сынып

4 сыныпқа арналған ана тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Пәні
Ана тілі
Пәні: Сабақтың тақырыбы:
Ана тілі: Кәрім Сауғабаев. Нан туралы өлең
Пәні: Сабақтың мақсаты:
Ана тілі:

Білімділік: Кәрім Сауғабаевтың «Нан туралы өлең» атты шығармасымен танысады. Өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға үйренеді, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге төселеді.

Дамытушылық: Танымдық қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамиды. Тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып сөйлеу мәдениеттері артады.

Тәрбиелілік: Топпен жұмыс жасай біледі, бір-бірін сыйлайды, көмектеседі.

Пәні: Күтілетін нәтиже
Ана тілі:

Нанды қастерлеуге, ас атасы -нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғынады Түсініксіз жерлерін талдайды.

Дүниетанымы кеңейеді, пәнге деген қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттері дамиды.

Пәні: Сілтеме
Ана тілі: Оқулық 4 сынып, 253- 256 беттер.
Пәні: Сабақта қолданылатын материалдар:
Ана тілі:

1. Оқулық

2. суреттер

3. Бағалау жолақшасы

Пәні: Оқыту әдістері:
Ана тілі:

СТО

Оқыту үшін бағалау

1. жұппен жұмыс

2. топтық жұмыс

Пәні:

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Ана тілі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, түгендеу, 3 топқа бөлу, бағалау жолақшаларын тарату, топ ережесін еске түсіру.
Пәні: ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ана тілі:

«Түлік туралы сабақ» өлеңінің мазмұнын сұрау.

  • Өлеңнің авторы кім?
  • 1. Болат пен Марат неге таласты?2. Оларға тағы кім қосылды?3. Болаттың сұрағына сендер қалай жауап берер едіңдер?Қой атаулары: қозы, қой, тоқты, тұсақ, саулық (ешкі, лақ, серке, теке)Сиыр атаулары: бұзау, тайынша, торпақ, баспақ, дөнежін, құнажынЖылқы атаулары: жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті.Төрт түлік туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Пәні: ІІІ. Жаңа сабақ
Ана тілі:

Тақырыпты ашу.

1 масақтан - 75 дән алынады екен, Осындай 10 масақтан неше дән алынды?
75•10=750 дән алынды.

- Есеп не жайлы? (дән)

- Дән ненің тұқымы? (бидай)

- Бидайдан не аламыз? (ұн, нан)

-Нан туралы қандай шығармалармен таныстық? (қатқан нан, Егінші мен қасқыр, Қаңбақ пен бидай т. б)

Топқа бөлу. (дән, масақ, бидай. )

Пәні: ІҮ. Оқулықпен жұмыс
Ана тілі:

Оқулықтағы Кәрім Сауғабаевтың «Нан туралы өлеңі»өлеңін мәнерлеп оқуып, мазмұнын айтуға дайындалады.
1. Өлеңді мәнерлеп оқып беремін.

2. Оқушылар топпен оқып шығады.

Автор туралы мәлімет:

Сауғабаев Кәрім (1941-2002) 20 қазанда Қарағанды облысы, Егіндібұлақ (бұрынғы Қу) ауданының Едірей ауылдық кеңесінде туған. 1964 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 1972 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітіреді. Балаларға арналған алғашқы өлеңдері 1972 жылы кітап болып шығады. 1973 жылдан Егіндібұлақ аудандық «Ленин туы» газетінің редакторы болып қызмет атқарды.
Шығармалары: Мойындау. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; Көктем келді, алақай. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977; Ақша қар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1980; Балқан таудың басында. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982; Үлкендерден үлгі аламыз. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1983; Үшқара оттары. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985.

Пәні: Ү. Тапсырма
Ана тілі:

1 топ:

1. Өлеңде қандай сөз жиі қолданылды?
2. Нан дастарханға қалай келеді?

3. Нан - өмір, нан - ән, нан - нәр, себебі. . .

4. өлең шығару
Нансыз тыныштық болмайды, себебі. . .
Бір дән жатса, еңкейіңдер, көтеріңдер, себебі. . .

2 топ:

1. Жиі қолданудың мақсаты неде?

2. Еңбек туралы мақал айт.

3. Нансыз тыныштық болмайды, себебі. . .

4. өлең шығару

3 топ:

1. Осы өлеңде Қайталау бар ма?

2. Нанға қатысты тыйым сөздер айт

3. Бір дән жатса, еңкейіңдер, көтеріңдер, себебі. . .

4. өлең шығару

Пәні: Ү. Сергіту сәті
Ана тілі: Қимыл -қозғалыс жаттығулары
Пәні: ҮІ. Дәптермен жұмыс
Ана тілі: Құрастырған өлеңдерін дәптерге жазады.
Пәні: ҮІІ. Пысықтау
Ана тілі: . Ой толғаныс сатысы:
1. Оқушылар біздің дастарханымыздағы нан тағамдарын атайықшы;
Тоқаш, бәліш, торт, тәтті кекс, печенье, бауырсақ т. б.
2. Ал осы бауырсақты қалай жасаймыз? Аналарыңнан көргендерің бар ма?
/бауырсақтың жасалу жолдарын оқушылар баяндайды. /
Пәні: ҮІІІ. Қорытынды
Ана тілі:
  • Сабақ ұнады ма?
  • Бүгін біз нені үйрендік?
  • Нан жайлы өз пікіріңді айт
Пәні: ІХ. Үй тапсырмасы
Ана тілі: Өлеңді мәнерлеп оқу. 256-257 беттер. «Нанды қастерлей білейік» эссе жазу
Пәні: Х. Бағалау
Ана тілі: Сабақ барысында алған белгілерімен қорытып, бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Топтар топ - минут
Нанды аяқ астына тастама
Нұрқасым Қазыбеков.Наурыз көже
Өлең мазмұнын суреттеу
Сабақ мақсаттары. Сабақ жоспары
Балықшының суретін салып мінезін жазу
Кітап оқудың пайдасы
Қазақ тілі пәнін оқытудың негізгі міндеттері
Материалды тұсіндіру кезеңі
Қыс суреті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz