Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар
Файл қосу
Ш. Мұртаза бала тұрар жайлы ақпарат
Сабақтың тақырыбы: Ш. Мұртаза « Бала Тұрар»
Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың мәтін мазмұнын меңгерту, Шерхан Мұртаза
туралы
білетіндерін жаңа мағлұматтармен
кеңейте отырып,оның
шығармаларымен таныстыру.
2. Оқушының сабаққа деген қызығушылығын
арттыру,ойын толық
жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазба
тілдерін жетілдіру, ой-өрісін
дамыту.
3. Адамгершілікке, байқампаздыққа,
төзімділікке,кішіпейілділікке,
еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, Сұрақ жауап, венн димграммасы
Көрнекілігі: Суреттер, слайд.
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасып, сабаққа дайындығын сұрау, назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Ана тілің –арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!- деп ақын Қадір Мырза -әлі жырлағандай, ана тілі
сабағын бастаймыз.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
- Тұрсын Жұртбайдың « Бала Мұхтар мен Абай» мәтінін мазмұндау.
- Ауызша екі-үш оқушыдан сұрап , сұрақтар қою арқылы бағалау.
Сұрақтар:
- Әңгіме кім жайлы?
- Абай Мұхтарды қалай суреттеді?
- Қариялар Абайдың мінезіне неге таң қалды?
- Мұхтарды кім алып келді?
- Әуез қарт Мұхтардың құлағына не деп сыбырлады деп ойлайсың?
ІІІ. Өткенді пысықтау. Сөзжұмбақ шешу.
|С |
| | |Т |ұ |р |с |ы |
| | |З |е |р |е | |
1. Төле бидің малшысы.
2. М. Әуезовтың анасы.
3. Абайға «Қобыланды батыр» жырын жырлаған ақын.
4. Әуез қарт пен Мұхтар қай ауылға барды?
5. «Қоңыр қозы» мәтінінің авторының есімі.
6. Абайдың әкесі кім?
7. Алматы қаласында қай батырдың зираты орналасқын?
8. «Қоңыр қозы» деген кім?
9. Абайдың әжесі..
IV. Жаңа сабақ
Тұрар
Рысқұлов туралы әңгімелеу.
[pic]
1894 жылы Верның уезіне қарасты Шығыс Талғар болысында (қазіргі Алматы
облысында) дүниеге келді. Әкесі рысқұл 1904 жылы патша үкіметінің зорлық-
зомбылығына қарсы шыққаны үшін Сахалинге жер аударды. Тұрар байларға жалшы
болып жалданып мал бағады. 1907 жылы тегін өзгертіп орысша-қазақша бастауыш
мектепке түседі. Бішкектегі ауылшаруашылық мектепте оқиды. 1916 жылы
Ташкенттегі мұғалімдер институтына қабылданады. Бірақ оны аяқтай
алмайды.Ұлт-азаттық көтеріліс басталып Тұрар Рысқұлов соған белсене
атсалысады.
[pic]
Ш. Мұртаза Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылында дүниеге келді. Ол
жетімдіктің ащы дәмін татып өскен .Ауылдағы мектептен соң Жамбылдағы
интернатта оқыды. Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың
лауреаты, белгілі қоғам қайраткері. Оның «Қызыл жебе», «Қара маржан» деген
ірі көлемді шығармаларын оқырмандар іздеп жүріп оқиды. Ол егеменді
еліміздің көтеген наградаларымен марапатталған Соның ірінде рекше құрмет
тұтатыны- «1941-1945 жылдардағы еңбектегі ерлігі үшін» медалімен 2002 жылы
алғын «Отан» ордені.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқу. Оқушылар тізбектей оқу.
Сұрақтарға жауап беру арқылы мазмұнын ашу.
1.Мәтінде қандай кейіпкерлер бар?
2. Тұрар қандай сөздер жазды? Мағынасын түсіндір.
3.Иван Владимирович Тұрарға қандай тапсырма берді?
4.Атамырза неге күлді?
5. Мұғалім қандай мысалмен Тұрардың еңсесін көтерді?
6.Атамырза кімнің баласы?
7.Балалар неге күлді?
8. Атамырзаға не ұнамады?
9. Мұғалім оларды қандай бағамен бағалады деп ойлайсың?
Дәптермен жұмыс.
Қызыл жебе- жүйрік жылқы.
Аспара- таудың аты.
Көке- Қызыл жебеге мініп шапқан кісі.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрамыз,
Мойнымызды бұрамыз.
Бір отырып ,бір тұрып,
Үлкен боп ертең шығамыз.
V.Сабақты бекіту :
Оқушыларды екі топқа бөліп тапсырма беру.
1-топ Венн диаграммасы
Тұрар
ортақ Атамырза
2-топ «Пікірлер ағашын » Ш. Мұртаза жайлы толтыру.
Екі топтың болған тапсырмаларын оқып, қатесін түзеу.
VI.Қорытынды.
- Мәтінді жазған кім?
- Мәтінен қай кейіпкер ұнады? Неге?
- Сен мәтінен қандай ой түйдің?
Бағалау. Үйге тапсырма мәтінді мазмұндау. Жағымды кейіпкерге мінездеме
жазу. Қоштасу.
-----------------------
Оқушы
Ұл
құрдас
Еріншек
Сауатсыз
Тәртіпсіз
Білімді
Ақылды
Сабырлы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz