Кім жомарт? не жомарт? әдебиеттік оқу пәнінен сабақ жоспары.2-сынып

Десант сабақ
Әдебиеттік оқу
2 сынып
Десант сабақ: Сабақтың тақырыбы:
Әдебиеттік оқу: Мұзафар Әлімбаев. Кім жомарт? Не жомарт?
Десант сабақ: Сабақтың мақсаттары:
Әдебиеттік оқу:

1. Білімділік: Оқушылар мейірімділік, қайырымдылық, турашылық жайында әңгімелей келе өлең мазмұнын түсініп айта білуге, мәнерлеп оқуға үйренеді. Оқушылардың ойын жүйелеп баяндай білу шеберлігі артады.

2. Дамытушылық: Диалог түрінде берілген өлеңді оқуда дұрыс дауыс ырғағын келтіруді басшылыққа ала отырып, оқу дағдылары қалыптасады. . Ойын жүйелеп баяндай білу шеберлігі артады.

3. Тәрбиелік: Өзіндік пікір, көзқарастар қалыптастыра отырып, оқушылардың бойында әділдік сезім, жолдастық, адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Десант сабақ: Сілтеме:
Әдебиеттік оқу: Әдістемелік нұсқаулық, 2-сыныпқа арналған Әдебиеттік оқу оқулығы
Десант сабақ: Күтілетін нәтиже:
Әдебиеттік оқу: Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді ажырата білуі, тақырыпты өмірмен байланыстыра білулері
Десант сабақ: Сабақта қолданылатын материалдар:
Әдебиеттік оқу: Интерактивті тақта, А3, түрлі-түсті маркерлер, стикерлер, смайликтер
Десант сабақ: Оқыту әдістері:
Әдебиеттік оқу: Сұрақ- жауап, АКТ, сыни тұрғысынан ойлау
Десант сабақ: Оқытудың түрлері
Әдебиеттік оқу: Жұптық, топтық, өзіндік жұмыстар арқылы өткізу
Десант сабақ: І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Әдебиеттік оқу:

Топқа бөлу. «Адам болам десеңіз» бөліміне байланысты 3 топқа бөлу.

1-топ Талапты

2-топ Еңбекқор

3-топ Ойшыл

Таңдау, бөліну, отыру

Десант сабақ: ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Әдебиеттік оқу:

Үй тапсырмасын тексеру:

М. Гумеров. Көк кептер

Жоспар:

1. Бейтаныс балалар

2. Арашашы

3. Нүсіпбектің досын іздеуі

4. Үйге келгендегі іс-әрекеті

1-топ. Әңгімені мазмұндайды

2-топ. Нүсіпбек пен Аймағанның қасиеттерін Венн диаграммасына салу. Нүсіпбек (аңқау, адал, сенгіш) пен Аймағанға (сатқын, арам, қу) ортақ нәрсе ? (дос балалар)

3- топ. Мәтін кейіпкерлерін және олардың іс-әрекеттерін бағалау: Мәтін кейіпкерлері не істеді? Сендерің пікірлерің

Десант сабақ: ІІІ. Жаңа сабақ
Әдебиеттік оқу:

Сөзжұмбақ шешу:

1. Төрт түліктің бірі не малдың қасқасы ? (жылқы)

2. Еңбек етуге ең керекті не? (қол)

3. Не өмір шырағы? (білім)

4. Тіршіліктің тірегі кім? (ана)

5. Кездескенді тақырға отырғызып кететін кейіпкер кім? (Алдаркөсе)

6. Не тас жарады,

Тас жармаса бас жарады. (тіл)

Десант сабақ: IV. Сергіту сәті
Әдебиеттік оқу: Бейнеролик көрсетіліп, сергіту жаттығуын орындайды.
Десант сабақ: V. Оқулықпен жұмыс
Әдебиеттік оқу:

1. - Ендеше, бүгін біз “Жомарттық”туралы оқимыз. Күнді, тақырыпты жазғызу. Өтетін тақырыптың мазмұнын, мақсатын айту.

Жомарттық деген не?

Жомарт адам уәдесінде тұрады, әділ, қайырымды болады.

-Кабуснама деген не? - Оны кім жазды? Қайқауыс туралы түсінік беру.

Оқулықта берілген мақалды оқу. Жомарт сөзіне қарама -қарсы сөз - сараң сөзі.

2. М. Әлімбаевтің суретін көрсетіп, мағлұмат беру.

Мұзафар Әлімбаев - Қазақстанның халық жазушысы. 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды аулында дүниеге келген. Әлімбаев балалар әдебиетіне ерекше еңбек сіңіріп келеді. Оның «Бал дәурен, шіркін балалық», «Ақсерек пен Көксерек» т. б. сондай кітаптары оқырмандар қауымына кеңінен танымал. Әлімбаев дүние жүзіндегі 70 елдің мақал-мәтелін жинап, оларды ана тілімізге аударды.

3. Оқулықтағы өлеңді оқып, диалог түрінде оқу жолдарын көрсету.

-Диалог деген не ? Пысықтату. Оқушыларға рөлге бөліп кезекпен оқыту.

Десант сабақ: VI. Тапсырма
Әдебиеттік оқу:

Топтық жұмыс

1-топ

”Кім жомарт? Не жомарт?” сөзіндегі кім? не? сұрақтары қай сөз табына қойылады? (зат есімнің ережесін еске түсіру)

2-топ

Өлеңде ақын кімдерді және нелерді жомарт дейді? Осы сұрақтарға өз беттеріңше жауап беріп, өлеңді жалғастырып көріңдер

3-топ

Өлеңді сурет түрінде бейнелеу.

Десант сабақ: VII. Бекіту
Әдебиеттік оқу:

-Батырды неліктен жомарт дейміз? (Халық үшін жанын бергендіктен)

-Ұстазды неліктен жомарт дейміз? (Бар балаға тәлім бергені үшін)

-Жерді неліктен жомарт дейміз? (Адамзатты асырағаны үшін)

-Күнді неліктен жомарт дейміз? (Жерге нұры шашырағаны үшін)

Десант сабақ: VIII. Үйге тапсырма беру
Әдебиеттік оқу: Өлеңді жаттап келу. Жомарттық туралы “Қабуснамадан” берілген үзіндіні жаттап келу.
Десант сабақ: IX. Қорытындылау
Әдебиеттік оқу:

- Жомарттық дегеніміз не?

- Қабуснамада жомарттықтың неше белгісі бар делінген?

- Бірінші белгісі не?

- Екінші белгісі не?

- Үшінші белгісі не?

- Жомарттық деген сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді ата.

- Мұзафар Әлімбаев қай жерде дүниеге келген?

- Мұзафар Әлімбаевтің қандай шығармалары бар?

- Біз қандай болуымыз керек?

Десант сабақ: X. Бағалау
Әдебиеттік оқу: Формативті бағалау. Екі жұлдыз бір тілек арқылы
Десант сабақ: XI. Рефлексия
Әдебиеттік оқу: Сабақтан алған әсерлерін смайлик арқылы көрсету тапсырылады.


Ұқсас жұмыстар
Мұзафар Әлімбаев. Кім жомарт Не жомарт
Әдебиеттік оқудан орта мерзімді жоспар. 4 сынып
1-2 сыныптар ана тілі сабақтары
Құрметтейік Жер-Ананы
Әдебиеттік оқу 2 сынып сабақ жоспарлары
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ САБАҚ
"Кеңпейілділік пен жомарттық." 5 сынып
Жиырма тиын
Сабақтың көрнекілігі. Сабақтың тақырыбы
Үлестірмелі бағалау парақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz