5-сынып математика сабағы: Блум таксономиясы мен сындарлы оқыту арқылы ең кіші ортақ еселік

Сындарлы оқытуға негізделген сабақ

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен білімді меңгеруге дағдыландыру мақсатында өз іс-тәжірибемде сындарлы оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалануға тырысамын. Сындарлы оқытуда оқушылар әр сабақта оқу үдерісінін барлық аспектілеріне белсенді қатысуы керек: олар топ болып жұмыс жасайды, өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырып, бір-біріне кеңес береді, өз алдарына мақсат қояды, алған нәтижелерін қадағалайды, идеяларымен эксперимент жасайды және «қателер оқудың ажырамас бөлігі» екенін түсіне отырып, тәуекелге барады. Топпен жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылады. Оқушылар өзін және бірін-бірі бағалайды, өз білім деңгейін біледі және мұғаліммен бірге алдағы мақсаттарға қарай жылжиды, өз білімін қадағалау және бағалау қабілеттерін бойына сіңіреді. Бұл болса оқушының оқу үлгерімінің жоғарылауына септігін тигізеді.

Төменде 5-сыныптағы математика сабағында « Ең кіші ортақ еселік »тақырыбын оқушылардың өз бетінше меңгеруіне арналған және Блум таксономиясы бойынша құрылған сабақ үлгісін ұсынып отырмын.

Сабақтың тақырыбы
Ең кіші ортақ еселік
Сабақтың тақырыбы: Жалпы мақсаттар
Ең кіші ортақ еселік: Ойлау қабілетін дамыту; ойын түсінікті етіп жеткізе білуге баулу; сыни тұрғыдан ойлауды дамыту; топтық жұмысқа бейімдеу; өзін-өзі реттеуді үйрету.
Сабақтың тақырыбы: Негізгі мақсаттар
Ең кіші ортақ еселік: Ең кіші ортақ еселік туралы білім қалыптастыру; білімін есептер шығаруда пайдалана білуге, түсінгенін математика тілінде жеткізе білуге баулу.
Сабақтың тақырыбы: Оқыту нәтижелері
Ең кіші ортақ еселік: Ең кіші ортақ еселік туралы үйренгендерін есептер шығаруда пайдалана біледі, түсінгендерін математика тілінде баяндай алады, санның еселігі, ең үлкен ортақ бөлгіш туралы алған білімдерімен байланыстыра алады.
Сабақтың тақырыбы: Ресурстар
Ең кіші ортақ еселік: 5 сынып математика оқулығы(Алдамұратова Т. «Атамұра» 2010), жұмыс парағы, өзін-өзі бағалау парағы, топтық бағалау парағы.
Сабақтың тақырыбы: Оқыту әдістері
Ең кіші ортақ еселік: Блум таксономиясы, топтық жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақтың тақырыбы: Түйінді идеялар
Ең кіші ортақ еселік: ЕКОЕ- берілген сандардың әрқайсысына бөлінетін сандардың ең кішісі. Өзара жай екі санның ЕКОЕ-сі олардың көбейтіндісіне тең. Егер берілген сандардың біреуі қалғандарына бөлінетін болса, онда сол сан берілген сандардың ең кіші ортақ еселігі болады.
Сабақтың тақырыбы: Кезеңдер
Ең кіші ортақ еселік: Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Сабақтың тақырыбы: Ұйымдастыру кезеңі
Ең кіші ортақ еселік: Сәлемдеседі, түгендейді, сынып оқушыларының көңіл-күйін сұрайды, дайындығын тексереді, жақсы тілек тілейді, топқа бөледі, топтық және өзін-өзі бағалау парағын таратады
Мұғаліммен сәлемдеседі, топқа бөлінеді, бір-біріне сәттілік тілейді
Сабақтың тақырыбы: Білу
Ең кіші ортақ еселік:

1. Өткен сабақтағы үй жұмысына талдау жасайды.

№302, №303, №304.

2. Жалпы білімін тексеру мақсатында топтарға бақылау қимасын таратады.

1. Қателіктерін айқындайды, түзетеді.

2. Топтық жұмыс.

Сабақтың тақырыбы: Мақсат қою
Ең кіші ортақ еселік: Сабақтың тақырыбын хабарлайды, жұмыс парағын таратады.
Мақсат қояды.
Сабақтың тақырыбы:

Түсіну

(Жаңа сабақ)

Ең кіші ортақ еселік: Жұмыс парағында жаңа тақырыпқа арналған сұрақтар ұсынады, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Топтық жұмыс:сұрақтарға жауап жазады, тақырыпты үйренеді.
Сабақтың тақырыбы: Қолдану
Ең кіші ортақ еселік:

Тапсырмалар ұсынады.

1. №307.

2. 308(1-5), №309(1-5) .

3. №311

Тапсырмаларды орындайды.

  1. Ауызша.
  2. Топтық жұмыс.
  3. Жеке жұмыс.
Сабақтың тақырыбы: Талдау
Ең кіші ортақ еселік: ЕКОЕ табу кезінде кездесетін жағдайлар туралы сұрақтар қояды.

Тапсырмаларды талдайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Сабақтың тақырыбы: Жинақтау
Ең кіші ортақ еселік: Сабақты қорытындылауға арналған сұрақтар қояды.
Жеке оқушылар жаңа тақырып бойынша үйренгендері туралы баяндайды.
Сабақтың тақырыбы: Үйге тапсырма
Ең кіші ортақ еселік: Үй жұмысын ұсынады, түсіндіріп өтеді.
Белгілеп алады.
Сабақтың тақырыбы: Тақырыпты бағалау
Ең кіші ортақ еселік: ЕКОЕ табу қажеттілігіне мысалдар келтіруді сұрайды, жауаптарын толықтырады.
Мысалдар келтіруге тырысады.
Сабақтың тақырыбы: Бағалау
Ең кіші ортақ еселік: Оқыту үшін және оқуды бағалайды.
Бақылаушылар топ мүшелерін бағалайды, оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Сабақтың тақырыбы: Рефлексия
Ең кіші ортақ еселік: Бүгінгі сабақ туралы пікірін сұрайды.
Сабақтан алған әсерлерін жазып қалдырады.

Білу

1. Өткен сабақтағы үй жұмысын тексеру. Тақтада орындату.

№302, №303, №304. Оқушылар өздерін тексереді.

2. Топтық бақылау қимасын алу( мұғалім тапсырмалардың жауаптарын ауызша айтады, топтар өздерін өздері тексеріп, бағалайды) .

1. 12 санының бөлгіштерін жазыңдар.

2. 8 санының алғашқы үш еселігін жазыңдар.

3. 42 санын жай көбейткіштерге жіктеңдер.

4. 10 мен 14 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішін табыңдар.

5. ЕҮОБ(10, 11) =?

6. 25 пен 50 сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші неге тең?

Түсіну

Жаңа тақырып. Ең кіші ортақ еселік.

Оқулықты пайдалана отырып, жұмыс парағындағы көп нүктелердің орнын толтыру, тақырыпты өз бетінше үйрену.

4 саны мен 6 санына ортақ еселік болатын үш санды жаз. Олардың ең кішісі қандай сан? Оны 4 пен 6 сандарының ең кіші ортақ еселігі деп атайды. Жазылуы: ЕКОЕ(4, 6) = . . .

Берілген натурал сандардың ең кіші ортақ еселігі(ЕКОЕ) - . . .

Берілген натурал сандардың ең кіші ортақ еселігін табу тәсілдері:

1-тәсіл . . .

Мысалдары:

28=2•2•7 18=2•32

24=2•2•2•3 120=23•3•5

ЕКОЕ(28, 24) = . . . = . . . ЕКОЕ(18, 120) = . . . = . . .

2-тәсіл . . .

Мысалы, 15 пен 20 сандарының ең кіші ортақ еселігін табайық.

Берілген сандардың ең үлкені-20. 20 -ның еселіктері: 20, 40, 60, 80, 100, . . .

20 санының осы еселіктерінің ішіндегі 15-ке бөлінетіндері: . . . , ең кішісі . . .

Онда ЕКОЕ(15, 20) = . . .

Өзара жай сандардың ең кіші ортақ еселігі . . .

Мысалы, ЕКОЕ(8, 9) = . . .

Егер берілген сандардың біреуі қалғандарына бөлінетін болса, онда сол сан . . .

Мысалы, ЕКОЕ(7, 21) = . . .

Қолдану.

Топтық жұмыстар(әр топтан бір оқушы тақтада, қалған оқушылар орнында орындайды, тақтадағы оқушы қателескен жағдайда сол топтың басқа мүшелері көмекке келеді) .


Ұқсас жұмыстар
5-сыныпқа арналған математика сабағы: Ең кіші ортақ еселік
5-сынып математика пәнінің сабақ жоспарлары: процент, ең кіші ортақ еселік, шеңбер, жай бөлшектер және аралас сан
5-сынып математика: Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру - оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға арналған қорытындылау сабағы
Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру: 5-сынып практикалық сабағы
Ең кіші ортақ еселікке есептер шығару: бекіту сабағы
5-сынып математикасы: Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру - ашық сабақ
Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру: қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақта Блум таксономиясы арқылы оқыту мен оқудағы бағалауды тиімді ұйымдастыру: коучинг жоспары мен рефлексивтік есеп
Екі және одан көп сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші (ЕҮОБ) мен ең кіші ортақ еселігін (ЕКОЕ) табуға арналған сабақ (Модуль 4, 5 сағат)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz