2-сыныпқа арналған Сөз таптарын бекіту сабағы

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары. Бекіту.

Мақсаттары және күтетін нәтижелері:

- Сөз таптары туралы білімдерін бекіту;

- Сөз таптарын белгіленген белгілермен таба білу;

- Сұрақтарды дұрыс қоюға машықтандыру;

- оқушылардың ауызша және жазбаша тілдерін ;

шығармашылық қабілеттерін, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту;

- жұмысқа қызығушылықтарын арттыру; өзіндік білім алу дағдыларын дамыту;

Көрнекілігі: ноутбук, слайдтар, стикерлер, карточкалар А, Ә, Б, В; маркерлер, парақтар, смайликтер, бағалау парақтары.

  1. Психологиялық көңіл-күй. Ролик көру.
  2. Актуализация знаний.

- Ойын « Адасқан әріп».

Слайдта дауысты дыбыстар шашылған, тек қана бір «Т» дауыссыз дыбысы бар, балалар іздеп, сол әріпті анықтайды, содан соң неге ол әріпті таңдағанын түсіндіреді. (№1 қосымша)

3. Мұғалімнің әріпті жазып көрсетуі. « Т» әріпі.

4. Сөздік жұмыс.

Әрбір сөз таптарына екі сөзден жазып, содан кейін жазылған сөздерді оқу.

Сұрақтар: - Осы сөздер туралы не айтуға болады?

- Қандай сөз таптарына жатады?

5. Қайталау, қорытындылау және алған білімдерін жүйелеу.

Сұрақтар: - Бүгін сабақта нені қайталаймыз?

- Қандай сөз таптарын білесіңдер?

6. Ойын «Он сұрақтар» Диалог: оқушы-оқушы

Ойынның шарты: Стикерлерде басты сөздер: етістік, зат есім, сын есім, сан есім.

Бір баланың маңдайына стикерді жабыстырып, ол бала стикерде жазылған сөзге қатысты сыныпқа сұрақтар қояды.

Мысалы:- Бұл сөз қимылын білдіретін сөз бе?

- Не істеді? не қылды? деген сұрақтар қойылады ма?

Балалар сұрақтарға жауап береді, ал тақтадағы бала бастырған сөзді табады. Солай балалар барлық сөздерді тауып, сөз таптарын бекітеді.

7. Сергіту сәті « Кірпі» АКТ.

8. Қайталау. Тест тапсырмалары . Жауап нұсқаларымен А, Ә, Б, В.

( №2, №3 қосымша)

9. Жекеше жұмыс. ( оқулықпен, 2- жаттығу 192 бет. )

Тапсырма: Берілген сөздердің ішіндегі сан есімдерді тауып, зат есімдермен тіркестіріп жаз, бірнеше сөйлем құрастыр.

10. Дарынды балалармен жұмыс. ( логикалық тапсырма)

«Көп нүктенің орнына қажетті әріптер қойып жаңа сөз жаса»

□үн, □ара, □ол ( №4 қосымша)

11. Топпен жұмыс.

Синквейн құрастыру « күн» деген сөзге.

  1. Күн.
  2. Ыстық, жылы.
  3. Шығады, жарқырайды, жылытады.
  4. Аспанда күн жарқырап тұр.
  5. Табиғат.

12. Рефлексия ( смайликтер)

Балалар ұнатқан смайликтерді таңдап, сабақтағы өз көңіл-күйлерін білдіреді.

13. Бағалау парағы . ( №5 қосымша)

( әрбір тапсырманы белгіленген түспен бояйды)

Жасыл- 5, сары- 4, қызыл - 3.

Сабақты қорыту.

Пайдаланылған әдебиет.

  1. Интернет ресурстар.
  2. Қазақ тілі 2 сынып. Алматыкітап баспасы 2011 жыл
  3. Мұғалімге арналған Нұсқаулық ( үшінші негізгі деңгей)

4 Шығармашылық жұмыстардың жинағы.


Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпқа арналған Сөз таптарын қайталау сабақ жоспары
3-сынып қазақ тілі: сөз таптарын және жалқы мен жалпы есімдерді бекіту
Ашық сабақ: Сөз таптарын қайталау
Орта мектепте сөз таптарын қайталауға арналған Бақытты сәт ойын сабағы
Бастауыш сыныптарға арналған қазақ тілі сабақ жоспарлары: Біріккен сөздердің жазылуы, сөз таптарын қайталау, буын үндестігі
2-5 сандары бойынша көбейту және бөлу кестесін бекіту - 2 «А» сыныпқа арналған математика сабағы (11.02.2020)
Келер шақты бекіту сабағы: бастауыш сыныпқа арналған сабақ жоспары
2-сыныпқа арналған Атадан қалған асыл сөз тақырыбындағы сабақ жоспары
2-сыныпқа арналған Сөз өнері арнайы курс бағдарламасы мен сабақ жоспары
3-сыныпқа арналған 40 минуттық Қазақ тілі сабағы: Сөз таптары (грамматикалық нормаларды сақтау)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz