Заң бәрімізге ортақ

«Заң бәрімізге ортақ» сайысы.
Сайыстың білімділік мақсаты:
Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу.
Сайыстың дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың құқықтық білімін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау.
Сайыстың тәрбиелік мақсаты:
Конституция, т. б. құқықтық нормативтік актілерді құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сұрақ-жауап, иллюстрациялық тәсіл, шешендік сайыс.
Адам. Қоғам. Құқық. Тарих. Әдебиет.
Көрнекіліктері: Қанатты сөздер, заңға байланысты мерзімді басылымдар, кітаптар, буклет, заңдар жинағы.
- Ұйымдастыру - екі топқа бөлінген оқушылар жеке -жеке отырғызылады, сайыс мақсатымен таныстырылады.
Сайыс барысы: Кіріспе сөзді мұғалім бастайды.
Топтар мен таныстыру.
І топ. 10 - сыныбы «Тұлпар» тобы.
ІІ топ. 11 - сыныбы «Қыран» тобы
Әділқазылар алқасымен таныстыру.
Сайыс жоспары:
1-кезең: Әрбір топ басшысы - топ аты, топ ұраны және топ эмблемасымен таныстырып өтеді.
2-кезең: Ойлан, тап! 3-кезең: Құпия ұяшықтар 4-кезең: Мақал-сөздің мәйегі. 5-кезең: Кім, жылдам? 6-кезең: «Өз құқығыңды біл кезеңі».
Ойын шарты: Топ басшылары келіп жеребе алып сайысқа түседі.
І - кезең. Сайысымыздың алғашқы бөлімі - әр топ, топ атын, топ ұраны және топ эмблемасымен таныстырып өтеді.
Жоғарғы ұпай - 10 ұпай.
ІІ. Ойлан, тап!
Оқушыларға тақтада берілген сандарды таңдау ұсынылады. Әр санда әріп жасырылған. Сол берілген әріптен басталатын сөздер мен сұрақтарға жауап беру қажет.
Берілетін сандар:
1-Б; 2-С; 3-Д; 4-Т; 5-М; 6-К.
«Б» жауапты сұрақтар:
- Адамның өзінің болмысының шарттары мен кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығының көрсеткіші болатын, адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы? (Бақыт) .
- Өмір жайлаған жер қыртысы? (Биосфера) .
- Нарыққа қатысушылардың арасындағы өндіріс жағдайларын жақсарту және өнімді өткізу үшін талас? (Бәсеке) .
- Уақыт өткен сайын елдегі және дүниежүзіндегі даму үдерістерін ескере отырып, өзгеріп отыратын қоғамдағы саяси белсенді адамдардың ұйымы? (Саяси партиялар) .
- Парламенттің жоғарғы палатасы? (Сенат) .
«Д» жауапты сұрақтар:
- Адамдардың тарихи отанынан өзге жерлерде тұратын бөлігі?(Диаспора) .
- Жаңалығымен, жоғары жетістігімен және қоғамдық маңыздылығымен ерекшеленетін қызметтің өнімін алуға мүмкіндік беретін қабілеттердің жиынтығы? (Дарын) .
- Халық билігі? (Демократия) .
- Ресми жарияланған бағдарламалық мәлімдеме? (Декларация) .
- Заңды елемей, мемлекетті күшпен басқару? (Диктатура) .
«Т» жауапты сұрақтар:
- Белгілі бір әлеуметтік ортаның құндылықтарын тасушы индивид? (Тұлға) .
- Адамдар қауымының рудан жоғары сатысы? (Тайпа) .
- Ата-анасы және балалары бар отбасы? (Толық отбасы) .
- Қазақ құқық жүйесіне өзгеріс еңгізген хан? (Тәуке хан) .
- Демократияға қарама-қарсы саяси жүйе? (Тоталитаризм) .
«М» жауапты сұрақтар:
- Тұлғаның саналы қызметінің негізі және себебі? (Мотив) .
- Қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт? (Мемлекет) .
- Айналадағы нағыздықты жаңартуға бағытталған адамның шығармашылық еңбегінің нәтижесі? (Мәдениет) .
- Билік мұраға қалдырылатын мемлекеттік басқару формасы? (Монархия) .
- Бір әйел мен бір ер адамның некелік одағы? (Моногамды отбасы) .
«К» жауапты сұрақтар:
- Өндірісті ұйымдастыру үшін жасалған, адамның қолымен өндірілген материалдық игіліктер мен құралдардың жиынтығы? (Капитал) .
- Ата-анасымен балаларынан басқа туыстары қосылып өмір сүріп жатқан отбасы? (Кеңейтілген отбасы) .
- Тәуелсіздіктерін сақтай отырып, өздерінің кейбір әрекеттерін үйлестіру үшін біріккен мемлекеттер одағы? (Конфедерация) .
- Аумағы жағынан әлемде екінші орынды иеленетін мемлекет? (Канада)
- Заңдардың ішіндегі ең негізгісі? (Конституция) .
ІІІ. Құпия ұяшықтар.
Мұндағы ұяшықтардағы жасырын сұрақтарға жауап беру. Әр топқа 6 сұрақтан берілген. . (10, 20, 30, 40) .
Қазақстан тарихы.
10-ұяшық: «Қасым ханның қасқа жолы» заңдар жинағы қай жылы қабылданды? XV ғасырдың соңы, XVI ғасырдың басы 1511-1518жж.
20-ұяшық: Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағы қай жылдары қабылданды?
30-ұяшық: «Есім ханның ескі жолы» заңдар жинағы қай жылы қабылданды? 1598-1628 жж.
40-ұяшық: Қазақ халқындағы даулы мәселелерге не жатады? Жер, құн, мал, жесір.
Құқық.
10-ұяшық: Қоғамдық ортада адамдардың өздерін ұстау ережелерін қалай атайды? (әлеуметтік нормалар) .
20-ұяшық: Халық ұғымына сипаттама бер (белгілі бір географиялық ортадатұрып, әлеуметтік белсенді және жүйелі әрекет ете алатын, азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығы) .
30-ұяшық: Құқық дегеніміз не? (мемлекет тарапынан заңдастырылған және қадағаланатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі) .
40-ұяшық: Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында адам құқықтарын сипатына қарай қандай үш топқа бөледі? (адамның табиғи және тумысынан жазылған құқықтары, азаматтыққа байланысты құқықтар мен бостандықтар, экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар) .
Адам және қоғам.
10-ұяшық: Адам дегеніміз кім? (жерде мекен ететін тірі организмдердің жоғары сатыда дамыған түрі) .
20-ұяшық: «Қоғам» сөзінің анықтамасы? (материалдық дүниенің бір бөлшегі ретіндегі адамдардың табиғатпен және өзара байланыста бола отырып, бірлесу формасы болып табылады) .
30-ұяшық: Әлеуметтік топтасулар арасындағынемесе адамдар арасындағы саяси, әлеуметтік, экономикалық қатынастар қалай аталады? (Қоғамдық қатынастар) .
40-ұяшық: Адам мәселесімен айналысатын ғылым салалары? (антропология, социология, этнология, педагогика, анатомия, физиология, психология) .
ІV. Мақал - сөздің мәйегі.
Бұл кезеңде топтарға сөздер беріледі. Сөздерді мақал арқылы жеткізу керек. Әр мақалға 5-ұпайдан беріледі.
Тұлпар тобына: куә, ар, заң, ұры.
Қыран тобына: жала, дау, әділ, айғақ.
Мақалдар:
- «Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі куә табар».
- «Ар алтынмен өлшенбейді. Жігіттің құны - жүз жылқы, ары - мың жылқы».
- «Заңның құрығы бәрінен ұзын».
- «Ұрының арты қуыс. Ұрлық түбі - қорлық».
- «Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсін, ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің».
- «Би екеу болса, дау-төртеу. Дау мұраты-біту».
- «Әділ істің - арты игі».
- «Тақыр жерге су төксең, тайғақ болар, жаманға сырыңды айтсаң, айғақ болар».
V. Кім, жылдам?
Әр топқа заң, құқық тақырыптарына қатысты он сұрақ қойылады. Сұрақтар тест түрінде беріледі. Әрбір дұрыс жауап-1 ұпаймен есептеледі.
І топ сұрақтары:
- Конституция сөзінің аудармасы қалай?
А) «constitutio» - құрылым, өкілім; +
Б) құрылым, өкілім;
В) құрылым;
- Қазақстан Республикасы құрылымы жағынан қандай мемлекет?
А) Егеменді
Б) Унитарлы +
В) Аграрлы
- Егемендік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында Конституция қанша рет қабылданды?
А) 2 рет. 1995ж, 1998 ж;
Б) 1 рет, 1993 ж.
В) 2 рет, 1993 ж, 1995 ж. +
- Қылмыстық жауапкершілік басталатын жас шамасы?
А) 16 - 18 жас;
Б) 16 - 14 жас; +
В) 15 - 18 жас;
- Қазақстан Республикасында ресми түрде қолданылатын тіл?
А) қазақ тілі;
Б) орыс тілі; +
В) ағылшын тілі;
- ҚР Конституциясына қай жылы, қай айда өзгертулер еңгізілді?
А) 1995 ж 30 тамыз;
Б) 2005ж 20 мамыр;
В) 2007ж 21 мамыр; +
- ҚР-ның «Мемлекеттік рәміздері туралы» заң қай жылы қабылданды?
А) 1991ж 16 желтоқсан
Б) 1992ж 4 маусым +
В) 1997 ж 10 желтоқсан
- «Сындарлы он жыл» кітабының авторы кім?
А) М. Шаханов
Б) Н. Назарбаев +
В) Ә. Кекілбаев
- 22 қыркүйекте ҚР-да қандай мереке тойланды?
А) Республика күні
Б) ҚР халықтарының тілдер күні +
В) нашақорлыққа қарсы күрес күні;
- Ата заң не үшін қызмет етеді?
А) әр адамның құқығын қорғауға, бостандығын сақтауға +
Б) дауыс беру құқығын сақтайды;
В) нашақорлыққа қарсы күрес күні;
ІІ топ сұрақтары:
- ҚР Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады?
А) 9 бөлім 99 баптан
Б) 9 бөлім 98 баптан +
В) 9 бөлім 95 баптан
- Адам және адамзат туралы заңнама ҚР-сы Конституциясының нешінші бөлімін қамтиды?
А) ІІ бөлім +
Б) І бөлім
В) ІІІ бөлім
- ҚР-ның заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді органы?
А) Парламент +
Б) Президент
В) Конституциялық кеңес
- Республика заңдары қай кезде күшіне енеді?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz