Сабақ жоспары :: Қазақ тілі
Файл қосу
Зат есімнің септелуі жайлы ақпарат
Сабақтың тақырыбы: «Зат есімнің септелуі»
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің септелуі туралы түсінік бере отырып,
септік жалғауларымен таныстарып, олардың сұрақтарын
меңгерту.
Оқушылырды ұқыптылыққа, зеректікке баулай отырып,
әдемі жазуды талап ету арқылы көркемдікке тәрбиелеу.
Жаттығулар орындату барысында шығармашылық пен
танымдық біліктер мен дағдыларын ой-өрістерін одан әрі
дамыту.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, жаңа тақырыпты таныстыру сабағы.
Көрнекілігі: жаңа сабақ бойынша таблицалар мен плакаттар.
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Сәләматсыздар ма,балалар?
Оқушыларды сабаққа даярлап, назарын сабаққа аудару.Шеңбер құрып бір-
бірлеріне тілек айтады.
ІІ Үй тапсырмасымен жұмыс:
Балалар, бүгін сіздер сабаққа жақсы қатысып, сапалы білім аласыздар.
Білім ордасының төрінен орын аласыздар.Іске сәт.
ІІІ Өтілген материал бойынша тест арқылы алған білімдерімізді жинақтап,
сабағымыз жарыс түрінде өтеді.
Жарыс:
І топ «Алғырлар»
ІІ топ «Тапқырлар» топ арасында өтеді.
Әр топқа дұрыс жауап үшін жұлдызша беріліп отырады.Сабақтың соңынан жарыс
жеңімпаздарын анықтаймыз.
А) 1. Сөйлемнің қай түріне жататынын ажырат?
Айжан, өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма
а) Хабарлы сөйлем б) Сұраулы сөйлем
ә) Жай сөйлем в) Лепті сөйлем
2. Мақалды ажыратыңыз.
а) Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат
ә) Далада жаңбыр жауып тұр.
б) Күн ыстық
в) Еділ ұзақ жол жүрді.
3. «Х» әрпі жазылатын сөзді көрсетіңіз?
а) ...айуан ә) ақ...у б) азы... в) ы...ылас
4. Біріккен сөздер қатарын көрсетіңіз.
а) Аққу, жолбарыс б) Құнанбай, екі жүз бес
ә) халықаралық, кейадам в) үп-үлкен, жан-жануар
5. Жай сөйлемді табыңыз.
а) Өзеннің суы тұнық б) Мысық иттен қашты
ә) Күн күркіреді в) Гүлсім сурет салды
6. Бірыңғай жуан дауыстан тұратын сөзді табыңыз.
а) көңілді, тыйым б) зеңгібаба
ә) қызғалдақ, құлын в) жияды, кітап
ІV Жаңа сабақ.
а) Өзім жетігеннің суретін көрсетіп:
-Бұл-көне ұлттық музыкалық аспап, қазір мен сендерге осы аспапқа қатысты
бір ертегі айтпақпын. «Ертеде Зат есімнің жерінде Септік деген шал
болыпты.Оның 7 ұлы болыпты. Бір жылы елде жұт болып, елді ашаршылық Септік
шалдың үйіне де келіп жетіпті де, ол ұлдардарынан айырыла бастапты.Атау
атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын ішек орнына керіп тағыпты
да,кім?не?деп үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген баласы өлгенде тағы
бір ішек тағып: ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?-деп егіледі.Ай өткен
соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы да үшінші ішекті тағып:
«Кімге айтып жылайын,неге ғана өлді екен?»-деп жоқтау айтыпты.Табыс атты
ұлы дүниеден өтеді. «Нені айтып, кімді қорғайын»-дейді.Жатыс атты ұлы да
аштықтан өлгенде «Кімде кетті обалың, неде жатып көз жұмдың?»-деп бесінші
ішек тағып егіледі. Шығыс атты ұлы да аштықтан өлгенде, сонда алтыншы ішек
тағылып: «Неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын?»- деп егіледі.Ал
жетінші Көмектес те сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «Кіммен өмір
сүрмекпін, енді немен шұғылданамын?»-деп жоқтау айтып егіледі.
Содан 7 ішек, 7 тиек тағылып Жетіген аспабы пайда болыпты»
-Атау қайтыс болғанда кім үнсіз егіледі?
- Септік шал
-Ілік қайтыс болғанда шал не деді?
- Ненің зияны, кімнің көзі тиді екен?-деді.
Осы ретпен Септік шалдың аузынан шыққан сұрақтар қайталанады.
-Енді осы сұрақтарды Жетіген сөзіне қоямыз.
- Не? – Жетіген
- Ненің?- Жетігеннің
- Неге?- Жетігенге
-Нені?- Жетігенді
- Неде?- Жетігенде
- Неден?- Жетігеннен
- Немен? – Жетігенмен
Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды
септік жалғаулары деп атаймыз. Қазақ тілінде жеті септік бар: атау, ілік,
барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.
Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін зат есімнің септелуі дейміз.
Таблица бойынша түсіндіру.
Қазақ тілі бал тілім
Өзің барда шалқыдым.
Тіліммен бірге самалмын
Тіліме кім тағар мін.
V Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашып, берілген тақтадағы ережені көркемдеп жазып, бүгінгі
күннің жадын «Зат есімнің септелуі» тақырыбын жаза қойыңдар.
а) Оқулықпен жұмыс.
281-жаттығу ауызша орындалады. Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздерге сұрақ
қойылғаннан кейін, сұрақтардың ретіне қарай зат есім жалғауларының
өзгергендігі айтылады.
І топ «Алғырлар»
1.Біздің үйдің шатырына не ұя салды? (қарлығаш)
2. Ұяда ненің балапандары бар? (қарлығаштың)
ІІ топ «Тапқырлар»
1.Қарлығаш үнемі неге жем іздеуге тура келді? (балапандарына)
2. Бір күні биікте ұшып жүрген нені көрдік? (қарлығашты)
282-жаттығу. Жазбаша орындалады.
І топ
Үздік кім?-оқушы
Кімді көрді?-оқушыны
Кімге берді?-оқушыға
Кімнен сұрады?-оқушыдан
ІІ топ
Қайдан келді?-ауылдан
Ненің жолында көл бар?-ауылдың
Демалыста қайда барамын?-ауылға
Мен нені ұнатамын?-ауылды
VІ Сергіту сәті.
283-жаттығу.
Жеміске құты тола ма?
Бір-бірлеп теріп алмасақ
Әп-сәтте өсе қоя ма?
Еккен дәнін ойласаң
Білім де сондай қарағым
Біртіндеп сіңер бойыңа
Ұғып ал білім боларын
Шам-шырағың жолыңда,-деп.
VІІ Өзіндік шығармашылық жұмыс
І топ І топ
А.с Суретші А.с Қайың
І.с Суретшінің І.с қайыңның
Б.с Суретшіге Б.с қайыңға
Т.с Суретшіні Т.с қайыңды
Ж.с Суретшіде Ж.с қайыңда
Ш.с Суретшіден Ш.с қайыңнан
К.с Суретшімен К.с қайыңмен
285-жаттығу.
Тар шеңберді айналып,
Тұр қазықта байланып.
Қаға берер таңдайды
Әдетінен таңбайды.
VІІІ Үйге тапсырма
284-жаттығу.
Тиін ағаштың қуысына тығылады. Ол күзде ағаштың бүршігін, саңырауқұлақты
жинап алады. Қыстыгүні соларын жейді де, ұйықтайды.
ІХ Сабақты бекіту.
1.Қазақ тілінде неше септік бар?
а) 5 ә) 3 б) 8 в) 7
2.Шығыс септігінің сұрақтарын табыңыз
а) –мен,-бен,-пен
ә) –ка,-ке,-ға,-ге
б) –ның,-нің,тың,-тің,-дың,-дің
в) –дан,-ден,тан,-тен,-нан,-нен
3.Жатыс септігінің сұрақтарын табыңыз
а) кімде? неде?
ә) кімнен? неден?
б) кіммен? немен?
в) кімді? нені?
Х Сабақты бағалау.
І топ «Алғырлар» ІІ топ
«Тапқырлар»
Сынып оқушыларының өз білімдерін алдарындағы жинаған «жұлдызша» бойынша
қорытудағы балдық жүйемен есептеп тиісті бағаларын қоямын.
ХІ Мадақтау.
Өте жақсы қатысқан оқушылардың аттарын атап, сыйлықтар табыс етемін.
Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz