Сабақ жоспары :: Физика

Файл қосу

Физика, математика ғылымдардың патшасы

Мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, ынтасын, қабілеттерін, белсенділіктерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, пәндерден алған білімдерін тереңдету, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, білімді, озық болуға тәрбиелеу.
Түрі: кеш
Көрнекілігі:, плакаттар, шарлар, ойынға қажет әртүрлі заттар.
Кештің барысы:
1-ші Жүргізуші Қанағат
-Уа, халайық, халайық,Бәріңе жар салайық.Бүгінгі кеш төріндеДарындылар еліндеТапқыштардың тілінде,Есеп шешіп, жарысыпЖұмбақ шешіп аңдысып
2- Жүргізуші Дидар
Шабыт тасып шалқысып,Есеппенен ән салысып.Көңілді кеш жасайықЖұмбақ шерді шашайықАт салысып аянбайБар өнерге басайық
1-жүргізуші Қанағат
Асып әсте саспайықБатыл қадам бастайықЕркіңді билап барыншаЖарыста сірә, қалыспаКеш қызығын ей, достар.Осылайша шабытпенКәне енді бастайық.
2-жүргізуші Дидар
Мұнда қызық табыларЖаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.Айтыс, тартыс тағы барСөз жұмбақ та, сан жұмбақ.Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ.О-о-ой, бір қызық кеш болар,Өздеріңмен бес болар.
1-жүргізуші Қанағат
Бүгінгі кешке барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыр және ең қызық болып көрінетін үш егіз пәннің мектебіміздегі алыптарын ортаға шақырайық.
ПӘН БОЛЫП КИІНГЕН 3 ОҚУШЫ ШЫҒЫП, ТАҚПАҚТАР ОҚИДЫ.

ЗухраФизикаУа, халайық, халайық!Бәріңе жар салайық!Бүгінгі кеш төрінде,Физика елінде,Физика тілінде,Есеп шешіп жарысып,Жұмбақ шешіп аңдысып...Шабыттасып шалқысып,Есеппен ән салысып.Көңілді кеш жасайық,Жұмбақ шерді шашайық.Ат салысып аянбай,Бар өнерге басайық.
Мақпал Информатика Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған қауым!Құтқарып ауыр бейнеттенТехниканы үйреткенРоботтай - адамдыТіл бітіріп сөйлеткенКомпьютер емей неменеБілмегенді білдіргенӨлшеп киім кигізгенБарлық істі атқарыпПайдасын елге тигізген Компьютер емей неменеБәріңіз маған қараңыз!Ойынымызды бастайықАлуан түрлі ойлардыОртамызға тастайық.Информатика пәніненКөрсетіп біздер батырлықОй толғалық жүйеліТаңдайымызға татырлық
АмангелдіМатематика
Ғылымдардың патшаасы атанған,Евклид, Фалес, Пифагордан бата,Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!Жасықтан емессің сен қаталдансыңАқыл - ойды тәртіпкек келтіретінНағыз пән математика атанғансыңЖас достар,Мұны жақсы ұғайықМатематика ғылымыҚұрметтеуге лайықДүниедегі құбылыстың мәнінеТабиғаттың, қозғалстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсінуЕсебіңіз дүние кілті әлі де.

Мақпал МАТЕМАТИКА ( <<Ананың тілі>> әнінің мотиві)
Мектепке келдім, ұстзады көрдім,Жазу, сызу мен санау үйрендім.Сан менен қрнек, теңдеу мен бқлшек,Сырына оның, үңіліп көрсек.Математика - бар ілім басы,Математика - ғылым патшасы.Математика- өмір тірегіМатематика - шәкірт жүрегі.Сенсіз дүкенге бара алмаймыз,Сенсіз үйлерді сала алмаймыз.Сенсіз уақытты біле алмаймыз.Сенсіз тарихты жаза алмаймыз
1-жүргізуші: Білімдіден шығады алғыр, шешен,Шешендіктен болған ғой барлық көсем.Сайра шәкірт, суырыл , шарықташы,Ќалмасыншы бұл кеште сенің есеңі.
Дидар 2-жүргізуші Жиналған ылғи дарындар, Жүректе от, көздерінде жалын бар. Фигуралар тобын халайық, Қол соғып қарсы алайық.
Үшбұрыш: Санат Мен үшбұрышпын, Ылғи үштен түрамын. Үш қабырға, үш төбе, Үш бұрын болып құрамым
.Төртбұрыш:Ақерке
Мен төртбұрышпын,Көпбұрыштың бірімін.Үшбұрыштан болсам да жас,Бірақ одан ірімін.
Тіктөртбұрыш Жұлдыз
Математиканы білместергеҚұбыжық болып көрінем.Бар бұрышым тік болса,Тік төртбұрыш деп аталам.
Параллелограмм Ясмин
Қарам-ақарсы қабырғам,Параллель әрі тең болса.Іргелес жатқан бұрыштар.Бірінен бірі кем болса.Қосындысы бірақ та,180- қа тең болса,деп аталам!
Ромб Рәзбән
Ромбы атты бауырым,Бәрінен де сымбатты.Білімділер кеудеге,Тағады заттай қымбатты.
Трапеция Меділ
Трапеция туыстың,Ашуы мүлде тым қатты.Параллелограмм атасын,Жартылай ғана тыңдапты.

Көрініс : Әжесі мен немересі Жұлдыз Тоқжан
Ертеде әжесі мен 2 немересі тұрыпты. Бір күні немерелері мектептен шаршап келіп, математика сабағын жек көріп, екеуі де ашуланыпт. Сонда:
- Сен осы математика сабағын жақсы көресің бе?- Жоқ, осы математика сабағы, сандар, есептер соның бәрі маған жыныма тиеді.-Сен ше?- Мен де сол сабақты жек көремін. Осы математика сабағы, сандар, есептер, фигуралар болмаса ғой. Мен осы сабақ үшін басқа сабақтарды оқып үлгермеймін және есептерден басым қатады,- деп екеуі де, үстелдің үстінде ұйықтап қалады.Бұның бәрін естіп қалған сандар, барлығы жиналып, ақылдасып, басқа амал жоқ екенін біліп, балалардан қашып кетеді.Кейінірек олардың бөлмесіне кірген әжесі шошып кетеді.- Ойбай- а- а- й! Құдай сақтасын! Мынау сандар қайда қашып кеткен? Бүгін нешінші күн, сағат неше болғанын білмейміз ғой.- Балаларым, айналайындар, тұрыңдар!- А? Не болды? Біз ештеңе білмейміз,- деп немерелері таң қалды.- Сендер, математикасабағын жақсы көрмегендіктен сандардың бәрі қашып кетті., ентең ертемен тұрып сандарды іздеуге шығайық. Енді бұдан басқа амаламыз жоқ,- деп әжесі қайғырады.Со кезде есікті біреу қағып, әжесі тұрып қараса бір қария адам келіп тұр екен.- Сәлеметсіз бе? - деп қария амандасады.- Сізде математиканы жек көретін бала бар ма, мен соларды іздеп келе жатыр едім?- Бізде мұндай бала жоқ. Бізде бәрі жақсы.,- деп әжесі немерелерін қорғаштайды.- Сағат неше болды?- деп сұрайды.- Сағат, ээммм-ээээ- деп әжесі айта алмайды.- А-а-аай! Қап, бәлем! Сендерде екен ғой сандардың бәрінің қашып кеткен. Осы математика әлемінің заңы бойынша мына есептерді шығарсаңдар ғана сандар қайтып келеді? Сонда әженің 2 немересі есептерді шығарады
Кейін сандардың бәрі былай деп оралады: Ақерке
Бір дегенім- бесік,Шықтым содан өсіп.Екі- дегенім елім,Далам, тауым, көгімҮш дегенім- үмітҮміт артар жігіт.Төр дегенім- төзім,Төзе білем өзім.Бес- дегенім бақытБағалайтын уақыт.Алты деген- ақыл,Тыңдағаның мақұлЖеті деген- жалау,Жүректегі алау.Сегіз деген- сөзімСерт беретін кезімТоғыз деген тоқтау,Елдің жоғын жоқтау.Он- дегенім ОтанҚорға соны ботам.
1 - жүргізуші: Қанағат
Бұл адамдар ардақтаған халықтыФизикада даңқы шыққан алыптар.Қара, ойлан зерек болсаң балақай,Алыптарды әрқашанда танып қал.
Ньютон туралыӘн шашау: Зухра
ФИЗИКА ( <<Ана туралы жыр>> әнінің мотиві)
Әлемдік тартылыс,Күшін сен сыйладыңАуырлық, үйкеліс,Күшін сен сыйладыңСыйладың сен маған,Тұрақты сандарды.Ом менен НьютонныңӘр түрлі заңдарынЭлектр қуатын сыйладың сен маған,Жасанды көз нұрын сыйладың сен маған.Сенсіз бұл өмірде жүру де жоқ маған.Сенсіз бұл өмірді сүру де жоқ маған
Наргиза Қысым Кейде <<Қысым>> басым түсіп басқадан
Жүрегіңді қысып-қысып тастаған
Дәл осыны білгім келіп мен бүгін
Физиканың әліппесін бастағам
Нүргүл Атмосфералық қысым Қозғап-қозғап Броундық бөлшекті
Қызық-қызық құбылысты микроскоппен көрсетті
Торричелли ақылдасып Паскальмен
Ауаның да салмағын таразыға өлшепті
Білесің бе ал бұдан
Атмосфералық қысым деген
Ұғым шықты көрнекті

Жандос БӨЛШЕК Бүтінге келсең жұлқынып
Алдыңа еш сан салмайсың
Бөлшекке келсең бұлқынып
Жауабын таба алмайсың
Есепті мақта демелік
Бөлшекке көңіл бөлелік
Архимед заңы (Гүлзада)
Архимедті патша үйіне
<<Алтын тәжді>> зертте деп шақырды.
Көп қиналып ол өзін ваннадағы толы суға батырды
Салмақ , көлем, тығыздықты
Суда жасап есептеп
Қуанғаннан <<Эврика!>>-деп банядан шыға сала
Елдің бәрін шақырды.

2-жүргізуші:Көрініс: Физикалық көрініс <<Плитка және үтік>>
Плитка-Дана Үтік - Гүлзада Ток көзі - Наргиза
Бірінші шам - Жандос Екінші шам - Жандос Реостат - Рәзбан
Вольметр - Ақерке Амперметр - Сақтандарғыш - Нүргүл
Қожайын - Гүлнұр
Сахнада үтік пен плита өзара артықшылықтарын айтып, мақтанып жатады.,
Плитка: Менің адамдарға тигізетін пайдалы өте көп. Менің қызуыма олар тамақ пісіреді, шай кофе қайнатады.
Үтік: Менің де пайдам өте көп. Менсіз ешкімнің де киімдері үтіктелмейді. Әне, сен, өзіңнің үсті - басыңа қарашы, костюм - шалбарыңның қырын көрдің бе? Бұл менің арқам.
Плитка: Сен таңертең хош иісі, күрең шаймен ұйқыңды ашып, сабақта сергек жүресің, ол да менің арқам, Киім үтіктегенен басқа не білесің?
Үтік: Кейде плитка бұзылып қалғанда адамдар мені төңкеріп қояды да шәй шығарады.
Ток көзі: Әй, таласпаңдар, екеуіңе не болған? Мен сендерге тоқ беріп тұрмасам, сендердің керектерің қанша? Қазір өшіп қалайыншы, екеуіңнің де денелерің мұздап, керексіз болып қаласыңдар.Кішкене жан - жақтарыңа қарасаңдаршы. Отырмыз ғой үндемей. Қазір мен мына екі шамды жағамын.
Бірінші шам: Ой менің температурам көтеріліп барады.
Екінші шам: Кедергі реостаттар қайда? Ұйықтап қалған ба?
Реостат: Мен кедергіні жасап тұрмын,
Амперметр: Қазір мен тоқты өлшеп жіберейін,. Тоқ бірқалыпты.
Вольтметр: Мен де кернеуді өлшеп жіберейін. Ия, екеуіңде де кернеу бірқалыпты екен. Амперметр: Сен бір шамды жағып жібердің.
Вольтметр: Менің қандай кінәм бар, мұны істеген реостат қой.
Реостат: Сендерге не болған, кедергіні мен дұрыс жасадым. Білсем, кінә сақтандырғыштарда ғой деймін.
Сақтандырғыш: Вольтметр сен ылғи кернеуді дұрыс өлшемейсің барлық салмақ маған түседі. Міне, тағы да жанып кеттім. Сендер үшін күніне бір өліп, бір тірілемін.
Ток көзі: Тынышталыңдар, тынышталыңдар. Қожайынымыз келе жатыр.
Плитка: Шай қайнаған жоқ, ұят болды- ау.
Үтік: Киімдерін де үтіктей алмайтын болды.
Шам: Қап - қараңғы болып көзі де көрмей қалатын болды- ау.
Сақтандырғыш: Көрдіңдер ме менің қызметім қандай екенін?
Қожайын келіп шамды жағады. Плитканы қосады, үтік ті де қосады. Ешқайсысы да қосылмайды. <<е, е сақтандырғыш жанып кеткен екен ғой>> - деп оны жөндеп қосады. Плитка ысып шай қайнайды.
Қожайын: Ей, электр құралдары, сендер жеке- дара жан - жаққа тартпаңдар. Бәріміз бірігіп қызмет етейік. Адамдарды бір қажетіне жарайық. Келіңдер, бәріміз тізбектей қосылып, көңілді ән айтайық.

Информатика әні Дана

Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,Компьютер, бар сенің қасиетің.Бір емес бірнеше іс атқарасың,Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.Ақапарат, ақпараттық әрекетті.Жү.зеге асырасың, бас ұрасыңИнтернет желісін жүктейсің де,Әлемдік жүйеге сен енесіңӨмірдің тулап жатқан толқынында.Өзіңді өзгелермен бір көресіңАқапарт, ақпараттық әрекетті.Жү.зеге асырасың, бас ұрасың

1- жүргізуші; Көрініс: <<Арифметикалық орта>> ( Зухра мен Амангелді)Екі оқушы қатысады.
Қыз: Сен не ойлап тұрсың?
Ұл: Сен білесің бе менің не ойлағанымды. Арифметикалық орта математиктердің керемет жетістіктері емес пе? Өзің ойлап көрші, екеуміз доспыз. Жақсылық та, жамандық та екеумізге бірдей емес пе? Мысалы, бүгінгі бағаны алайық, сен <<5>> алдың, ал мен <<1>> алдым. Егер бағаларды қосып, <<3>>-ке бқлсек, екеуміз де 3 алдық. Қарашы, өзі қандай тамаша. Әкем де маған ұрыспайтын болды. Сондықтан жасасын арифметикалық орта!
Қыз: Бірақ, өзің әуелі менен сұрамайсың ғой, мен келісемін бе, келіспеймін бе?
Ұл: Тоқтай тұр, мені тыңда. Сен бүгін мектепке 15 минут ерте келдің. Мен болсам 15 минутқа кешіктім, енді тағы арифметикалық ортаға жүгінсек, екемізде мектепке дәл уақытында келдік. Керемет емес пе?
Қыз: Сен өзің тым ақылды екенсің ғой. Қап бәлем, сені үйретпесем. Сен маған магазиннен кеды әкеліп берші дейші едің ғой, мамаң ақшы беріп пе еді. Әкел, мен әкеп берейін.
Ұл: Ақша берген.
Қыз: Онда мен магазинге барып келейін, сен тағы арифметикалық ортаға есеп шығара бер.
Қыз: Мен тез оралды. Саған кеды әкелдім.
Ұл: Кәне, әкелші, көрейін. (Ашып қарап) Бұл не?
Қыз: Немене, ұнамай тұр ма? Бұл сенің кедың. Бірі 26 размер, екінші 44-і размер, Екеуін қосып, 2-ге бөлсек, сонда 35-і сенің размерің шығады. Жасасын арифметикалық орта! Саған бұл ұнайды емес пе?

2 жүргізуші кезекті <<Қызықты есептерге берейік Дидар
>>
* Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысықтан отыр. Сонда бөлмеде неше мысық бар?(4 мысық)
* Столдың басында 2 әке және 2 бала отыр. Оларға 3 алманы қалай тең бөліп беруге болады? (атасы, әкесі, баласы)
* Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің ортасында. Барлығы неше үйрек ұшып барады?(3 үйрек)
* Сағат 22.00-де жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?(жоқ)
* Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп беру керек және 1 алма корзинада қалуы керек. Бұл қалай?(соңғы қызға корзинамен бірге беру керек)
* Отбасында 5 ағайынды бар. Олардың әрбіреуінің 1 апайы бар. Отбасында барлығы неше бала?(6)
* Столдың 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?(5)
* Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг, ал екі аяғымен тұрса неше килограмм болады?(2 кг)
* 70 мин көп пе, әлде 1 сағ 10 мин көп пе?(тең)
* Екі қолда 10 саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?(50)
* Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?(13)
* 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.(98)
* Екі адам 2 сағат шахмат ойнаса, олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?(2)
* Сәуледе 6 сақина бар, оның 5-еуінің массасы бірдей, 1-еуі жеңіл. Таразыға екі рет қана өлшеп, жеңіл сақинаны қалай анықтауға болады?
1 жүргізуші
Ойын ойнап, ән салмай,
Өсер бала бола ма?
Ойын-сауық жасамай
Жастар жолы болар ма?
Құпиялы сандықтың
Кілтін аша алар ма?
Сыр сандық құпиясы>> - жұмбақ шешу. Қанағат
* Атадан 10 боламыз,
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіп те аламыз.(цифрлар)

* Бүтін, бөлшек бөліктерден
Үтір айырып тұрады,
Осы санның кім біледі
Аты қандай болады? (ондық бөлшектер)

* Түзудің бір бөлігі
Екі шеткі нүкте көрігі
Ұзындығы және бар
Айтшы сыйлық сенікі (кесінді)

* Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жаң-жағына қарамай? (натурал сандар)

* Санасаң сан жетпейтін нүктелерден,
Құралған фигура бар қарапайым.
Салу үшін сен оны сызғыш ізде,
Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара пайым. (түзу)

* Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді
Көңілге армандаған қана бермейді.
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін,
Қандай сан бар, достарым, пікір демейді (жай бөлшектер)

2 Жүргізуші:
Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Физика:Дана
Менің физика формулам бар өрнекті
Торричелли, Аристотель, Паскалдай
Ғалымдарым көрнекті
Ньютонда алмасымен ардақты
Тартылысты ашу үшін талай қызық жасалды,
Ал басқалар жерді көкті зерттеп
Табиғатта физиканың бір бөлігі деп кетті.

МАТЕМАТИКА Амангелді
Математиканы бәріміз меңгеріміз
Қосу менен басқаны теңгереміз
Көбейтуді жақтырмай жүрген жалқау
Оқшаулы бәріміз жөн көреміз
Сандардың біз сырына үңілеміз

Үйренбеген достардан түңілеміз
Білгеніңді бұл пәннен жасырсаңдар
Достарым өмірде жеңілеміз

3-оқушы: Зат дегенің бөлшектерден тұрады.Зухра

Керек десең ол сені былай-былай ұрады.
Ыстық жерде тез-тез жүріп
Ал суықта баяу басын бұрады.
Сондықтанда физикада дәл бұны
Броугндық қозғалыс деп ұғады.

1-Жүргізуші Қанағат: Математика ғылымы - ермек емес балалық
Математика ғылымы - көрегендік даналық
Космос кезген ракеталар дәл бүгін
Ешкімгеде таңсық емес жаңалық
2-Жүргізуші: Дидар
Физик, ғалым, астрономдар өтіпті,
Қиялменен көкке самғап жетіпті.
Табиғаттың аясында тербеліп,
Даналығын мұра етіп кетіпті.

2-жүргізуші Дидар:Ой санамда болса да балалығым,
Ғылым сырын білемін, даналығын.
Физика заңдылығын меңгертіп,
Зерделімін, білімдімін, саналымын!
1-жүргізуші: Қанағат Білгенге білім-байлық бағасы артық
Салмағы сан жетпейтін қорғасыннан
Үйренсең өнер білім өшпес мұра
Таусылмас тау кенінің қордасындай.
2-жүргізуші: Дидар Кезекті электр мен Механика айтысына берелік.

Ақындар шықты айтысқа:
Механика мен электр айтысы
М: Ассалаумағалейкум, электрім,
Немене болып кеткен сенің түрің
Төленбей дер кезінде еңбекақың,
Бейшара халге түсті-ау, әрбір күнің...
Э: Механикам аман ба,
Тап болған мынау заманға,
Өзіңе ешкім көз салмай,
Көңілің сенің алаң ба?
М: Немене алаңдаймын бала батыр.
Өзендер арнасында ағып жатыр
Қадірімді сен менің білмей кетсең
Сөзсіз-ау болатыны заман ақыр.
Э: Қоқытпағын сен мені
Заман ақыр сөзімен
Энергия халық алуда -
Электрдің көзімен.
М: Мақтанасың электрімі сен бекерге
Өмірлерің механикасыз бекер де
Болмаса өткізгіш деген денелерсіз -
Өздігінен ағып заряд кетер ме?
Э: Электр емей немене,
Заманға қазір керегі
Электрмен компьютер -
Әріптерді тереді.
М: Ол жағын дұрыс айттың бала батыр
Электрмен жарықтанып далам жатыр
Кей кезде ашуланып, долданумен
Шығасыңдар тіпті от сатыр-сатыр
Э: Физикада басқалар,
Өзіңменен тең бе еді?
Салыстырып өзгемен -
Мойындағын сен мені
Доғарайық осымен,
Мақсатымыз емес қой
Механика мен электрдің-
Бірін-бірі жеңгені

* Информатик ағайдың жиында берген батасы:
Ортаға бір топ оқушы шығады. Дөңгеленіп отыра калады. Ішінен біреуі сурылып шығып:- Ал, енді құрметті қонақтар, ерлерше бата берейік- дейді.- Ғ1 әрқашан көмекке келе берсін, Ғ2 пәле- жаладан сақтай берсін, CTRL ALT DEL үнемі жар болып қолдай берсін, ENTER!

1 жүргізуші Қанағат
Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренерміз аман болсақ!

Келес кездескенше сау-саламат болыңыздар
Кешімізді тамашалағандарыңызға мыңда бір рахмет


Ұқсас жұмыстар
Суреттерге зер салып, Сұрақтарға зейін қоя қараңдар
Сайыстың көрнекіліктері
Қолданылған нақыл сөздер
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы қанша
ҮІІ кезең
«екі жұлдыз» апталық қорытынды кеші
Сыныптан тыс сағат "жұлдызды сағат"
Кімнің сөзі
Тақ сандар
Сынып топ басшысы
Пәндер