Бунақденелілер 7 сынып

«№23 жалпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны»
7 ә сынып
Өткізген:Еңсегенова К. Ө.
Ақтау - 2013 жыл
Сабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің дамуы, пайда-зияны
Сабақтың мақсаты: 1) білімділік - Бунақденелілердің құрылыс ерекшеліктері
мен даму жолдары жөнінде түсінік беру;
2) дамытушылық - Бунақденелі жәндіктердің мүшелер
жүйесін өрмекші және шаян тәріздестерімен салыстыра
отырып, ерекшеліктерін таба білу;
3) тәрбиелік - Бунақденелілердің пайда-зиянын айта оты-
рып, оларды қорғауға тәрбиелеу:экологиялық тәрбие
беру.
Көрнекілігі: Тақырып бойынша дайындалған слайд, интерактивті тақта, кестелер: «Өзен шаянының сыртқы құрылысы», «Бунақденелілер».
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау, топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру:Оқушыларды түгендеу, сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
1) Ауызша сұрақ-жауап:
А. 1. Тип неге буынаяқтылар деп аталған?
2. Буынаяқтылар типінің кластарын атаңыздар.
В. 1. Буынаяқтыларды қандай белгілері бойынша ажыратуға болады?
2. Шаянтәріздестер класына сипаттама беру, ерекшеліктері.
С. 1. Өрмекшітәріздестер қалай қоректенеді, көбейеді, дамиды?
2) Шаянтәріздестер мен өрмекшітәріздестердің құрылысын салыстыру кестесі:
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру: Бунақденелілердің дамуы, пайда-зияны
Жоспар :1. Сыртқы құрылысы
2. Ішкі мүшелер жүйесі
3. Көбеюі, дамуы
4. Пайда-зияны
Бунақденелілер - буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Олардың 700 000 түрі бар. 2 класс тармағына жіктеледі: туақа-натсыздар және қанаттылар . 6 аяқты. Денесі 3 бөліктен құралады: бас, көкірек, құрсақ. Басында 2 мұртша, күрделі және жай құрылысты көздер мен көзшелер орналасқан. Көкірек бөлігінде қанаттар мен аяқтар бар. Көбею мүшелері құрсағында болады. Суаршын, суқандала, сушалқақ суда өмір сүреді.
Ауыз мүшелерінің құрылысы алуан түрлі. Мысалы: сүзіп-жалаушы (шыбын),
шаншып-сорушы ( маса, орман қандаласы), кеміруші ( тарақан, қоңыз), кеміріп-жалаушы (балара), түтік тәрізді ауызбен сорушы (көбелек) .
Ас қорыту жүйесі: ауыз(13), жұтқыншақ, өңеш(8), жемсау(6), бұлшықетті қарын(4), тұйықталған бірнеше тармақты ортаңғы ішек(3), артқы ішек(2),
клоака(1) - (артқы ішектің кеңейген соңғы бөлігі) . Ауыз қуысында сілекей бездері бар.
Тыныс алуы: Демтүтікпен тыныс алады. Демтүтіктер дененің екі қапталындағы 10 жұп тыныс алатын тесіктер - демтесіктер арқылы сыртқа ашылады.
Қанайналымы: ашық жүйе. Шаян тәрізділер мен өрмекшілерге қарағанда қарапайым. Жүрек(5) және одан таралатын қысқа қолқа (7) болады. Қан дененің артқы бөлігінен басына қарай ағады да, денеге құйылады. Сонан соң, жүрек қабырғасындағы ұсақ тесікшелер арқылы қан жүрекке қайта сорылады.
Бунақденелілердің қаны түссіз, оны гемолимфа деп атайды.
Зәр шығаруы: ішекке ашылатын өте жіңішке түтікшелер - мальпигий түтікшелері. (10)
Жүйке жүйесі және сезім мүшелері: Жүйке жүйесі жоғары деңгейде дамыған. Жұтқыншақ үсті жүйке жасушасының түйіні - ми(9) . Мидың үш бөлігі бар:алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктер. Жұтқыншақ асты жүйке түйіні мен құрсақ жүйке тізбегі екі жұп түйін - ганглий (12) (грекше:ганглион - бұдырмақ, ісік) түзеді. Бунақденелілер мұрты арқылы сипап сезеді және иісті ажыратады. Күрделі және жай құрылысты көздері бар.
Көбеюі. Бунақденелілер дара жынысты. Аталығында екі аталық без, ал аналығында екі аналық без(11) болады. Аналықтары ұрықтанған жұмыртқа салады. Оның ары қарай дамуы 3 түрлі жолмен жүреді.
Дамуы: 1. тура даму: жұмыртқа→имаго
2. шала түрленіп даму: жұмыртқа →дернәсіл→имаго
3. толық түрленіп даму: жұмыртқа →дернәсіл→қуыршақ→имаго
Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады. (лат. ересек жәндік) . Бунақденелілерді зерттейтін ғылым - энтомология деп аталады. (грекше: «ентома» - бунақдене, «логос» - ғылым) .
Инелік , дәуіт, шегіртке, бұзаубас, бит, қандала, т. б. шала түрленіп дамиды.
Қоңыз, көбелек, бүрге, шыбын, маса, шаншар, құмырсқа, балара толық түрленіп дамиды.
Пайда-зияны. Бунақденелілер өсімдіктерді тозаңдандырады. Топырақтан ін қазып (көңқоңыз), оны қопсыту арқылы топырақ түзуге қатысады. Қанқыз, құ- мырсқа, шаншар ауыл шаруашылығына зиян келтіретін саналуан зиянкестерді жояды. Баларалар адамға бал, балауыз береді. Жібек көбелектері жібек алу үшін өсіріледі. Бунақденелілер далада және орманда қалған жануарлардың өлексесі мен өсімдіктің шірінділерімен қоректенеді.
Зиянды түрлері:Паразит бунақденелілер (маса, қандала, бүрге, бит, тарақан, т. б. ) көптеген қауіпті ауруларды таратады. Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденелінің бірі - азиялық шегіртке. Жәндіктердің санына және шоғыр-
лануына байланысты шегірткелердің үйір және саяқ түрлері болады. Үйірлі шегірткелер дернәсілдерінің тығыз топтасуынан жаушоғыл, ересектерінің жинақталуынан - үйір түзіледі. Көкқасқа шегірткенің бір жазда өрбіген ұрпақтары екі қойды тойындыратын азықты жояды. Олардың жаушоғылдары мен үйірлері 1-2 сағатта жүздеген, тіпті мыңдаған гектар егістікті тып-типыл етеді. Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсілдер жаяу шегіртке деп аталады. Жаяу шегірткелерден құралған жаушоғыл жолында кездескен өсімдік атаулыны жайпайды. Сөйтіп, бір жерден екінші жерге көшеді. Олардан құтылу үшін жолына терең етіп ор қазады. Орға түскендерін топыраққа көму арқылы жояды. Улы затардың (инсектицид:латынша инсето-бунақдене, цидере-жою) көмегімен де жояды.
ІІІ. Оқулықпен жұмыс:218-223 беттегі мәліметтермен танысу. Бунақденелілер класы
ІY. Сөздік жұмысы:Мына жаңа сөздерге анықтама жазу:имаго, энтомология, гемолимфа, мальпигий түтігі, ганглий, жаушоғыл, үйір.
Y. Жаңа сабақты бекіту: (кері байланыс кезеңі)
1) Үлестірме тапсырмалар беру (дайындалып болғасын, интерактивті тақтаға орындату)
«Семантикалық карта»
Бунақденелілер мен шаянтектестерді салыстыру кестесі
Шаян
тәріздестер
2) Ауызша сұрақтар:
1 деңгей
1. Мына сөздерге анықтама бер: Имаго, энтомология
2. Бунақденелілердің дене бөлігі, онда орналасқан мүшелерді ата?
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz