Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерін идеялық-мағыналық талдау және сыни ойлау дағдыларын дамытуға арналған сабақ жоспары

C:\Users\Gulim\Desktop\Фото0239.jpg Мұғалім іс - тәжірибесінен

Г. А. Имашева, Шет ауданы Босаға орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Ы. Алтынсарин әңгімелері

Сабақтың мақсаты:а) Ы. Алтынсаринның әңгімелеріне тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасату;

ә) білімділік; танымын, шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке, мамандық таңдай білуге, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Cабақтың түрі:аралас

Сабақтың әдісі:сын тұрғысынан ойлау( ой қозғау, топтастыру, Венн диаграммасы )

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, кесте

Пән аралық байланыс:тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) оқушыларды түгендеу

ІІ Үй тапсырмасы

1-тапсырма “Жылдар сөйлегенде”

Ы. Алтынсарин өміріндегі елеулі оқиғаларды айтқызу

1) 1841 3) 1859 5) 1864 7) 1879-1883 9) 1896

2) 1850-1857 4) 1860 6) 1876 8) 1886-1887 10) 1889

2-тапсырма “Қазақ хрестаматиясына енген өлеңдері”

-Ы. Алтынсарин өлеңдері (аттары, тақырыбы)

-Қазақ хрестаматиясы қандай өлеңмен басталған?

(Оқушыларға өлеңін жатқа айтқызу)

ІІІ Жаңа сабақ

Жоспары:

1. Ыбырай-жазушы.

2. Ыбырай-аудармашы.

3. Ыбырай-әңгіме жанрының негізін салушы.

1. Мағынаны тану.

-Балалар, бүгін алған білімдеріңді толықтыру мақсатында Ыбырай әңгімелерінің тақырыптарымен танысамыз

-Әңгіме дегеніміз не?

2. Оқушыларға оқыған әңгімелерін айтқызу

3. Ыбырай әңгімелерінің тақырыптары

а) Адамгершілік тақырыбындағы әңгімелері; ”Таза бұлақ “, ”Бақша ағаштары”, ”Сауысқан мен қарға” т. б.

ә) Еңбексүйгіштік жайлы әңгімелері; ’’Бай баласы мен жарлы баласы” “Әке мен бала’’ “Қыпшақ Сейтқұл, ” “Дүние қалай етсең табылады?” т. б

б) Өнер, білім жайлы әңгімелер; “Зеректік” “Aтымтай Жомарт” “ Талаптың пайдасы” “Білімнің пайдасы’’

3) Аудармалары ;

И. Б. Паульсон: “Бір уыс мақта” “Тәкаппарлық” “Әдеп” т. б.

Л. Н. Толстой: “Жақсылыққа жамандық” “ Жаман жолдас” “Үш ұры’’

К. Д. Ушинский : “Түлкі мен ешкі’’ “Сауысқан мен қарға’’

И. Крылов; “Қайырымды түлкі”

4) ’’Таза бұлақ” әңгімесін рөлге бөліп оқыту

5) Алтынсарин-қазақ балалар әдебиетінің атасы, әңгіме жанрының негізін салушы . Шығармалары қысқа мазмұнға құралады . Аз сөзге көп мағына сыйғызу мақал-мәтел қолдану, әр әңгіменің тәлім-тәрбие мәніне ерекше көңіл бөлу-Ыбырай шығармаларының ерекшеліктері.

ІV Жаңа сабақты бекіту. Ой толғаныс

-Біз Ыбырай Алтынсарин туралы не үйрендік? (топтастыру)

ғалым

ағартушы

ақын

жазушы оқулық педагог

аудармашы авторы

2. Венн диаграммасы

V Сабақты қортындылау

1” Егемендіктің ең алғашқы шарты білім . Білім- қай заманда да маңызды, өзекті мәселе”

(пікірталас)

2” Сабақтан алған әсерім”

(оқушылар жазып тақтаға іледі)

VІ Үйге тапсырма ; Ы . Алтынсарин әңгімелері .

“Ата тәрбиесі мен ғибраты( ой толғау) ”

VІІ Бағалау

(бағалау парағы арқылы)


Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шағын әңгімелерін талдау
Логика және пікір: сыни ойлау мен пікір білдіру дағдыларын дамытуға арналған сабақ жоспары
2-сыныпқа арналған Ыбырай Алтынсариннің Салақтық мәтіні бойынша диалогтық сабақ жоспары - АКТ, сыни ойлау және тазалықты тәрбиелеу
Ыбырай Алтынсариннің Баланың айласы және Бай баласы мен жарлы баласы әңгімелерін оқыту: мақсаттары, әдістері және сабақ барысы
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелерінің тәрбиелік мәні: сабақ жоспары
Қысқа мерзімді сабақ жоспары - Соғыс және балалар тағдыры: әдеби талдау мен сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру
8-сынып: Ыбырай Алтынсариннің Таза бұлақ әңгімесін оқыту және талдау бойынша сабақ жоспары
Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелеріне арналған ізденіс-талдау сабағының әдістемелік жоспары
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі: идеялық-мағыналық және тілдік талдау
5-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары: Ыбырай Алтынсариннің Өзен өлеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz