Дене тәрбиесі сабағы: Қазақтың ұлттық ойындары - ат спорты мен Айгөлек ойыны

Дене тәрбиесі .

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары

Сабақтың мақсаты: : Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; пәнге деген қызығушылығын арттыру. Шымыр, сергек болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Сабақтың барысы:

1. Дайындық кезеңі .

а) Сыныпты сапқа тұрғызу.

Ә) »Теңел», »Тік тұр», »оңға», »солға», «секіріп оңға», »секіріп солға» командаларын орындату.

б) Оқушыларға денені сергітуге арналған түрлі жаттығулар орындату.

Дене тәрбиесі сабағындағы тіршілік қауіпсіздігі ережелерін пысықтап өту .

2. Негізгі бөлім. Қазақ ұлттық ойын түрлерімен таныстыру. Ат спорты. Қазақ халқының тарихи өмірі, оның ішінде спортпен шұғылдануы жылқы малымен тікелей байланысты.

Қазіргі заманда көптеген елдерде ат спорты кеңінен тараған. Ат спортымен шұғылдану адамнан батылдылықты, күш-қайратты, сонымен бірге жылқы малына деген шынайы сүйіспеншілікті қажет етеді.

Қазақта бәйге жарысы мен қыз қуу өте кең тараған.

Қазақтың ұлттық ат спортының түрлері:

1) Бәйге - әрқандай қашықтықтарға атпен жарысу.

2) Қыз қуу - атқа мініп қашқан қызды қуып жету.

3) Көкпар - бауыздалған ешкіні тартысу.

4) Аударыспақ - атқа мінген екі адамның бірін-бірі аттан аударып жерге түсіруі.

5) Жамбы ату - атпен тоқтамай шауып келе жатып найзаны жоғарыда ілулі тұрған нысанаға көздей лақтырып шаншу.

« Айгөлек. » ойынын ойнату.

Ойын жазық жерде өткізіледі. Ойын тәртібі: жиналған балалардың ішінен екеуі шығып, басқаларды екіге бөледі де, әрқайсысы өз тобын басқарады.

Басқарушылар екі топты бір-біріне қарама-қарсы 40-50 метр қашықтыққа қаз-қатар тұрғызады. Сонан соң екі басқарушы ойын бастайтын топты белгілеу үшін жеребе тастайды да, қайта өз топтарының қасына барып тұрады. Ойын бастаушы топ екінші топтың ішінен (басқарушыдан басқа) бір баланы тақпақ айтып шақырады: - Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, бізге батыр ұл керек, бізге батыр қыз керек, сонау тұрған Талғаттың өзі керек, - деп дауыстаған уақытта шақырылған бала тұрған топтан қолын босатып, жүгірген бетімен бірінші тотың қол ұстасып тұрған балаларының арасын кеудесімен үзіп кетуге тырысады. Егерде жүгіріп келуші бала күшті болса, үзіп кетеді. әлсіз болса, үзе алмай, ұсталып қалады.

Шақырылған бала қатарды үзіп өтсе, өткен жеріндегі екі баланың бірін өз тобына алып кетеді. Егер үзіп өте алмаса, сол топта қалады. Осыдан кейін ойынды екінші топ жалғастырады.

Ойын осы тәртіппен бір жағы таусылғанша жалғаса береді. Таусылған жағы жеңілген, қосып алған жағы жеңген болып есептеледі.

«Айгөлек» ойыны жастардың денесін щынықтыруға, ұстамдылыққа, күштілікке тәрбиелейді.

3. Қорытынды бөлім.

Оқушыларды мадақтау, бағалау.


Ұқсас жұмыстар
5-сыныпқа арналған дене тәрбиесі ашық сабағы: Қазақтың ұлттық ойындары
Қазақтың ұлттық ойындары: қазақ тілі және дене тәрбиесі пәндері бойынша біріккен сабақ жоспары
Қазақтың ұлттық ойындарын мектептегі дене тәрбиесі сабақтарында қолданудың педагогикалық-әдістемелік тәсілдері
Қазақтың ұлттық ойындары: сабақ жоспары мен әдістемесі
5-сыныпқа арналған дене шынықтыру сабағы: қазақтың ұлттық ойыны асық ату
ІІ кішкентайлар тобына арналған дене тәрбиесі сабағы: секіртпе жаттығулары мен қозғалыс ойындары
3-сыныпқа арналған дене тәрбиесі сабағы - Ұлттық ойындар
3а сыныпқа арналған дене тәрбиесі сабағы: Атом және молекула ойыны
Дене шынықтыру сабақ жоспары: қазақтың ұлттық ойындары - жаяу көкпар, қамалды қорғау, орамал тастау, жалғыз аяқпен күрес, омпы
Қазақтың ұлттық ойындары: түрлері, тарихи-мәдени маңызы және сабақтық жаттығулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz