8-сынып қазақ тілі: Баяндауыштың анықтамасы және түрлері

Қазақ тілі-8 сынып

Сабақ тақырыбы: Баяндауыш

Сабақ мақсаты:

а) Оқушыларға тұрлаулы мүшенің бірі баяндауыш туралы түсінік

беріп, оның құрамдық түрлерін ажырата білуге үйрету.

ә) Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін, өз ойын

жүйелі жеткізе білу қабілетін дамыту

б) Оқушыларды рухани-адамгершілік, еңбексүйгіштікке баулу,

білімді болуға деген қызығушылығын ояту.

Сабақ көрнекілігі : Интербелсенді тақта, ереже жазылған кесте, үлестірме қағаз.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдіс-тәсілі : түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, салыстыру әдісі

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, зейіндерін сабаққа аудару.

Жаңа сабаққа дайындық.

ІІ Үй жұмысын пысықтау

Жаттығудың орындалуын тексеру.

Үлестірме қағаз арқылы ереже сұрау, сөйлем талдау.

ІІІ Жаңа сабақ

Баяндауыш

Сөйлемдегі бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін білдіретін тұрлаулы мүшенің бірін баяндауыш дейміз.

Сұрақтары: Не істеді? Қайтеді? Қайтті?

Не істемек? Немене? Кімдікі? Ненікі?

Кім? Не? Неше? Қандай? т. б.

Баяндауыш болатын сөз таптары

№:
Сөз таптары: Сөз таптары
:
Сөйлемдер: Сөйлемдер
:
№: 1
Сөз таптары: Етістік
:
Сөйлемдер: Сен қайда жүрсің?
:
№: 2
Сөз таптары: Сын есім
:
Сөйлемдер: Бәріміз бір кісінің баласындай татумыз.
:
№: 3
Сөз таптары: Зат есім
:
Сөйлемдер: Ат - көлік, қамшы - қару.
:
№: 4
Сөз таптары: Сан есім
:
Сөйлемдер: Ер кезегі - үш.
:
№: 5
Сөз таптары: Есімдік
: Кешегі келген - соның өзі.
Сөйлемдер:
№: 6
Сөз таптары:

Еліктеуіш сөз

бен көмекші етістік

:

От жылт етті.

Мылтықтың даусы тарс етті.

Сөйлемдер:

Баяндауыш құрылысына қарай 3 түрге жіктеледі.

Дара баяндауыш: Дара баяндауыш
:
Ол бөлменің ішін тазалады.Мен өте қуандым.:

Ол бөлменің ішін тазалады.

Мен өте қуандым.

:
Дара баяндауыш:
:
Ол бөлменің ішін тазалады.Мен өте қуандым.:
:
Дара баяндауыш: Күрделі баяндауыш
:
Ол бөлменің ішін тазалады.Мен өте қуандым.:

Машина баяу жүріп келе жатыр.

Абай күрсініп қояды.

:
Дара баяндауыш: Үйірлі баяндауыш
:
Ол бөлменің ішін тазалады.Мен өте қуандым.:

Қиыны бұл дүниенің - қолы тарлық.

Есті адамдар бар қасиет - уайым жеу.

:

Оқулықпен жұмыс:

38-жаттығу. Мына сөздерді баяндауыш етіп сөйлемдерді аяқтаңдар.

Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма. Мақалдарды жалғастыр.

  1. Білімдіге дүние . . . (жарық)

Білімсіздің күні . . . (кәріп)

  1. Еңбекқордың ерні . . . (майлы)

4. Ақыл - тозбайтын . . . (тон)

Білім - таусылмайтын . . . (кен)

  1. Бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сыз.
  2. Баяндауыштың қандай сөз табынан жасалғанын анықта.

2-тапсырма. Екі сөзден тастап оқып, сөздерден өлең жолын құрастыр. Құрамынан баяндауышты тап.

  • Адамның, бала, оқытуды, бір, деген, жек, қызығы, баланы, көрмедім.

Жауабы:

Адамның бір қызығы бала деген,

Баланы оқытуды жек көрмедім.

Бұл үзінді қай өлеңнен алынған?

Өлеңнің авторы туралы не білесіңдер?

Жаңа сабақты қорытындылау

1. Венн диаграммасы (салыстыру) әдісі арқылы.

2. Сұрақ-жауап арқылы.

Оқушыларды бағалау

Үй жұмысы : 39-жаттығу орындау.

Баяндауыштың ережесін оқып, іздену.


Ұқсас жұмыстар
8-сынып қазақ тілі: Анықтауыш - анықтамасы, сұрақтары, жасалу жолдары мен түрлері
Қазақ тілі (3-сынып): Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
5-сынып қазақ тілі сабағы: Тарихи сөздер - анықтамасы, түрлері және жаттығулар
6-сынып қазақ тілі сабағы: Біріккен сөздер - анықтамасы, түрлері және практикалық жаттығулар
8-сынып қазақ тілі: сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері және шартты бағыныңқылы сабақтас
8-сынып қазақ тілі сабақтары: әдеби тіл нормалары, сөйлем түрлері және диктанттар
8-сынып қазақ тілі: Лепті сөйлемнің жасалу жолдары, түрлері және интонациялық ерекшеліктері
8-сыныпқа арналған қазақ тілі сабағы: Сын есім - анықтамасы, шырайлары және жаттығулар
6-сынып қазақ тілі сабағы: Күшейткіш үстеулер - анықтамасы және қолданылуы
8-сынып информатика сабағы: Операциялық жүйелер - анықтамасы, түрлері және негізгі құрамдас бөліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz