Дүниетану (3-4 сынып): Сыйластықтың себептері мен туған-туысқандар

№ 29 негізгі орта мектеп

3 - 4 сынып

Пән мұғалімі: Толеуова Г. А.

Пән аты: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Сыйластыққа себеп көп.

Туған - туысқандар.

Б/м: Мәтіннің мазмұнын таныстыра отырып, қонаққа

шақырудың себептері туралы және туыстық

қарым - қатынастар, туыстық атаулар жайлы

түсінік беру.

Д/м: Оқушылардың туысқандарға деген мейірімділік

қасиеттерін әңгімелеу, есте сақтау, ойлау

дағдыларын дамыту.

Т/м: Қазақ халқының әдет-ғұрпын сақтауға, үлкенді,

кішіні сыйлауға, қонақжайлыққа, еңбекқорлыққа,

сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ жауап, әңгімелеу, саханалау.

Көрнекілігі: Тірек - сызбалар, мазмұнды суреттер, плакатқа

жазылған сөздер, мақал - мәтелдер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) психологиялық дайындық.

Амансың ба, достарым,

Амансыздар ма, қонақтар,

Сабағымызды сыйластықпен бастайық

Жамандықты тастайық.

Көңіл - күйіміз жақсы болса,

Көңілді отырып сабағымызды бастайық.

2. Үй тапсырмасы.

4-сынып. Шығарма «Отбасы» туралы.

3-сынып. Қонақжай.

Әр оқушыға сөздер беріледі, әр сөздің

мағынасы ашылып түсіндіріледі.

«Ілтипат, меймандос, қонақжай».

4-сынып. Карточкамен жұмыс.

3-сынып. Өткен тақырыпты қайталау мақсатында.

Қонақ түрлерін атап көрейік.

Арнайы қонақ Құдайы қонақ Қыдырма қонақ

Арнайы қонақ - дегенді қалай түсінесің? Арнайы қонақ дегеніміз арнайы шақырылады.

Құдайы қонақ - аяқ астынан келген қонақты айтады. Мысалы: Жолаушылар.

Қыдырма қонақ - қыдырып, аңдып жүріп келген қонақ.

3. Жаңа сабақ.

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Бүгінгі жаңа тақырыбымыз

3-сыныпта: Сыйластыққа себеп көп

4-сыныпта: Туған-туысқандар.

Туған-туысқандардың арасында сыйластық болу керек. Олай болса бүгінгі біздің сабағымыз бір - бірімен тығыз байланыста болып тұр. Сыйластықтың өзі әдептіліктен, амандықтан басталады. Мына тірек - сызба арқылы сыйластықтың себептеріне тоқталайық.

1) Құда түсу, қыз ұзату, келін түсіру - мұның бәрі өскелең жастардың жаңа отбасын құруына тілектестік білдіреді. Берік шаңырақ, бақытты босаға тілейді.

2) Дастархан тірлігі - қонаққа шақырудың себебі көп. Солардың бірі соғым басынан шақыру, қыстың соғымынан дәм татқызу.

3) Балаға деген сүйіспеншілік - шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, тілашар. Мұның бәрі балаға деген сүйіспеншілік.

Олай болса осы тойларға яғни қонаққа кімдер келеді? Көршілер, ауыл адамдары, туған - туысқандар. Ендеше балалар туған - туысқандардың өзі бірнеше түрге бөлінеді. Туысқандардың ішінде адамның үш жұрты болады. Әр жұртқа жеке тоқталып, оқушыларға түсінік беру.

Үш жұрт

Нағашы жұрты Өз жұрты Қайын жұрты

4) Сергіту сәті: «Қазақтың дастарханы».

Ей менің асқар тауым,

Қазақы дастарханым

Береке ырыс құтым

Ақ қайнар бастауларым

5) Оқулықпен жұмыс: Тізбектеп оқыту.

6) Ойын: «Жамбы ату білесің бе?» «Жалғасын тауып

көресің бе» атты ойынын ойнаймыз.

Бұл ойынның мақсаты мақал - мәтелдердің жалғасын табу.

Ата - баланың қорғаны.

Татулық - табылмас бақыт.

Анаға құрмет - Балаға міндет.

Әкеге қарап - ұл өсір.

Шешеге қарап - қыз өсір.

7) Салт - дәстүр.

Қазақтың бірнеше салт дәстүрлері бар. Әр салт - дәстүр туралы оқушыларға жеке түсінік бере отырып, соның ішінде тұсау кесу дәстүрін саханалық көрініс ретінде қою.

8) Қортындылау. Карточкамен жұмыс.

9) Үйге тапсырма. Мәтінді оқу. «Туған - туысқандар» туралы

шығарма жазып келу.

10) Бағалау.


Ұқсас жұмыстар
4-сынып дүниетану пәні: Туған-туысқандар тақырыбына арналған аралас сабақ жоспары
3-сынып Дүниетану сабағы: Отбасы және туған-туыстар
Қысқа мерзімді жоспар №27: Адамдардың алғашқы қоныстарының пайда болу уақыты мен себептері (Дүниетану, 3-сынып)
Туған-туысқандар: өз жұрт, нағашы және қайын жұрт ұғымдары бойынша деңгейлеп-саралап оқыту сабағы
3-сынып. Дүниетану: Мен және менің отбасым - туыстық қатынастар мен әулет шежіресін құрастыру
Батыс Қазақстан облысы білім саласы: 4-сынып Дүниетану (3-нұсқа) бақылау жұмысы
Дүниетану 4-сынып: Жерасты сулары, өзендер мен көлдер
Дүниетану пәні: 3-4 сыныптарға арналған тест жинағы (2012-2013 оқу жылы)
3-сынып дүниетану сабағы: Ауа және оның қасиеттері
Дүниетану: Құстардың туған жерге оралуы - көктемгі тіршілік пен қамқорлық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz