Ана қымбатты жан

Тәрбие сағат тақырыбы: Ана - қымбатты жан

Тәрбие сағат мақсаты: Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту. Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.

К өрнекіліктері: Ертеңгіліктің тақырыбы жазылған плакат, слайдтар, шар, гүл суреттері.

Мұғалім: - Құрметті аналар, әжелер, ұстаздар, әріптестер! Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі - 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Әлемдегі ең асыл жан ол - Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару - көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, қыздарға арналған, «Ана - қымбат жан!»атты кешімізге қош келіпсіздер!

Би : Жүрек биі

Азамат: Біз ғана емес

Қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Хор: Армысыздар, қасиетті аналар!

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Тауып көріңдер

Жұмбақ:

Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

Бұл кім?

Балалар: АНА

М: Әрине, бұл біздің аналарымыз. Ана сөзін аузына алмайтын адам баласы жоқ шығар. Аналардың қоғам өмірінде алатын орны бөлек. Ендеше осы аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік.

Нұрбибі: Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Рауан :Ана біздің күніміз,

Ана біздің гүліміз

Бар баланы қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз.

Дильназ: Ана десем алғыс алам халқымнан

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым

Ана десем әділдікті ұғамын.

Бексұлтан : Аяулысың ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән мен күй, өлең мен би

Сендер үшін мереке шашулары

Хор: Ақ мамам

Ақмарал: Анасыздар , әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың, - мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Әлішер: Сіздер - Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер - өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер - ана, сіздер - жар, сіздер - қыздар,

Сіздер - жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Дана: Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы.

Нұрсұлтан: Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Ән жолдайтын апалардың баласы бар.

Меруерт: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым,

Ән: Аяулы анашым

М: Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі. Олай болса, аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.

Ойын: «Аялы алақан» Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларының тапқызу.

М: Көп рахмет. Құттықтауымызды ары қарай қабыл алыңыздар.

Жасмин: Анамды мақтан етем

Ақ сүтін ақтап өтем

Анам сау жүрсе өмірде

Арманыма жетем мен.

Берекет: Өлең айтып беремін

Нанда алып келемін

Өйткені мен анамды

Өте жақсы көремін.

Аяна: Анашым ақ сүт беріп өсіріп ең

Қатемді менің кешіріп ең

Төрт бөліп түн ұйқысын әлдилеткен

Айналдым «ана» деген есіміңнен

Бауыржан : Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

Әнім:

Әсемгүл:

Ән: Құттықтаймын мама

М: Балалар көктем келісімен жер бетіне не шығады?

Дұрыс олай болса, гулдер биін қабыл алыңыздар.

Би: Гулдер биі

М: Қандай тамаша гулдер. Қазір біз гүл теру ойынын ойнаймыз. Экрандағы гулдер таңдап сұраққа жауап берейік. Гулді теруге тек ұлдар қатысады.

Гүл теру:

Асланбек: Әр ананың арманы

Баласы жақсы болғаны

Орындалса сол тілек

Орындалар қалғаны.

Көркемай:

Ана

Сен бақыттысың,

Жыламағын!

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой

Тірімін ғой,

Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,

Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа

Өзің кепіл тот басып, тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап

«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді

Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!

Ана,

Сен бақыттысың, тербете бер

Құба талдан иілген бесігімді…

Хор:Анашым

М: Келесі кезекте Мен анамды қаншалықты білемін? ойынына кезек берейік. Ол үшін 4ұлды ортаға анасымен шақырамыз. Ұлдар сыртқа шығып аналар сұраққа жауап береді.

1. Сіз қандай түсті ұнатасыз?

2. Жақсы көретін тағамыңыз?

3. Ұнататын гүліңіз?

4. Сырғаңыз қандай?

5. Бос кезіңізде не істейсіз?

Енді ұлдарды шақырамыз.

1. Анаң қандай түсті ұнатады?

2. Анаңның жақсы көретін тағамы?

3. Анаңның ұнататын гүлі?

4. Анаңның сырғасы қандай?

5. Анаң бос кезінде не істейді?

Наргиза:

Ән: Қошақаным

Ән: Айым болып тудың ба?

Сыйлық табыс ету:

М: Балалар, анамызды құрметтейік,

Көңілін ешқашанда кірлетпейік.

Сабақты жақсы оқып, тәртіпті боп

Орынсыз ренжітіп, үндетпейік.


Ұқсас жұмыстар
«қыз – еркем, қылығымен көркем!»
Әлемді тебірендірер ана үні
Құтты болсын апатай, Құтты болсын мерекең
Мерекеңмен, анашым!
Құрметті аналар
Жеңістің жаңғырығы - ерліктің мәңгілігі
Ана деген - теңдесі жоқ ұлылық
Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы
Алдымен сүй, ардақты ата-анаңды!
Сарқылмайтын жылылық, ана аты - ұлылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz