Оқу және жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру

Баяндама тақырыбы:

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісін дамыту».

«Сын тұрғысынан ойлау жобасының»ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отыр-ып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп санаймын.

Сын тұрғысынан ойлау-шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау сынып оқушыларына ғана тән емес. Жас балалардың бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сабақ барысында осы жобамен жұмыс жасау барысында байқадым. Жобаның ішкі құрлымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Мақсаты барлық жастағы оқушыларға сабақ барысындағы кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап. екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үй-рету. Біздің елімізде «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл жоба қазақ тілінде мек-теп тәжірибелеріне ене бастады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады. Осы кезеңдердің мақсат мен міндеттері:

1. Қызығушылығын ояту-үйрену процесі -бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Оқушыларға жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Ойлау», «Жұпта талқылау»және т. б. әдістер жинақталған. Сонымен қатар үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену-ен-жарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, қасындағы оқушымен бөліседі, тобында тал-қылайды. Яғни, айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашыла-ды. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте бағытталады. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

2. Мағынаны тану (түсіне білу) -ойлау мен үйренуге бағытталған кезеңі. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орын-дайды. Оның өзен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жа-сауына көмектесетін оқыту әдістері бар. Оқушы оқу, тақы-рыппен танысу барысында - «білемін», «мен үшін түсініксіз», «мен үшін жаңа ақпарат», «мені таң қалдырады»белгілері арқылы оқу тапсырылады Оқығанын түсінуге, өз ойын басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мазмұнын жете түсіну-күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі.

3. Ой-толғаныс-тақырып туралы кезеңі. Күнделікті сабақ барысында оқ-ушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айтып берулері тиіс. Бұл кезеңде оқушылар бір-бірлерімен ой алмастырады, ой түйістіреді, өз кестелерін жасап, басқалардың да кестелерін үйреніп алуға тырысады. Нәтижесінде бұл, үйрену сатысы - ойды қайта түй-іп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып саналады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жете-лейді. Осы кезеңде тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу» және т. б. әдістер әр сабақтың ерекшелігін, ауырдан жеңілділігіне қарай қолданылады.

Жоба 60-қа жуық әдістерден тұрады. Мысалы:


Ұқсас жұмыстар
Дарынды оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру арқылы құзіреттілігін жетілдіру: коучинг жоспары
Оқу процесінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолданудың тиімділігі
Оқу мен жазу арқылы бастауыш мектепте сыни тұрғыдан ойлауды дамыту: әдістеме мен тәжірибе
Оқытудың инновациялық технологиялары және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру
Математика сабағында оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру: сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдану
Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту: оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру тәжірибесі
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы баланың метасанасын қалыптастыруға арналған коучинг жоспары
Құстар қайтты өлеңі арқылы көшпелі мен отырықшы құстарды талдау және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру
Коучинг жоспары: сыни тұрғысынан ойлау арқылы топтық жұмысты қалыптастыру
География сабақтарында функционалдық сауаттылықты дамыту арқылы ойлау дағдыларын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz