Діннің қоғамдағы рөлі: сабақ жоспары, мақсаттар мен бағалау

Сабақтың тақырыбы: Діннің қоғамдағы ролі.

Сабақтың мақсаты:

-тақырып тұжырымдамасын түсіну.

Сабақтың мақсаты:-тақырып тұжырымдамасын түсіну.:

Сабақтың міндеті:

-сабақ сатыларына арналған сұрақтар көмегімен талқылау, ойлы тұжырым жасауға мүмкіндік беру.

-оқушылардың тақырып тұжырымдамасын түсінуін бағалау,

-жекеленген оқушылардың қажеттіліктерін ескерту.

Сабақтың мақсаты:-тақырып тұжырымдамасын түсіну.:

Күтілетін нәтижесі:

-тақырып тұжырымдамасын оқушылардың түсінуі;

-сөйлеу мәдениеті дамып, ойлау қабілеттерінің артуы;

-діннің қоғамдағы ролі жайлы көзқарас қалыптасады;

Сабақтың мақсаты:-тақырып тұжырымдамасын түсіну.:

Негізгі идея:

-оқушы діннің қоғамдағы ролін, дін және заманауи өмір, толеранттық, ождан бостандығы туралы түсінеді;

Сабақтың мақсаты:-тақырып тұжырымдамасын түсіну.:

Ресурстар:

Интертақта, интернет мәліметтер, слайдтар, тарихи деректі видеороликтер

Ұйымдастыру. «Шабыт» тренингі. Топтастыру.

1-топ. Руханият.

2-топ. Әділет.

3-топ. Ізгілік.

Тапсырмалар көздері:

Үй тапсырмасымен жұмыс. « Адамды білім сақтайды » тақырыбында әңгіме алаңын қалыптастыру. Оқушыларды әңгімеге тартуға арналған сұрақтар:

  1. Адамға білім не үшін қажет?
  2. Өздігінен білім алудың әдістері қандай?
  3. Білімді өмірлік тәжірибеде қолдану деген не?
  4. Адамның мәдениеттілігі неден көрінеді деп ойлайсыңдар?
  5. Жеке адамның мәдениеттілік өлшемдері ретінде нелерді алуға болады?

Жаңа сабақты меңгерту тапсырмалары:

Қызығушылығын ояту. Видеоролик «Қазақ халқы және ислам» видеодан көргендерін сұрап, тақырыптың не жайында екенін болжату.

1-тапсырма. Топтастыру стратегиясы. Бұл тапсырма бойынша оқушылар өздеріне берілген тақырыптарды тірек-сызбалар арқылы топтастырады және ауызша түсіндіреді.

1-топ. «Қазақстан қоғамындағы дінге көзқарас» тақырыбын түсіндіру.

2-топ. «Толеранттық - ниеттер үндестігі» тақырыбын түсіндіру.

3-топ. «Ислам дінінің шығуы және таралуы» тақырыбын түсіндіру.

2-тапсырма. « Сөздер банкі- біздің тақырып » стратегиясымен 4-тақырыпша «Руханилық - ерекше мәртебе» тақырыбын кілт сөздермен жұмыс жасау арқылы түсіну жұмысы. Банкіге салынған кілт сөздер арқылы мәтін құрап әңгімелейді.

1-топ. Кілт сөздер: 1-Руханилық, 2- екінші әлем, 3-рухани дүние, 4-зияткерлік, 5-көркемөнерді;

2-топ. Кілт сөздер: 1-рухани деңгей, 2-субьективті бағалау, 3- оңай емес, 4- ондаған жылдар, 5- таңғалуға болмайды;

3-топ. Кілт сөздер: 1-Қазақстан қоғамы, 2-Біздің адамдарымыз, 3- индивид, 4-анкеталық мәліметтер

Сергіту сәті.

3-тапсырма. « Мәтін жайлы пікірім:» Оқушылар мәтін жайлы пікірлеседі.

Ислам дінінің негіздері, олар бесеу, Қазақ тілінде Бес парыз деген атаумен аталады. Әрбір адамның мұсылман болуы үшін орындалуы парыз шарттары, олар:

  • Шаһада (араб. :شهادة‎) - Алланың барлығына, бірлігіне, хазірет Мұхаммедтің Алланың құлы әрі соңғы пайғамбары екендігіне сену («Әшһаду ән-ла-иллаһа иллалаһ уа ашһаду әннә Мұһаммәдән Ғабдуһу уә расулуһ») .
  • Намаз (араб. :صلاة‎; парсыша:نماز‎) - Ислам дінінің, яғни Аллаға сыйынудың негізгі діңгегі - күнде бес уақыт намаз оқу.
  • Ораза (араб. :صوم‎ «ас-саум»өз нәпсісін тыю, жаманнан алыстау) - Рамазан айында бір ай ораза ұстау.
  • Зекет (араб. :زكاة‎ - тазарту) - Дінге, Аллаға сыйынудың тағы бір талабы - ауқатты деп саналатын пенделердің жылына бір рет зекет беруі.
  • Қажылық (араб. :حج‎) - Дені сау және адал жолмен тапқан қаржысы, малы жеткілікті болса, өмірінде бір рет Мекке-Мәдинаға барып қажылық ғибадат жасау.

Осы бес парызын адал атқарған адам ғана нағыз мұсылман болып саналады.

4-тапсырма. Мақал табу сайысы.

«Шариғат - ағып жатқан бұлақ, бұрынғының сөздері - жағалай біткен құрақ»деген тақырыпта тақтада мақалдар тізбегі тізіледі. Оқушылар оқып болған соң, тақтаны жауып тастап, есте қалған мақалдарды қағазға түсірту. Ондағы мақсат -оқушылардың көргенін қаншалықты есте сақтайтыны мен өздері білетін мақалдарын білу.


Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану пәні: қоғамдағы орны мен рөлі
Қазақстан Конституциясының рөлі мен қоғамдағы маңызы
Сән мен стиль: тұжырымдама, түрлері және қоғамдағы рөлі
Адамгершілік тәрбиесі: отбасы мен қоғамдағы рөлі
Білім мен ғылымның қоғамдағы рөлі: мәдени-тәрбиелік және тұлғалық аспектілер
Қызықты информатика: ЭЕМ-нің қоғамдағы рөлі мен шығармашылық сайыс
Мектептегі имаммен кездесу: діннің тәрбиелік рөлі және жастарды теріс ағымнан қорғау
5-сыныпқа арналған Жай бөлшектер сабақ жоспары: мақсаттар, мазмұн мен бағалау
Сабақ жоспары: Лепті сөйлем - мақсаттар, әдіс-тәсілдер және бағалау
Шара Жиенқұлова тақырыбындағы сабақ: мақсаттар, оқыту әдістері және бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz