11-ші сыныпқа арналған сабақ жоспар

Пән Құқықтану
Сынып: 11 «Б» Сабақ: 1 Күні:
Тақырыбы: Кіріспе және адам құқықтары туралы түсінік
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға адам құқықтары туралы түсінік туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: 1) жаңа материалды меңгеру; 2) біліктерін, іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау; 3) Алған білімдерін тиімді пайдалану; 4) меңгерілген материалдарды жүйелеу, қорытындылау; 5) аралас;
6) іздені, ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі : 1) сұрақ - жауап; 2) баяндау; 3) әңгімелесу; 4) ізденіс; 5) топпен жұмыс; 6) проблемалық; 7 ) ойын сабағы;
Құрал - жабдықтар:
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: 1) Амандасу; 2) Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау; 3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Әділдік идеясы құқықтың негізі және де ол қоғамның барша мүшелерінен адал, парасатты болуды, бір-бірімен сыйластық орнатуды, бір-біріне зиян келтірмеуді, қабылдаған ережелерді бұзбауды талап етеді.
Азаматтық құқық дегеніміз - азаматтық заңдардың көрініс тапқан мүлікті және мүліктік қатынастармен байланысты бар мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, заңдар, заңға негізделген актілер, әдеттік құқық т. б. жатады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 ж 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 ж 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал ерекше бөлімі 1999 ж 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.
Азаматтық құқықтың қағидаларына:
- Тараптардың теңдігі;
- Шарт еркіндігі және таңдау құқығы;
- Еркіндік;
Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол
- Мүліктік қатынастар дегеніміз - мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар. Мысалы, сату - сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру
- Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді - мүліктік қатынастармен тығызбайланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысты жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Сабақты қорытындылау: Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық кодексі, Басқа да заң актілері, Әдеттегі құқықтар, Халықаралық шарттар (конвенциялар)
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 1, Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.
Пән Құқықтану
Сынып: 11 «Б» Сабақ: 2 Күні:
Тақырыбы: Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылар
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылар туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: 1) жаңа материалды меңгеру; 2) біліктерін, іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау; 3) Алған білімдерін тиімді пайдалану; 4) меңгерілген материалдарды жүйелеу, қорытындылау; 5) аралас;
6) іздені, ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі : 1) сұрақ - жауап; 2) баяндау; 3) әңгімелесу; 4) ізденіс; 5) топпен жұмыс; 6) проблемалық; 7 ) ойын сабағы;
Құрал - жабдықтар:
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: 1) Амандасу; 2) Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау; 3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар
- Азаматтық құқық деген не?
- Азаматтық құқықтың қайнар көздерін атап бер?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: Азаматтық - құқықтық қатынасқа қатысушылардың екі түрі бар - жеке тұлға және заңды тұлға.
Заңды тұлға деп - шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікке өз міндеттемлері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар танылады.
Заңды тұлғаның дербес баланысы, сметасы және өз атауы, мөрі болады. Арнайы лицензия алып қызметпен айналысуды қажет ететін заңды тұлғалар болады.
Лецензия дегеніміз - заңда көрсетілген кәсіп түрімен шұғылдану үшін өкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат.
Заңды тұлғалар заңға сәйкес коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар болып екі түрге бөлінеді.
Коммерциялық заңды тұлғалар: мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік коопертив нысандары.
Коммерциялық емес заңды тұлғалар: мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, діни бірлестіктер т. б.
Жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады. Жеке тұлға екі шартпен тікелей байланысты
- Азаматтардың құқық қабілеттілігі - бұл жеке тұлғаның азаматтық құқық пен міндетті иелену мүмкіндігі немесе қабілет құқығы.
- Азаматтықдың әрекет қабілеттілігі - азаматтардың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер атқарып, олардың орындауға және өз әрекетін тұрғын салдар үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартуға қабілеттілігі.
Сабақты қорытындылау: азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігі болу керек.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §2, Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.
Пән Құқықтану
Сынып: 11 «Б» Сабақ: 3 Күні:
Тақырыбы: Меншік құқығы және меншіктің түрлері
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Меншік құқығы және меншіктің түрлері туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: 1) жаңа материалды меңгеру; 2) біліктерін, іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау; 3) Алған білімдерін тиімді пайдалану; 4) меңгерілген материалдарды жүйелеу, қорытындылау; 5) аралас;
6) іздені, ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі : 1) сұрақ - жауап; 2) баяндау; 3) әңгімелесу; 4) ізденіс; 5) топпен жұмыс; 6) проблемалық; 7 ) ойын сабағы;
Құрал - жабдықтар:
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: 1) Амандасу; 2) Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау; 3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар
- Жеке және заңды тұлғалардың мәнін ашыңдар?
- Лицензия деген не?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: меншік дегеніміз - бұл жеке адамның затқа байланысты қарым-қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалады.
Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар:
- Жеке меншік - бұл азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі.
- Мемлекеттік меншік - мемлекеттік иелігіндегі мүліктер.
Меншік құқығының мазмұнын іс жүзінде меншікті иелену, пайдалану және билік ету құқығы құрайды.
Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету.
Пайдалану құқық дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай - ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.
Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.
Заттық құқықтар - бұл өзінің мүддесін қанағаттандыру мақсатында өзіне тиесілі мүлікті басқа тұлғаның пайдалануына беруі. Бұларға:
- Жерді пайдалану құқығы - жеке немесе заңды тұлғаның мемлекет меншігіндегі жерді өтемді немесе өтемсіз негізде мерзімі белгіленген немесе мерзімі белгіленбеген уақыт аралығында иеленуді және пайдалануы.
- Шаруашылықты жүргізу құқығы - мемлекеттен алған мүлікті иелену, пайдалану, билік етудің заң жүзінде жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы.
- Оралымды басқару құқығы - меншік иесі мен қазыналық кәсіпорынның қаражаты есебінен қаржыландырылған және мемлекеттен мүлік алған мекеменің заттық құқығы.
- Өзге де заттық құқықтар - сеніп тапсырылған басқару құқығы, жеке меншіктегі жерді уақытша пайдалану құқығы, жер асты байлығын иелену құқығы, кепіл.
Сабақты қорытындылау: елімізде нарықтық қатынастар меншік түрлерінің әр алуандығын қажет етеді.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §3, Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.
Пән Құқықтану
Сынып: 11 «Б» Сабақ: 4 Күні:
Тақырыбы: Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар. Шарттың түрлері
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар. Шарттың түрлері туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: 1) жаңа материалды меңгеру; 2) біліктерін, іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау; 3) Алған білімдерін тиімді пайдалану; 4) меңгерілген материалдарды жүйелеу, қорытындылау; 5) аралас;
6) іздені, ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі : 1) сұрақ - жауап; 2) баяндау; 3) әңгімелесу; 4) ізденіс; 5) топпен жұмыс; 6) проблемалық; 7 ) ойын сабағы;
Құрал - жабдықтар:
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: 1) Амандасу; 2) Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау; 3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар
- Жеке меншік деген не?
- Заттық құқықтар деген не?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: Мәміле дегеніміз - азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері.
Мәміле - бұл әрекет, яғни адамдардың саналы іс-әрекеттерінің нәтижесі. Барлық әрекеттер заңды және заңсыз болып бөлінеді. Мәмілені жасау заңды әрекет болып табылады және ол заңға сәйкес келеді.
Мәмілені жасау - мәміле субъектілерінің арнайы әрекет жасауға деген ниеті.
Мәміле заң фактілерінің санатына жатады, яғни азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардың тууына, өзгертілуі мен тоқтатылуына негіз болады.
Мәміле - арнайы нәтижеге жетуге бағытталған әрекеттер.
Әкімшілік актілер дегеніміз - жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен индивидуалды мағынадағы мемлекеттік басқару орындарының актілері.
Азаматтық кодекс мәмілені екі түрге:
- бір жақты
- екі жақты деп бөледі.
- Бір жақты мәмілелер - біржақты мәмілені жасау үшін заңға, басқа да құқықтық актілер мен тараптардың келісіміне сай бір жақты ерік білдіруді қажет және ол жеткілікті болса ғана жасалады.
- Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады. Шарт - сату - сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т. б. қатынастар арқылы жүзеге асырылады.
Шарт дегеніміз - екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі. Шарт еркіндігінің қағидасы:
- Шартты жасау еркіндігі;
- Шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;
- Жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;
- Тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;
- Тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдреді;
Сабақты қорытындылау: сенімхат - бұл тұлғаның (сенім білдіруші) екнші тұлғаға (сенім білдірген) өзінің атынан жазбаша өкілеттік беруі:
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.
Пән Құқықтану
Сынып: 11 «Б» Сабақ: 5 Күні:
Тақырыбы: міндеттемелік құқық
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға міндеттемелік құқық туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: 1) жаңа материалды меңгеру; 2) біліктерін, іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау; 3) Алған білімдерін тиімді пайдалану; 4) меңгерілген материалдарды жүйелеу, қорытындылау; 5) аралас;
6) іздені, ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі : 1) сұрақ - жауап; 2) баяндау; 3) әңгімелесу; 4) ізденіс; 5) топпен жұмыс; 6) проблемалық; 7 ) ойын сабағы;
Құрал - жабдықтар:
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: 1) Амандасу; 2) Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау; 3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар
- Шарт анықтамасын беріңдер?
- Мәміле деген не?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: міндеттемелерді орындау дегеніміз - борыш-қордың алған міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушінің талап ету құқығына сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата тұруы. Бұл әрекеттерге мүлікті беру, жұмыс орындар, ақша төлеу және т. б. жатады.
Несие беруші - борышқордан міндеттемесін орындауды талап ететін тұлға.
Борышқор - міндеттемедегі несие берушінің пайдасын белгілі әрекеттерді жасауға немесе жасамауға міндетті болып келетін тұлға.
Айып төлеу (айыппұл, өсім) - міндеттеменің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін көп жағдайда міндеттемені орындау мерзімін өткізі алған жағдайда борышқордың несие берушіге заңмен немесе шартпен белгіленген ақша сомасын төлеу.
Кепілақы - бір тараптың екінші тарапқа міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін белгілі бір ақша сомасын оның есепшотына беруі.
Кепілдік - негізі міндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын тұлға міндеттемені қамтамасыз ететін несие беруші арасындағы тағайындалған құқықтық қатынас.
Кепіл - бұл несие берушінің борышқор өз міндетін орындамаған жағдайда кепілге алынған мүліктің құнын төлеуге мүмкіндік алатын міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі.
Ипотека - кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі.
Кепіл зат - кепілге салынған мүліктің кепіл ұстаушының иелігіне берілетін кепіл түрі.
Сабақты қорытындылау: Өмірде түрлі жағдайлар болуы мүмкін, олар міндеттемені орындауды күрделендіруге немесе тиісінше орындауға алып келуі мүмкін
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §5, Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.
Пән Құқықтану
Сынып: 11 «Б» Сабақ: 6 Күні:
Тақырыбы: Азаматтық - құқықтың жауапкершілік
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Азаматтық - құқықтың жауапкершілік туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: 1) жаңа материалды меңгеру; 2) біліктерін, іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау; 3) Алған білімдерін тиімді пайдалану; 4) меңгерілген материалдарды жүйелеу, қорытындылау; 5) аралас;
6) іздені, ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі : 1) сұрақ - жауап; 2) баяндау; 3) әңгімелесу; 4) ізденіс; 5) топпен жұмыс; 6) проблемалық; 7 ) ойын сабағы;
Құрал - жабдықтар:
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: 1) Амандасу; 2) Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау; 3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: Азаматтық - құқықтық жауапкершілік дегеніміз - шартта немесе заңда көрсетілген ретте жүктелген міндеттемені бұзған суъектіге қолданылатын мүлікті өндеу немесе мүліктің салмақ салу нысандарда болып келетін жауапкершіліктің түрі.
Азаматтық - құқықтық жауапкершілік мынадай негізгі қызметтерді атқарады.
- Жазалау қызметі - міндеттемені бұзған немесе шығын келтірген тұлғаның мүлкінің азаюы.
- Тәрбиелік қызметі - құқық бұзушы болашақта мұндай әрекеттер жасауға жол бергізбейді.
- Қалпына келтіру қызметі - шығын келген тұлғаның мүліктік жағдайын қалпына келтіру.
Зиян - заңмен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды.
Залал - зардап шегушінің мүліктен айырылуы немесе оған зардап келуі (реалды шығын), сонымен қатар егер оның құқығы бұзылмаған жағдайда алуы тиіс болған пайдалар.
Моральдық зиян - жеке және заңды тұлғаның жеке мүліктік емес игіліктерінің бұзылуы, сонымен қатар оған құқыққа қайшы әрекет нәтижесінде жәбірленушге келтірілген жан мен дене күйзелісін де жатқызамыз (масқаралау, ұятқа қалу, дене күйзелісі, қорқу және т. б. )
Заңда 18 жасқа дейінгілердің кәмелеттік жасқа толмағандар деп атайды. 14-18 жас аралығындағылар жартылай немесе ішінара әрекетке қабілетті болып табылады.
14 жасқа толмағандардың келтірген зияны үшін ата-аналары, қамқоршылары немесе тиістіт мекемелер өздерінің кінәлі емес екендігін дәлелдей алмаса жауап береді.
Сабақты қорытындылау: азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің негіздерінде солжауапкершіліктің тудыратын жағдайлар шартта немесе заңда көрсетілген құқықтарды бұзу жатады.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §6, Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.
Пән Құқықтану
Сынып: 11 «Б» Сабақ: 7 Күні:
Тақырыбы: Міндеттеменің жекелеген түрлері
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Міндеттеменің жекелеген түрлері туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: 1) жаңа материалды меңгеру; 2) біліктерін, іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау; 3) Алған білімдерін тиімді пайдалану; 4) меңгерілген материалдарды жүйелеу, қорытындылау; 5) аралас;
6) іздені, ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі : 1) сұрақ - жауап; 2) баяндау; 3) әңгімелесу; 4) ізденіс; 5) топпен жұмыс; 6) проблемалық; 7 ) ойын сабағы;
Құрал - жабдықтар:
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: 1) Амандасу; 2) Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау; 3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: міндеттемелердің жекелеген түрлерін меншіктік сипатына байланысты меншікке өтетін және меншікке өткейтін деп бөлуге болады. Біріншісіне - мүліктік несие шарты, мүлікті ақысыз иелену, лизинг, прокат, т. б. жатады.
Сатып алу - сату шарты шартының жекелеген түрлеріне бөлшектеп сатып алу, сату, тауар жеткізілімі, энергиямен жабдықтау, ауыл шаруашылығы өнімдерін сату, кәсіпорындары сату жатады.
Тауар жеткізілімі кәсіпкерлік қызмет аясында қолданылатын сатып алу-сату шартының бір түрі болып табылады.
Энергиямен жабдықтау шарты бойынша тұтынушыларға электр қуаты, газ, су жеткізілімі жүзеге асырылады.
Рента шарты бойынша рента алушы рента төлеушінің меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші алған мүлікке айырбас ретінде рента алушыға белгілі бір ақша сомасы түрінде немесе оны ұстау үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде рента төлеп отыруға міндеттенеді.
Сақтау және сақтаудың міндеттемелері. Сақтау шартының жекелеген түрлері:
- Ломбардта сақтау
- Құндылықтарды банкте сақтау
- Көлік ұйымдарының камераларында сақтау
- Ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау
- Қонақ үйлерде сақтау
- Тауар қоймасында сақтау
Жұмыс атқару мен қызметкер көрсетуге қатысты міндеттемелер үш шартқа бөлінеді.
- Мердігерлік шарт
- Тұрмыстық шарт
- Құрылыстық шарт
Сабақты қорытындылау: . Біріншісіне - мүліктік несие шарты, мүлікті ақысыз иелену, лизинг, прокат, т. б. жатады.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §7, Мазмұндап келіңдер және сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.
Пән Құқықтану
Сынып: 11 «Б» Сабақ: 8 Күні:
Тақырыбы: интеллектуалдық меншік құқығы мен авторлық құқық
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға интеллектуалдық меншік құқығы мен авторлық құқық туралы түсінік және олардың түрлері туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: 1) жаңа материалды меңгеру; 2) біліктерін, іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау; 3) Алған білімдерін тиімді пайдалану; 4) меңгерілген материалдарды жүйелеу, қорытындылау; 5) аралас;
6) іздені, ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі : 1) сұрақ - жауап; 2) баяндау; 3) әңгімелесу; 4) ізденіс; 5) топпен жұмыс; 6) проблемалық; 7 ) ойын сабағы;
Құрал - жабдықтар:
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: 1) Амандасу; 2) Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау; 3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: интеллектуалдық меншік құқығының объектілері алуан түрлі болып келеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
- Интеллектуалдық қызметтің туындылары
- Ғылым, әдебиет және өнер туындылары
- Өнертабыс, үлгі, өндірістік үлгілер
- Фирмалық атаулар
- Тауарлық белгілер және т. б.
Айрықша құқық меншік иесінің интеллектуалдық шығармашылықтың объектісін өз қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесінде немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады.
Интеллектуалдық меншік объектісін уақытша пайдалану лицензия шарт арқылы жүзеге асырылады.
Лицензиялық шарт бойынша интеллектуальдық шығармашылық қызметінің нәтижесінде немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарапына (лицензиялар) екінші тарап (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісі объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді.
Авторлық құқықтың объектілеріне мыналар жатады:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz