Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні
Мақал-мәтелдер-халықтық сипат алған даналық сөздер жиынтығы.Мақал-
мәтелдердің тақырыбы сан алуан: ел мен жер, оны сүю, құрметтей
білу,батырлық пен батылдық, оқу-ғылым, ерлік пен еңбек т.б
ХХ1 ғасыр ұстаздарының алдында тұрған басты міндет-ата-бабаларымыздың
қанында болған еркін де батыл қазақы мінезді баланың бойына сіңіріп, ұлттық
рухы биік, ана тілінің қадір-қасиетін түсінетін саналы да сауатты шәкірт
тәрбиелеу. Мен өз сабақтарымда балалардың жазба тілінің сауаттылығымен
қатар, ауызекі сөйлеу тіліне де баса назар аударып отырамын. Сабақ
үстінде мақал-мәтелдерді өз орнымен ұтымды пайдалана білу сабақтың
сапасының жоғары деңгейде өтуіне оқушылардың ой-өрісінің дамуына ,айтар
ойын әдемі де әсерлі етіп жеткізуіне ықпал етеді.Мысалы, «Зат есім»
тақырыбын өткенде оқулықтағы берілген жаттығулармен шектеліп қалмай,үйге
тапсырма бергенде әр оқушыға зат есімі бар мақал-мәтелдерді жазып келуді
тапсырамын.Оқушылар оны жазып келеді,сыныпта әр окушының жазғанын
оқытып,талдау жасап отырамыз.Бұл- баланы шығармашылыққа баулу жолы болып
табылады. Мысалы:« Ана үшін аянба-ант ұрады», «Өнер алды- қызыл тіл»,« Бала-
ананың бауыр еті» т.б.«Сын есім» тақырыбын өткенде де «Дәл осылай кім өте
мағыналы, тәрбиелік мәні бар мақал-мәтелдерді жазып келер екен?» деп
ескертіп , жақсы мақал-мәтел жазған топ оқушылары жеңімпаз болып табылып,
жақсы бағалар қойылатынын айтып отырамын. Бұл әдіс оқушылардың сабаққа
деген қызығушылығын оятады әрі шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрететін
бірден-бір ыңғайлы әдіс екенің өзім сабақ беретін сынып оқушыларпынан
байқап жүрмін.«Сын есім»тақырыбына арналған мақал-мәтелдерді жазып
келіп,сыныпта жай ғана сыдыртып оқып шықпай , оларды сөз құрамына, сөйлем
мүшесіне де талдау жасап отырамыз. Мысалы: «Жақсы адам –елдің ырысы,жақсы
жер жанның тынысы», « Әдепті бала- арлы бала , әдепсіз бала-сорлы бала»
«Жақсы қыз- жағадағы құндыз, жақсы ұл- аспандағы жұлдыз» т.б.Әр тақырыпта
бекіткен,пысықтауға арналған
сабақтарда сынып оқушыларын топқа бөліп, «қай топ көп мақал-мәтел біледі?»
деп 10-15минуттық ойын-жарыс түрінде сабақты түрлендіріп өткізу де жақсы
нәтиже береді.Онда топ мүшесіндегі оқушылар бірінің жазғанын бірі тексеріп,
ізденіп, өз беттерінше дайындық жасайды. Әр топ мүшелері өз топтарының
жеңіске жетулеріне атсалысуды, яғни,оқушылар арасында өзара бәсеклесіп,
жарыс пайда болады.
Шығармашылық жұмыстың тағы бір түрі-өтілген тақырыптарға байланысты
«Сөзжұмбақтар», «Ребустар» құрастыру ,мұндай тапсырманы да балалар
қызығушылықпен тыңғылықты орындауға тырысады. Сонымен қатар, бастауыш пен
баяндауыштың арасына сызықша қойылудың себебі оқушының барлығының есінде
тұра бермейді: «Еңбек-ата,жер-ана, Көңіл-дария ,көз –айна, Талап –тұлпар,
білім-сұңқар» деген мақалдарды оқытып, бастауышын,баяндауышын тапқызып,
астын сыздырамын, сызықшаның қойылу себебін, қай жолмен жасалып тұрғанын
айтқызамын. Анықтауышты өткенде, «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты
өлмейді,» «Жақсының ашуы жібек орамал кепкенше»деген мақал-мәтелдердерді
оқытып,сұрақ қойдырып тапқызамын.Қай сөз табынан жасалғанына назар
аудартамын.
Толықтауышты өткенде «Қызға қырық үйден тыю», «Жақсыға сөз ілеседі,
жаманға бөз ілеседі »деген т.б.толықтауышы бар сөздерге талдау
жасаймыз.Пысықтауышты өткенде: «Жылы- жылы сөйлесең жылан інінен шығады»,
«Ерінбеген етікші болады».Атау септік: « Ақыл-азбайды, білім-тозбайды».
Ілік септікте: «Шешеннің сөзі-мерген,шебердің-көзі мерген», «Өтіріктің
құйрығы бір-ақ тұтам», «Жердің сәні-егін,ердің сәні-білім».Барыс
септігінде: «Байлық қуған бәлеге жолығады,жолды қуған қазынаға
жолығады».Табыс септігінде: «Көпті сөкпе,кенді төкпе».Жатыс септігінде:
«Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің».Шығыс септігі: «Алып-анадан,ат-
биеден,аруана-түйеден туады». Көмектес: «Оқу –инемен құдық қазғандай».
Сабақты үнемі жарыс түрінде түрлендіріп, танымдық ойындар,мақал-
мәтелдер,жұмбақ,жаңылтпаштарды кірістіре өткізу оқушылардың
қызығушылығын,жазбаша,ауызекі сөйлеу тілдерінің жақсы дамуына ықпал етері
сөзсіз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz