Сабақ жоспары :: Технология
Файл қосу
Қиып пішілертін жұмыстар. Белдемшені дайындау реттілігі
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қиып пішілертін жұмыстар. Белдемшені дайындау реттілігі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Белдемше тігу үшін қажетті қиып пішілетін жұмыстар туралы,
белдемшені дайындау реттілігі туралы түүсіндіру, үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, білімдерін іс жүзінде жүргізуге ықпал
ету, жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту.
Тәрбиелік: Еңбек мәдениетіне, іскерлікке, ұқыптылаққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: аралас сабақ
Сабақта қолданатын көрнекіліктер: суреттер, ине – жіп, қайшы, тігін
машинасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа қатысуды бақылау. Түгендеу
ІІ. Өткен сабақты қайталау
1 топқа сұрақ: белдемшені үлгіле, модель, фасон, белдемше түрлері
2-топқа сұрақ: Белдемшеге қажетті өлшемдер. Өлшемдердің белгілері
. ІІІ. Жаңа тақырып
Сарамандық жұмыс кезінде, яғни киім тігудің алдында киім пішу үшін
мыналарды еске сақтау қажет:
Матаны үнемдеп жұмсау
Санитарлық-гигиеналық
талаптарды орындау
Техника қауіпсіздігін,
жұмыс орнын ұйымдастыру ережесін
сақтау
Қол және машина
жұмыстарын сақтау, ЫЖӨ жүргізу
Белдемшені дайындаудың реттілігі. Қандай да болмасын бұйымды тігуді
бастамас бұрын жұмыс жоспарын құру керек.
Орындау жоспары
1. Пішу
Матаны пішуге дайындау
Пішім бөлшектерін матаға
орналастыру
Пішім бөлшектерін тігіске
арналған шеттік қалдыра отыра,
контуры бойынша тігіп
шығу
Пішім бөлшектерін қиып шығу
2. Бұйым бөлшектерін
өңдеу және біріктіру
Пішім бөлшектерін өңдеуге
дайындау /контурлық және
бақылау сызықтарын белгілеу/
Бүйымның
төменгі қиығын өңдеу
/жабық
қиықты ішке бүгіп тігу/
Бұйым бөліктерін
біріктіру
3. Бұйымды соңғы өңдеу
Үтіктеу, сапасын
тексеру, қаттап жинау
ПІШУ КЕЗІНДЕ МЫНА МӘСЕЛЕЛЕРГЕ КӨҢІЛ АУДАРУ КЕРЕК:
Матаны төсемдеудің екі түрі бар: бүктеп және жайып.
Әдетте пішу үшін матаны бүктеп төсейді.Егерде пішілген бөлшектердің көлемі
өте үлкен болса, бұйымның ортасында тігіс, ілгек болуы керек болса мата
жайылып төселеді.
ІҮ. Техника қауіпсіздігінің ережесі
Ү. Сарамандық жұмыс
1 топ , 2 топ Белдемшенің үлгісін қағаздан қиып, соны мата бетіне түсіреді
ҮІ. Қорытындылау.
1.Қиып пішілетін жұмыстар кезінде нені ескеру қажет?
2. Белдемшені дайындау жоспарын айту
Пішу
Бұйым бөлшектерін өңдеу және біріктіру
Бұйымды соңғы өңдеу
Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру. Баға қою. Үйге тапсырма беру.
6 сынып 18.12.13ж.
Сабақтың тақырыбы: Машина тігістерін жасау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Машина тігістерінің түрлерімен таныстыра отырып, тігістер
жасау, үйрету
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, білімдерін іс жүзінде жүргізуге ықпал
ету, жұмысты орындаудағы ептілігін дамыту.
Тәрбиелік: Еңбек мәдениетіне, іскерлікке, ұқыптылаққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сарамандық жұмыс
Сабақта қолданатын көрнекіліктер: суреттер, ине – жіп, қайшы, тігін
машинасы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа қатысуды бақылау. Жұмыс киімін оқушылардың сабаққа дайындығын
тексеру
ІІ. Өткен сабақты қайталау
Тігін машиналарының түрлері
1) Қол жетекті
2) Аяқ жетекті
3) Электр жетекті болып бөлінеді
Жұмыс жасауға ең ыңғайлы электр жетекті машина. Ол тез жүреді және
басқарылуы қарапайым. Тұрмыстық тігін машиналарының көпшілігі жетектері
аспалы, салынбалы болады. Ол электр қозғалтқыштан қосу педалінен, айыр
қосқышты сымнан тұрады. Электр қозғалтқыш шкиві маховиктің шкивімен белдік
арқылы жалғасады және ажыратылады.
Тігін машиналары
А) Қол жетекті
Б) Аяқ жетекті
В) Электр жетекті
*** Жоғарғы және төменгі жіптер өткізіліп, төменгі жіп жоғарыға
шығарылады,
*** Мата табанының астына салынып, инемен тесілгенне соң табан түсіріледі,
жіптер жинақталып, табанның сыртына жіберіледі;
*** Инешаншымның ұзындығы, жоғарғы және төменгі жіптерінің керілуі /тігіс
сапасы / тексеріледі.
Машина инесінің айырмашылығы
1. ІІІ. Жаңа тақырып
Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақты түсіндіру
Машина тігістерінің сапасына не әсер етеді?
Жауап: Машина тігістерінің сапасына тігістің ұзындығы және жіптің тартылуы
әсер етеді. Алдымен өзімізге қажетті тігістің ұзындығын реттеп алған жөн.
Өте жұқа маталарды майда тігіспен қалың маталарды ірі тігіспен тігеді.
Тігістің ұзындығы 1-ден 4мм-ге дейін өзгереді.
2. Жіптің тартылуын реттеу?
Жауап: Үстіңгі жіпті өткізгенде екі дөңгелектің арасынан өткізіледі. Ал
астыңғы жіпті шөлмектің қақпағындағы жіпті тартып тұратын серіппеден
өткізеді. Осы құрылғылар арқылы жіптің тартылуын реттейді. 1) Үстіңгі жіпті
сабақтау, 2) астыңғы жіпті сабақтау.
Тігін машиналарын жұмысқа дайындау.
1. Үстіңгі жіпті сабақтау
2. Астыңғы жіпті сабақтау
3. Жіптің тартылуын реттеу
ІҮ. Техника қауіпсіздігінің ережесі
Тігін машинасымен жұмыс істеген кезде денені тік ұстап, басты сәл ілгері
еңкейтіп отыр. Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсуі
керек. Отыратын орындықпен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15см болуы
керек. Тігін машинасының айналатын бөлшектеріне тым жақындамаңдар.
Машина тігістерін жасау
Тігін бұйымдарын тігу кезінде тігістің әр түрлері қолданады. Бұйымның
негізгі бөлшектерін қосып тігу, әсемдеу бөлшектерін бастыра тігу шет
тігістерін жүргізу үшін мына тігіс түрлері қолданады: жапсырмалы тігіс,
бастырмалы тігіс, шет тігіс, қос тігіс.
Қос тігіске қойылатын талаптар:
1. Тігістің ұзындығы бойынша ені біркелкі болуы тиіс.
2. Тігіс түзу болуы тиіс.
3. Екінші тігіс матаның қиылған шеттерін жауып тұруы тиіс.
1. Матаның екі деталі теріс жағымен біріне-бірі теңестіріліп салынады.
Түйреуішпен бекітіліп уақытша тігіледі.
2. Бұйымның детальдеріне қиылған шеттерінен 4мм қашықтықта біріктіріп тігу.
Содан кейін уақытша тігістер алып тасталып, шеттіктерді екі жаққа қайырып
үтіктеу.
3. Үлгінің өңін қаратып тігістерін жөндеп әдіптеу.
4. Матаның бүктелген шетінен 7мм қашықтықта екі бөлшекті қайып тігу.
Уақытша тігістерді алып үтіктеп тігісті өңдеу.
Ү. Қорытындылау.
Сабақты қорытындылау. Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру. Баға қою.
Үйге тапсырма беру.
Машина тігістерін жасау.
1. Тігін машинасының түрлері
2. Жапсырмалы тігіс.
3. Бастырмалы тігіс.
4. Шет тігіс.
6 сынып 11.12.2013ж.
Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасының құрылымы, қызметі, жұмыс істеу
принципі. Машина инесі.тер3
Сабақтың мақсаты:
білімділігі;Тігін машинасының құрылымы, қызметі, жұмыс істеу
принципі,Машина инесінің қүрылысы, айырмашылығ туралы түсінік беру,
таныстыру.тер3
дамытушылығы; оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
тәрбиелілігі; эстетикалық талғамға, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі; жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі; сұрақ – жауап.
Көрнекіліктері: фотосуреттер, плакаттар, топтамалар,т.б.
Сабақтың барысы;
1.Ұйымдастыру бөлімі;
Амандасу
Түгендеу
Тексеру
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
Матаның шығарылуы
Мата неден тоқылады
Матаның қандай түрлері бар
Матаның белгілері
Матаның қасиеттері
ІІІ. Жаңа сабақ
Тігін машинасы
Электр жетекті Қол жетекті Аяқ жетекті
ХХІ ғасырда тігін машиналарына үлкен талап қоя бастады. Бұл талаптарға
қазіргі заманғы бағдарламалармен басқарылатын жаңа машиналар сәйкес
келеді.Қазіргі заманда кәсіпорындар мен тұрмыста жүйрік электр жетекті
машиналар қолданылуда. «Чайка», «»Джаномэ көп таралған. Қандай да болмасын
тігін машинасымен жұмыс істеген кезде маштинаның дайындығын тексеріп алу
қажет.
*** Жоғарғы және төменгі жіптер өткізіліп, төменгі жіп жоғарыға
шығарылады,
*** Мата табанының астына салынып, инемен тесілгенне соң табан түсіріледі,
жіптер жинақталып, табанның сыртына жіберіледі;
*** Инешаншымның ұзындығы, жоғарғы және төменгі жіптерінің керілуі /тігіс
сапасы / тексеріледі.
Тігіс реттегіші тігін машинаның қапталында орналасқан. Реттегіштің
көмегімен инешаншымдарды реттеп, тігістің сапасын реттейді.
Машинаның инесі машинаның неғұрлым маңызды жұмыс оргндарының бірі. Оның
негізгі қызметі тігіс тігу болып табылады. Машинаның инесі қол инелер
сияқты номерлері бойынша ажыратылады. Тігін машинасының инесі берік,
серпімді болуы крек. Инелер ұзын және қысқа, жуан және жіңішке, түзу және
иілген бодады.
Машинасының инесі
Колба
Октама
Ұзын науашық
Көз
Ұшы
ІҮ.Сабақты бекіту
Машина инесінің айырмашылығы
Машина инесінің құрылысы
Тігін машинасының жұмысы
Тігін машинасының құрылымы
Ү.Бағалау ҮІ. Үйге тапсырма
Сабақтың тақырыбы: Матаның қасиеттерітер3
Сабақтың мақсаты:
білімділігі; матаның қасиеттері туралы түсінік беру,таныстыру.
дамытушылығы; оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,пәнге деген қызығушылығын
арттыру.
тәрбиелілігі; эстетикалық талғамға, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі; жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі; сұрақ – жауап.
Көрнекіліктері: фотосуреттер, плакаттар, топтамалар,т.б.
Сабақтың барысы;
1.Ұйымдастыру бөлімі;
- Саламатсыздар ма, оқушылар! Отырыңыздар!/Оқушыларды түгендеу, сабаққа
дайындығын тексеру/.
2. Өткенді қайталау.
1. Жүн және жібек талшықтардың айырмашылығы
2. Талшықтардың түрлері
3. Матаның шығару жолдары
3. Жаңа тақырып.
Мата жасалатын талшықтар табиғи (мақта, кендір, жібек, жүн т.с.с.),
жасанды немесе синтетикалық болуы мүмкін. Талшықтардан жасалған жіптер
иірілген, қатты немесе бос, үлпілдек болуы мүмкін. Маталар құрылысы бойынша
маталық және тоқыма-трикотаждық болып бөлінеді.
Маталардың түрлерін балалар киімінің өндірісінде пайдалану, олардың
физикалық-гигиеналық көрсеткіштеріне: қалыңдығы, массасы, көлемдік массасы,
кеуектілігі, ауа- және буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы,
ылғалсақтағыштығы, гидро- және липофильділігіне және жылуөткізгішітігіне
байланысты болады.
Матаның қалыңдығы - миллиметрмен өлшенеді және негізінен матаның
жылусақтағыштық қасиетіне тікелей әсер етеді. Қалыңдығы жоғары маталардың
құрамында жылу өткізгіштік қасиеті өте төмен ауа көп болады. Яғни, мата
неғұрлым қалың болса, соғұрлым жылы болады (мыс. бәтес-0,1мм, драп-5мм,
табиғи жүн-30-50мм).Матаның массасы – матаның белгілі ауданына (1м2 немесе
1см2) алынған грамм көлемімен өлшенеді. Өзіне қажетті қасиеттердің бәрі
(мыс. крепдешин-25г/м2, драп-77г/м2, табиғи жүн-1000,0г/м2) сақталған және
массасы төмен болып келетін маталар гигиеналық тұрғыдан ең дұрысы деп
саналады.Көлемдік масса - матадағы тығыз заттар мен ауа құрамының қатынасын
анықтайды, 1см3 матаның граммен алынған массасы. Бұл көрсеткіш төмен болған
сайын, матаның массасы жеңіл болады. Көлемдік масса сонымен қатар,
қалыңдығы бірдей маталардың жылусақтау қасиетінің критерийі болып табылады,
яғни, көлемдік массасы төмен маталар жылылау болып келеді (мыс. жүн
трикотаж-0,07г/см3, брезент-0,6-0,7г/см3).Кеуектілік - кеуектілік көлемінің
берілген матаның жалпы көлеміне пайызбен алынған қатынасы арқылы анықталады
және ол көлемдік масса көрсеткішімен тығыз байланыста болып келеді. Матаның
кеуектілігі оның жылылық қасиетін анықтайды (мыс. драп-50%, жүн трикотаж-93-
95%, жартылай жүннен жасалған ватин-97%, мақта мата-99%, мақта матадан
жасалған ватилин-99%).Ауа өткізгіштік - дециметр кубы (дм3) арқылы өлшенеді
және 1м2 матаның кеуектілігінен сүзу арқылы секундына ауа өткізу қабілетін
көрсетеді. Әртүрлі киімдерді өңдеуге арналаған маталардың, ауа өткізгіштігі
әртүрлі болады. Мысалы, салқын ауадан сақтану үшін күз және қыс киімдерінің
сыртқы қабатының ауа өткізгіштігі төмен болуы керек. Жаздық киімдер жақсы
желдетілетін, яғни, ауа өткізгіштігі барынша жоғары болуы керек (мыс. мақта
матадан жасалған жеңіл маталардың ауа өткізгіштігі секундына 111дм3/м2,
табиғи жібек секундына-341дм3/м2, капрон секундына-125дм3/м2).Бу
өткізгішітік - 1м2 матадан сағатына өтетін су буының көлемі, граммен
өлшенеді және матаның киім астында тұрақты түрде пайда болып тұратын су
буларын (мата талшықтарына сіңірілуі арқылы) өткізу қабілетін анықтайды.
Әсіресе, жылу беруі, негізінен булану арқылы жүретін ыстық климаттық
аймақтарға арналған киімдердің бу өткізгіштігі өте жоғары болғаны дұрыс
(мыс. мақта матадан жасалған жеңіл маталар сағатына-16,2г/м2, табиғи жібек
сағатына-4,62г/м2, капрон сағатына-1,09г/м2 бу
өткізедіт.с.с.).Гигроскопиялылық - матаның су буларын сіңіру қасиеті,
пайызбен алынады. Жақсы гигроскопиялылық іш киімдерге арналған маталардың
жақсы қасиетіне жатады. Тері сыртына пайда болатын тер тамшыларын сіңіреді.
Атмосфералық ылғалдылықтан, жылу жоғалту қасиетінен сақтану үшін, қыс және
күз киімдерінің сыртқы қабатына арналған маталардың гигроскопиялылығы төмен
болғаны дұрыс (мыс. бәтес, шыт->90%, мақта матадан жасалған мадополам->18%,
жеңілдетілген драп->17,2%, табиғи жібек->16,5%, репс->7-8%, су өткізбейтін
заттармен қанықтырылған репс->1,2%, капрон->5,7%, лавсан->0,5% т.с.с.).Су
сіңіргіштік - матаны суға салып қойғандағы су сіңіргіштігі, пайызбен
алынады. Ылғалдық әсер еткен кезде ауаөткізгіштікті белгілі деңгейге
жеткізіп, жылылық қасиетінің өзгеруін төмендететіндіктен, матаның
кеуектілігінің белгілі бөлігінің бос болуының маңызы өте зор.Гидрофильділік
- матаның суды толық және жылдам сіңіріп алу қасиеті, пайызбен алынады.
Дененің тері қабатына тиіп тұратын және тері бетіне пайда болатын су
буларын сіңіретін маталардың гидрофильділігі жоғары болғаны дұрыс .
Гидрофобтық (суланбайтын) - гидрофильділікке қарама-қайшы қасиет.
Сыртқы киімдерге әсіресе қар, жаңбыр, тұмандардан қорғануға арналған
киімдердің гидрофобтығы жоғары болуы керек.Липофильділік - матаның тері
бетіндегі майларды өзіне сіңіріп алу қасиеті, пайызбен алынады. Әсіресе
синтетикалық маталарға тән қасиет, талшықтар арасындағы ауа өтетін
кеуектіліктер тығыздалып, матаның физикалық-гигиеналық қасиеттері
төмендейтіндіктен, олардың нашар қасиеті болып табылады. Жылуөткізгіштік -
матаның жылусақтау қасиетін сипаттайды; бұл көрсеткіш төмен болған сайын,
матаның жылылық қасиеті жоғарылайды.
Жылулық қарсылық - жылуөткізгіштікке қарама-қайшы қасиет, температура
өзгерісі 10С болған жағдайда, 1м2 матадан 1ккал жылу өтетін уақытпен
(сағатпен) өлшенеді және жылу өткізгіштікке кері шама болып
табылады.Балалар киімін дайындау үшін табиғи талшықтардан жасалған маталар
және қатал түрде СанНменЕ сәйкес келетін химиялық талшықтар қосылған
маталар алынады. Балаларға арналған басқадай заттарға жасанды жүндер мен
синтетикалық жылу сақтағыштарды (желімденген, көлемдік, ине өтетін)
қолдануға болады.Жаңа туған сәбилер мен сәбилер жасындағы балалардың (28
размерге дейін) іш киімдеріне химиялық жіп қосылмаған болуы керек, бастауыш
мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың киімінде ол 30%-ға, одан жоғары
жастағы балалардың киімінде 50%-ға дейін рұқсат етіледі. 30 размерге
дейінгі суға түсуге арналған костюмдер мен спорт киімдері тек қана табиғи
жіптерден жасалуы керек.Іш киімдер - тері қабатымен тікелей байланыста
болатындықтан, киім астындағы аралықта пайда болып отыратын зат алмасу
заттарынан (ылғалдылық, май, газдар) тазартып отыруға қатысады және олар
ыңғайлы, кең, киім асты аралығының желдетілуіне, терінің “тыныс алуының”
қамтамасыз етілуіне жағдай жасауы керек. Іш киімдер үшін ауа-, ылғал-,
буөткізгішітігін, гигроскопиялылықтың және гидрофильділіктің жоғары болуын
қамтамасыз ететін жұқа, жұмсақ, құрылысы тоқыма-трикотаждық маталар
алынады. Жаңа туған нәрестелер мен 3 жасқа дейінгі сәбилердің киімінің ішкі
қабаты тек табиғи талшықтардан (кендір, мақта, жібек) немесе вискозадан
жасалуы керек. Мектепке дейінгі жастардағы балалардың іш киімдерін
дайындауға мақта-сиблон маталарын (70% мақта және 30% сиблон) қолдануға
рұқсат етіледі.
4..Жаңа сабақты бекіту.
Маталардың түрлері
Маталардың қасиеттері
Олардың пайдасы мен зияны
5.Үйге тапсырма.
Маталардың түрлерінен альбом жасау. Қасиеттерін оқу
6. Оқушыларды бағалау.
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Матаның белгілерін, қасиеттері анықтаутер3
Сабақтың мақсаты:
білімділігі; матаның қасиеттері туралы түсінік беру,белгілерін анықтау .
дамытушылығы; оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,пәнге деген қызығушылығын
арттыру.
тәрбиелілігі; эстетикалық талғамға, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі; жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі; сұрақ – жауап.
Көрнекіліктері: фотосуреттер, плакаттар, топтамалар,т.б.
Сабақтың барысы;
1.Ұйымдастыру бөлімі;
- Саламатсыздар ма, оқушылар! Отырыңыздар!/Оқушыларды түгендеу, сабаққа
дайындығын тексеру/.
2. Өткенді қайталау.
1. матаның қасиеттерін қандай?
2.Киімді матаның қандай қасиеттеріне қарай таңдайды?
3. Матаның шығару жолдары
3. Жаңа тақырып.
Бойлық /негізіг жіп/ және арқау жіптерді өру арқлы мата алынады. Матаның
қасиеттері мен сыртқы түрі мата жіптерінің әртүрлі өрілу әдістеріне
байланысты бодаы. Мата қолданылуына қарай әр түрлі қасиеттер мен
сипаттамаларға ие. Матаның негізгі қасиеттеріне : геометриялық,
механикалық, физикалық, технологиялық және оптикалық қасиеттер жатады.
Матаның геометриялық қасиеттеріне : қалыңдығы, ені, ұзындығы, тығыздығы
жатады.
Матаның ені: таңдаған модельге кететін шығынды анықтауға мүмкіндік
береді. Барлық мата түрлеріне МЕСТ белгіленген, соған сәйкес, пішу
барысында қалдықтардың аз мөлшерде қалуы үшін мата тиімді енімен
өндіріледі.
Матаның тығыздығы жіптің сипатына, жуаендығына, өрімнің түріне, матаның
өңделуіне байланысты.
Мата жасалатын талшықтар табиғи (мақта, кендір, жібек, жүн т.с.с.),
жасанды немесе синтетикалық болуы мүмкін. Талшықтардан жасалған жіптер
иірілген, қатты немесе бос, үлпілдек болуы мүмкін. Маталар құрылысы бойынша
маталық және тоқыма-трикотаждық болып бөлінеді.
Маталардың түрлерін балалар киімінің өндірісінде пайдалану, олардың
физикалық-гигиеналық көрсеткіштеріне: қалыңдығы, массасы, көлемдік массасы,
кеуектілігі, ауа- және буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы,
ылғалсақтағыштығы, гидро- және липофильділігіне және жылуөткізгішітігіне
байланысты болады.
Матаның қалыңдығы - миллиметрмен өлшенеді және негізінен.
4..Жаңа сабақты бекіту.
Маталардың түрлері
Маталардың қасиеттері
Олардың пайдасы мен зияны
Матаның негізгі қасиеттеріне қандай қасиеттер жатады.
5.Үйге тапсырма.
Қасиеттерін оқу.
6. Оқушыларды бағалау.
-----------------------
Матаның түрі мен қасиеттері:қиып пішілетін жұмыстарға кіріспестен бұрын,
табиғи және басқа да талшықтардан алынатын маталарды дымқылдағанда
отыратынын еске түсірген дұрыс
Матаны бумен немесе жылы сумен ө қажеттілігін анықтауңделеу, яғни жазбалау
/дымқылдау,үтіктеу, кептіру/ қажеттілігін анықтау
Тігіске қалдырылған шеттіктердің көлемін анықтау
Суреттің сипатына /оның бағыты мен бөлшектерінің орналасу симметриялығына/
назар аудару
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz