Бастауыш сынып музыка сабағы: Халық музыкасы және Наурызға арналған шығармашылық-концерт

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сауяева Бағила Сақтапбергеновна

Пәні : Музыка

Сабақтың тақырыбы : Халық музыкасы

Сабақтың мақсаты : музыка өнері дамуының негізі халықта екенін түсіндіріп, ұлтымызға тән жақсы қасиеттерді насихаттау.

Сабақтың міндеті:

а) ертеден келе жатқан халық дәстүрін, жақсылық пен ақ ниетке толы бабалар дәстүрін жалғастыруға тәрбиелеу, баулу. ;

ә) шығармашылық, танымдық белсенділіктерін дамыту, жетілдіру;

б) адамгершілікке, инабаттылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс : дүниетану.

Әдісі: сұрақ -жауап, түсіндіру, музыка тыңдау.

Сабақ жабдықтары:

Үнтаспа, магнитафон

Сабақ барысы:

Жаңа сабақ .

Музыка тыңдау.

Халық күі «Келіншекті» тыңдау.

Күйдің характерін сипаттау арқылы би қимылдарын жасату.

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқу.

Халық музыкасы - халқымыздың сан ғасырлақ өмірімен сабақтасып жатқан тарихын бейнелейтін замана парақтары. Халық музыкасын тудырушылар - өз елінің жанашыр жаршылары. Музыканың жалпы халық мәдениетіндегі, өмір шындығын айқындап көрсетудегі алатын орнының маңызы зор. халық әні ауызба - ауыз жатталып таралған. Халық күйі - бірден - бірге үйреніп таратылған күйлер.

Музыка өнері - халық тарихының шежіресі. Халық музыкасынан шығармалар тыңдау арқылы наурыз меркесінен мағлұмат беру.

Шығармашылық жұмыс.

Наурыз мерекесіне орай сәлемдесудің қалыптасқан дәстүрін көрсету, бата - тілектер айтуға шақыру оқушының ізденімпаздық, танымдық қасиеттерін дамытады.

Ән үйрену.

«Наурыз» (Б. Есдаулетов, М. Сарынов. ) әнін үйрену.

Оқулықпен жұмыс.

Наурызда ойналатын ұлттық ойындардың атын атау. Басқа да ойындарды таңдап ойнау.

Қорытындылау:

  1. Халық әні, халық күйін кім жазады деп ойлайсың?
  2. Наурыз мерекесі неге 22 наурызда тойланады?
  3. «Наурызкөже» тағамының құрамын ата.

Үйге тапсырма:

«Наурыз» әнін нақышына келтіріп орындау, сөзін жаттау.

Күні: 19. 03 . 2014.

Пәні : Музыка

Сабақтың тақырыбы : Не үйрендік?

Сабақтың мақсаты : оқушылырдың алған білімдерін сараптап қорытындылау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Сабақтың міндеті:

а) өтілген әндер мен музыка сауатын қайталау;

ә) шығармашылық, танымдық белсенділіктерін дамыту, жетілдіру;

б) адамгершілікке, инабаттылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс : дүниетану.

Сабақтың түрі: концерт сабақ

Әдісі: сұрақ -жауап, түсіндіру, музыка тыңдау.

Сабақ жабдықтары:

Үнтаспа, магнитафон

Сабақ барысы:

Жаңа сабақ .

Музыка тыңдау.

Дискіден қазақ ұлттық аспаптар, қазақ копелласының концертін тамашалау.

Күйдің характерін сипаттау арқылы би қимылдарын жасату.

Шығармашылық жұмыс.

  1. Өздеріне таныс әндерді қайталап, концерт залында отыру ережесін естеріне түсіріп, қайталау.
  2. Концерт қою.

Қорытындылау:

1. Квартет деген не?

  1. Романс деген не?
  2. Халық әні, халық күйін кім жазады деп ойлайсың?
  3. Наурыз мерекесі неге 22 наурызда тойланады?
  4. «Наурызкөже» тағамының құрамын ата.

Үйге тапсырма:

Өтілген әндерді қайталау.


Ұқсас жұмыстар
2-сынып музыка сабағы: Концерт залына саяхат
Орыс халық музыкасы және музыкалық аспаптары
Қазақтың халық музыкасы: сабақ жоспары және оқыту мақсаттары
Ұлттық ойындар форматындағы халық музыкасы мен салт-дәстүрлерін қайталау сайыс сабағы
5-сынып музыка сабағы: Солтүстік Америка халықтарының музыкасы және Е. Хасанғалиевтің Анаға сәлем әнін оқыту
Ақ мамам: 8 наурызға арналған балабақша музыка сабағы - аналарды құрметтеуге және мейірімділікке тәрбиелеу
8-сынып: Қазақ халық өнері және музыка мәдениеті - сабақ жоспары
Қырғыз халық музыкасы және комуз: Көл жағасында әнін тыңдау арқылы қазақ музыкасымен салыстыру
Камералық музыка: бастауыш сыныптарға арналған ашық сабақ
Мектептегі ұлттық музыка арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz