Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ана тіршілік тірегі


Анель зонтикпен шығады (жаңбыр жауып тұрған секілді)

Дінмұхаммед –Анельге неге қолшатыр ұстап алғансың

Анель -далада жаңбыр,Білесің бе ?Қазақстаннның кейбір өңірлерінде
жаңбыр, қар жауып жатыр. Менде өзімді сондай көңілсіз сезініп тұрмын.

Дінмұхаммед –Анельге қолшатырыңды түсір.Айналаға қарашы.

Анель –Ой кешіріңіздер , айнала жап-жарық, далада күн нұрын төгіп,
ортамыздағы аналарымыз мейірімін шашып отыр екен ғой.

Дінмұхаммед –Ия бүгін аналар мерекесі,көктем мерекесі.
Анель –Ендеше аналарымыз Дінмұхаммед:
Бақытты болсын Күн шуақты болсын
Көктем көңілді Ұрпағы өмірлі
Жүрегіне жалын Отбасының бағын тілейміз
Бірге. Мерекелеріңіз құтты болсын АНАЛАР!!

1-жүргізуші: Т.Айгерім
Аналар,арулар мен сұлу қыздар
Мәңгі әсем гүл болып қалыңыздар.
Шын жүректен құттықтаймыз сіздерді,
Кең дүниенің биігінде тұрыңыздар.

2-жүргізуші: Жасулан Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын сенің әрбір күнің, әр
айың.
Мерекеңіз құтты болсын, АРУЛАР!
Мерекеңіз құтты болсын, ағайын!

Динара 1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің
халықаралық конференциясы өтті.
Мінбеге Клара Цеткин шықты Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам
еді
Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап
өтейік . Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты.
Ұсыныс бір ауыздан қабылданып 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып
қабылданды.

1-жүргізуші: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры,
қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.
Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең
ардақты жанАна баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді.
Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Дүниеде ананың
көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені
ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі-балада, баланың
көңілі -далада» демекші, өзінің перзентік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-
анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-
тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ендеше,
анамызды сыйлап, құрметтейікші достар!

2-жүргізуші: Қайырлы күн , құрметті аяулы аналар, мейірімді
әпкелер, көктемдей құлпырған сұлу да, сымбатты ару қыздар! Бүгінгі «Ана-
тіршілік тірегі» атты мерекелік жиынымызға қлш келдіңіздер. Сіздерді 8-
наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесімен
Екеуі бірге: ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Ақан Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

1 –жүргізуші: Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын
тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына
шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Нурида Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым,

2-жүргізуші:
Анам менің, асылым, лағыл әнім,
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын –демекші
ендігі кезегіміз ХОР «Ана»
1-жүргізуші:
Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:
-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.
Сонда пайғамбар:
-Анаң бар ма? -деп сұрайды.
-Бар,-дейді әлгі адам.
-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса
шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.

Ғалымжан Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.

Жұлдыз Ананың әлпештеген әні қымбат
Ақ жаулығы желбіресе сәні қымбат.
Күлімдеп,ұмыттырса мұң көңілді,
Бәрінен де иісі сіңген шәлі қымбат

Айбек              Бас қосты бүгін жиынға
                         Аналардың қауымы
                         Таусылмасын әрдайым
                         Отбасының сауығы

Нұрсұлу Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Маржан Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған;

1 –жүргізуші: Сахналық көрініс (Динара, Әділет) «Әжесі мен Бағлан»
Қабдікәрім Ыдырысов.
- Жүрегім кім менің?
- Мен!
- Тірегім кім менің?
- Мен!
- Сәнім кім менің?
- Мен!
- Ботақаным, бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың өзің!
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын,
Керегі жоқ ондайдың.
Қарға «қарқ-қарқ» етеді,
Алысқа ұшып кетеді.
Қасыңда боп әрдайым,
Мен ешқайда бармаймын.

2-жүргізуші:
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы,- деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті
мың бұралған бишілерге береміз. Би
1-жүргізуші: Келесі кезегімізде ұлдарыңыздың орындауында «Жарайма» әнін
қабыл алыңыздар.

Нұрсұлтан Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін шаттандырып.

Құндыз Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім», - дейтін.

Райымбек Даналардың өзі анадан жаралар.
Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін
Орын тапқан жақын тартқан аналар?!
Балаға ең жақыны сіз ғой ана,
Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.
Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,
Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана!

Зарина Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары.

1-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горкий: «Адамдар-әрқашанда өз аналарының
перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.
2-жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене
толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының
бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне
арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.
Ән: Анашым ( Ақан)

С.Бауыржан Мына өмір бір рет қана беріледі адамға.
Жарық сәуле,нұрын шашса жанарға.
Қуаныңдар,құлшыныңдар алға- деп
Ұмытпа бірақ құрмет көрсетуге анаға

Лаура           Ана десем сезім білер тым ыстық
                            Жарасымды адамдарға туыстық
                            Бар адамға берсе ананың мейірін
                            Орнар еді бар әлемге тыныштық
 
Құрбанали Бүгін – наурыздың сегізі
                            Сұлулықтың негізі
                            Әдемі сөз – Адамның
                            Анаға айтар лебізі

Нұржайна Анам мені: «Айым» - дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді,
Анам мені: «Күнім» - дейді,
Мен қуансам, күлімдейді.

Ерлан Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған!
Ол жанымда жүрсе ,мен де,
Батырларша батылданам.
1-жүргізуші: Менің анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе
жұмысқа да барып үлгереді
2-жүргізуші: Мен мектептен келсем тамағым да дайын ,от та жағулы,
Үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен
1-жүргізуші: Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық
шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады,
біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі
2-жүргізуші: олай болса Аяулы аналарымызды бір сынап көрелік
Аялы алақан ойыны. Ойынымыздың шарты
Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын табу

1-жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы
қыздарымыздың құрметіне ұлдарыңыздың орындауында «Алтыным» атты әнін қабыл
алыңыздар.
(Ғалымжан, Бауыржан)

2-жүргізуші:
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі,
адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып
жатыр. Ендеше балғын бүлдіршіндеріңіздің ана туралы өлең шумақтарын
тыңдаңыздар.

Зиуар Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің.
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
Әйел ол – тіршіліктің бәйтерегі,
Лайықты балғын жырдың әр теңеуі.
Япырау,Адам ата ұрпақтары,
Өмірде сен болмасаң қайтер еді?

К.Бауыржан Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін
Ж.Айгерім Азамат қуат алар ақ сүтіңнен
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең
Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ
Нұргүл Алтын анам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Сабақтан шаршап үйге келгенімде
Бал сөзі жаным деген сая маған
Мұхаммед Бәрі жақсы ананың,
Бәрі де оның керек-ау...
Бірақ әрбір баланың
Өз анасы бөлек-ау!
1-жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда мың бұралған бишілеріңіз. Би

2 –жүргізуші:
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызға «Жаса Қазақстан» атты әнімен
Дінмұхаммедті ортаға шақырамыз

Анель Не деген құдірет едіңіздер, аналарым!
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге!
Анады да, мені де әлпештеген,
Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген.
Ниетің қабыл болсын, аналарым,
Өркендеп өсе берсін, бала-шаға, немерелер.
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Аида Ана –жұмақ,мен -шуақ саябағы.
Ана—шырақ,мен—сұрақ санадағы.
Ана-теңіз,мен қайық тербеті
Ана-бұлақ,мен құрақ жағадағы.

Әділет Бәріде қызық бола қоймас бұл өмірде,
Ана мейірімін шашпаса кең дүниеге.
Бақыт та ,балалық та алақаны,
Ананың әлпештеген әлдиінде.

Бейбарыс О аналар осындайсың бәріңде,
Қасиет тұнған жасыңа да, кәріңе.
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге
1-жүргізуші:
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға
бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар.
Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

2-жүргізуші:
Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап
апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар.
Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан
ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен
өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес дей отырып
Ерланның орындауында «Достарым» әнін қабыл алыңыздар

1-жүргізуші: келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз. Қуыршақ биі

2 –жүргізуші:
Мына өмір бір рет қана беріледі адамға.
Жарық сәуле,нұрын шашса жанарға.
Қуаныңдар,құлшыныңдар алға- деп
Ұмытпа бірақ құрмет көрсетуге анаға

1-жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.

Құрметті қонақтар,аяулы аналар әпкелер мен апалар «Ана-тіршілік тірегі»
атты мерекелік жиынымыз осымен аяқталды.Келесі жиында аман есен
қауышайық.Қош сау болыңыздар!


Ұқсас жұмыстар
8 наурыз
Ару - Ана өмірдің асылдары, Жайнасын көңілімнің жасыл бағы
ОТБАСЫ ТАТУЛЫҚ
Жан саулығы 4 сынып
Тіршілік иесінің бәрі – анасымен бақытты. ата-аналар арасындағы тренинг сабақ
Анамыздың жүрегі
Отбасы - өмір аясы
Аналарға – мың алғыс!
Тілім менің
Ана - бақыт, ана - нұр
Пәндер