Сабақ жоспары :: Биология
Файл қосу
Дигибридті будандастыру және белгілердің тәуелсіз ажырау заңдылығы
Ашық сабақ
Пән: Биология
Сынып: 10 «б»
Күні: 22. 02. 2014 ж.
Уақыты:
Өтетін орны: 301
Сабақтың тақырыбы: Дигибридті будандастыру және белгілердің тәуелсіз ажырау
заңдылығы
Сабақтың мақсаты: Дигибридті будандастыру ұғымы, белгілердің тәуелсіз
ажырау заңдылығы туралы түсінік беру.
Білімділік міндеті: Мендель тәжірибелерінің нәтижелерін пайдаланып,
тәуелсіз тұқым қуалаудың дұрыстығын дәлелдеу арқылы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік міндеті: Тұқымқуалау заңдылықтарының мәнін түсіне отырып,
салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Дамытушылық міндеті: Тәжірибелерге сүйене отырып, есептер шығару арқылы
логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, интерактивті тақтамен
жұмыс арқылы оқушы зейінін шоғырландыру, оқу белсенділіктерін арттыру.
Сабақ типі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы
Сабақ түрі: Зияткерлік ойын сабағы
Оқыту әдістері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, пікіралмасу, түсіндіру, кітаппен
жұмыс, иллюстрация, демонстрация әдісі, интерактивті әдістер, ойын әдісі,
жаттығу
Жабдықталуы: интерактивті тақта, портрет
Көрнекілігі: презентация материалдары, сызбалар, таратпа материалдары,
бейнематериалдар
Пән аралық байланыс: математика, тарих
Сабақтың құрылымдық жоспары
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Оқу іс әрекетіне қызығушылықты ояту
3. Үй тапсырмасын сұрау
4. Білімді өзектілендіру
5. Сабақ мақсатын қою
6. Жаңа білімді меңгерту, ашу
7. Білімді бірінші бекіту кезеңі
8. Өз бетімен жұмыс өзін -өзі тексерумен
- Зияткерлік ойындар негізінде реконструктивті-вариативті типтегі
тапсырмаларды орындау
9. Жаңа білімді жалпы білімдер жүйесіне қосу және қайталау, бекіту
10. Оқушылар білімін бағалау
11. Оқу іс әрекеті рефлексиясы
12. Сабақты аяқтау
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу
- Оқу журналымен жұмыс
- Сынып тазалығын бақылау
2. Оқу іс әрекетіне қызығушылықты ояту
- Оқушылар, адамзаттың тіршілік ететін ортасы сыр мен таңғажайып
оқиғаларға толы әлем. Біздер де сол әлемнің мүшесі ретінде, болып
жатқан құбылыстардың сырын, мәнін өз көзжиегімізбен бірге ғылым
көкжиегіне көз жүгірте отырып, тануымыз қажет. Ендеше, бүгінгі біздің
сабағымызда алатын білімді ақыл пердесі мен жүрек терезесінен өткізе
отырып, білім қорымызды жинақтауға шақырамын.
Үй тапсырмасын сұрау.
- «Кім жылдам» интеллектуальдық ойыны
- Дәптермен жұмыстарын тексеру
Үй тапсырмасын қорытындылау интреактив тапсырма /қызанақ/
Білімді өзектілендіру
- Назарымызды экранға аударайық, / бейнематериал көрсету – 1 мин/
- Бейнематериал бойынша сұрақ қою:
Сұрақ:
1. Балалар, бейнематериалдан нені байқадыңыздар?
2. Барлығына ортақ белгі не деп ойлайсыздар? Неге?
- Адам тіршілігі тылсымға толы. Біздерді әрқашан түрлі ойлар мазалауы
мүмкін: «Мен неге осындаймын», «Мен кімге тартқанмын, қалай», «Менің осы
қабілетім кімге тартқан» деген сынды. Біз тұрмыста сұрақтардың жауабын
«атаңа ұқсаған», «әкеңе, анаңа, нағашыңа» ұқсаған деген жауаптардан
алғандай боламыз. Десек те, оның шын мәніндегі сыры біздерге беймәлім болып
көрінуі мүмкін. Ендеше, балалар, бүгін біз сіздермен осы сұрақтардың
жауабының бастамасын ғылыми теориялық тұрғыда тұжырымдап, дәлелдер арқылы
ұғынып, жұмыстар орындау арқылы алатын боламыз. Біздің сабағымыздың
өзектілігі де осында.
Сабақ мақсатын қою
- Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз: Дигибридті будандастыру және
белгілердің тәуелсіз ажырау заңдылығы.
- Сабағымыздың алдына қойып отырған негізгі мақсаты: сіздермен бірге
дигибридті будандастыру ұғымы, оның заңдылықтары туралы қарастырып,
тақырыпты өз өмірімізбен байланыстыра отырып, оқу жұмыстарын атқаратын
боламыз.
Жаңа білімді меңгерту, ашу. Түсіндірме-иллюстративті әдіс арқылы.
-
Білімді бірінші бекіту кезеңі. Бекіту сұрақтары:
1. Дигибридті будандастыру деген не?
2. Пеннет торы деген не?
3.
Өз бетімен жұмыс өзін -өзі тексерумен
Алған білімдеріңе сүйене отырып ,
Зияткерлік ойындар негізінде реконструктивті-вариативті типтегі
тапсырмаларды орындайық,
- Генетикалық есептерді шығару
- Проблемалық интерактивті тапсырмаларды орындау.
- Сәйкестендіру тапсырмалары
- Ойын. «Жасырын сөзді тап»
Жаңа білімді жалпы білімдер жүйесіне қосу және қайталау, бекіту
- Қорытынды Зияткерлік тапсырма: «Бәйге»
- Сонымен, .......................................
Оқушылар білімін бағалау
- Бүгінгі сабағымыздың барысында тақырыпты меңгерумен қатар, жұптық
жұмыстар орындап, зияткерлік ойын тапсырмаларын шешіп, түрлі оқу
жұмыстарын атқардыңыздар. Ендеше,
-
Оқу іс әрекеті рефлексиясы
Оқушылар, бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңмен бөлісу мақсатында мынадай
берілген фразаны аяқтасаңыздар:
- Менің бүгінгі білгенім....
- Маған қызықты болғаны....
- Мен мынаны түсіндім,....
- Енді мен мынадай жұмысты орындай аламын......
- Мен мынаны сезіндім........
- Мен мынаны жасап үйрендім......
- Мені таң қалдырғаны.......
- Мен ренжідім, себебі......
- Бұл сабақ өмірде мені мынаған үйретті...........
- Мен қуанамын.....»
- Мен өзімді мына қырынан тани алдым.....»
- Мен мынадай ой түйдім....»
- Мен ұяламын.....»
- Менің тілегім......
-Сабаққа қатысқандарыңа ризамын, сіздермен жасаған жұмыс- нәтижесін
бергені мені де қуантады, ендеше бүгінгі алған білімдеріңізді өмірде
қолдана алады деген үміттемін.
Үй тапсырмасын беру.
Сабақты аяқтау.
- Сабағымыз аяқталды, сау болыңыздар.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz