3-сынып математикасы: 25 сұрақтық тест және жауаптары


Бастауыш сыныптар бойынша 3-сыныпқа математика пәнінен берілетін тест сұрақтары.

1. Амалдарды орында: (302-145) +285

А) 442 Б) 342 В) 542 Г) 441

2. 36 центнерге қайсысы тең?

А) 6 ц 3кг Б) 6 т 3ц В) 3 ц 6кг Г) 3 т 6ц

3. Теңдеуді шеш: 86+а=427+39

А) 382 б) 383 В) 381 Г) 380

4. Салыстыр, = белгісі қойылатын өрнекті көрсет.

А) 2 тәулік 2сағ * 50 сағ В) 4 мин 20 с* 70с

Б) 1сағ 20 мин *65 мин Г) 1 тәулік 4 сағ * 30 сағ

5. Бір орамда 64 м жіп, екіншісінде біріншіге қарағанда 20 м аз жіп оралған. Екі орамада барлығы неше м жіп оралған?

А) 64-20 В) 64+20+64

Б) 64-(64-20) Г) (64-20) +64

6. Мәні 400-ге тең болатын өрнекті тап.

А) 1000-500+100-100-100

Б) 900-600+200+100-100

В) 600+200-400-100-100

Г) 300+300-200+200+100

7. Балалардың велосипедінде 3 доңғалақ бар. Сондай 6 велосипедте барлығы неге доңғалақ бар?

А) 3*6=18 (д) В) 6/3 =2 (д)

Б) 6-3=3 (д) Г) 3+6 =9 (д)

8. Қабырғасы 15 м болатын кадраттың периметрін тап.

А) 30 м Б) 45 м В) 50 м Г) 60 м

9. Ені 3 см, ал ұзындығы одан 4 см ұзын болатын тік төртбұрыштың периметрін тап.

А) 20 Б) 21 В) 22 Г) 24

10. Амалды орында: 902 см-509 см

А) 397 Б) 399 В) 393 Г) 401

11. Отбасында төрт бала бар: қыздар қанша болса, ұлдар да сонша. Отбасында қыздар қанша, ұлдар қанша?

А) 3, 3 Б) 4, 4 В) 2, 2 Г) 1, 3

12. Үш қаланың әрқайсысында екі қаламен байланыс жолы салынған. Сонда барлығы неше жол бар?

А) 3 жол Б) 2 жол В) 4 жол Г) 1 жол

13. Артық санды тап: 4 8 12 16 20 24 28 29 32 36

А) 16 Б) 24 В) 29 Г) 36

14. Өрнекте: сантиметрмен 4 м 13 см; 2 м 8 см.

А) 17 см, 10 см Б) 43 см, 28 см В) 413 см, 208см Г) 410см, 280см

15. 6 қапшықта 18 кг картоп бар. Бір қапшықта неше кг картоп бар?

А) 12 кг Б) 24кг В) 2кг Г) 3 кг

16. Кез келген санды 1-ге көбейткенде, болады:

А) 0 В) 1

Б) сол санның өзі Г) 10

17. Амалды орында: 1 ц-62 кг

А) 48 кг Б) 38кг В) 37 Г) 47кг

18. Көбейтумен алмастыруға болатын амалды белгіле.

А) 5+4+3+1 В) 4+4+4+4

Б) 9-9-9+9 Г) 8-3+2-3

19. 7+7+7+7+7амалымен алмастыруға болатын сандардың көбейтіндісін тап.

А) 7*4 Б) 5*5 В) 7*7 Г) 7*5

20. Тура теңдікті тап:

А) (7*9) -7= 14 Б) 10/(8-6) =5 В) (19-9) +6 =4 Г) 24/6+2=3

21. Ұзын жіпке шет жақтарын бос қалдырып, үш жерден түйін түйілді. Сонда бұл түйіндер жіпті неше бөлікке бөліп тұр?

А) 5 Б) 4 В) 3 Г) 6

22. Таразының бір табағында қауын мен 3 кг гир жатыр, ал екінші табағында 5кг-дық екі гир жатыр. Таразының екі басы тепе-тең болып тұр. Демек қауынның салмағы қанша болғаны?

А) 8кг Б) 13кг В) 7кг Г) 10кг

23. Х / 9 =3 теңдеуіндегі Х - тің мәнін тап.

А) х =3 Б) х =27 В) х= 12 Г) х=6

24. Тік төртбұрыштың ұзындығы 10 см, ені одан 3см-ге қысқа. Периметрді тап.

А) 34 см Б) 26 см В) 14 см Г) 13см

25. Мәні 36-ға тең болатын өрнекті тап.

А) 91 мен 68-дің айырмасына 12-ні қос.

Б) 53 пен 26- ның қосындысынан 45-ті азайт.

В) 89 бен 23 сандарының айырмасына 30-ды қос.

Г) 43 пен 27 сандарының қосындысынан 34-ті ал.

Тест жауаптары:

  1. А
  2. Г
  3. Г
  4. А
  5. Г
  6. А
  7. А
  8. Г
  9. А
  10. В
  11. В
  12. А
  13. В
  14. В
  15. Г
  16. Б
  17. Б
  18. В
  19. Г
  20. Б
  21. Б
  22. В
  23. Б
  24. А
  25. Г

Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz