Сабақ жоспары :: Тарих
Файл қосу
Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алу
Сабақтың тақырыбы: Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Сыныбы: 7 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ХІІІ ғ. басында монғол империясының құрылуы, қоғамдық құрылысы,
империяның басқыншылық саясатының зардаптары, жаулап алушыларға қарсы
халықтар күресі жайлы жан-жақты түсінік беру.
Тәрбиелік: Елжандылыққа тәрбиелеу. Тәуелсіздікті құрметпен сезінуге баулу.
Дамытушылық: Өзіндік жұмыстар жасау, сұрақтар қойып оқушылардың пікірлерін
сұрау арқылы оқушылардың ой-өрістерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Қожа Ахмет Иасауи қандай шығармаларын білесің?
2. Дүние жүзіне белгілі ғалым Әл-Фараби қай жылдары өмір сүрген?
3. Махмуд Қашқаридің еңбектері атаңыздар.
4. Жазба әдебиетінің көрнекті өкілі, Қарахан мемлекеті кезінде өмір сүрген
ақын кім?
5. Әбу Райхан әл бирунидің қандай шығармаларын білесіңдер?
ІІІ Жаңа сабақ
Сабақта кездесетін жаңа сөздер:
Ноян- ақсүйектер
Кешіктен- Шыңғысханның жеке басын қорғайтын жасауыл
Құрылтай- жиналыс
Ұлыс- бөлініп берілген жерлер
Монғол империясының құрылуы.
Монғол империясының негізін қалаушы Шыңғыс хан Темүжін 1155 жылы
Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген
жерде дүниеге келген. Темүжін 9 жасқа толған кезінде әкесі Есугей батырды
татарлар қастандықпен өлтіреді.1206 жылы өткен құрылтайда Темүжінді хан
етіп сайлап, Монғол империясын құрады.
Қоғамдық құрылысы
[pic]
Монғолияның аумағы мен халқы 3 әскери әкімшілікке бөлінді:
Мемлекеттің басты заңы «Жасақ» (Яса) деп аталды, ол екі бөлімнен тұрды.
«Жасақ» Яса заңының бөлімдері
«Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы құрылтай болды. Ол жылына
бір рет жаз айына шақырылды.Онда алдағы болатын соғыстың жоспары
талқыланды. Басқа да ішкі мәселелер қаралды.
Монғолдардың Қазақ жерін жаулап алуы. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып
алғаннан кейін Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияға жорық жасайды. 1219
жылы 150 мың әскерімен Отиырар қаласын жаулап алуға келеді. Қараша атты
сатқынның кесірінен Отырарды1920 жылы Монғолдар басып кіріп, жермен жексен
етеді. Бұл оқиға тарихта «Отырар опаты» деген атпен белгілі. Сығанақ қаласы
да 3 ай бойы , Ашнас қаласы 15 күндей берілмеген.1219-1224 жылдары
Қазақстан мен Орта Азияны монғолдар толық жаулап алды.
Жаулап алудың зардаптары
← Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді-мекендер
болса, одан кейінгі ХІІІ-ХІV ғасырларда 20-жуық елді-мекендер қалған;
← Баласағұн қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен;
← Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды;
← Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды;
← Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді;
← Мәдениеттің дамуына кедергі болды.
Қазақ жерінде ұлыстардың құрылуы
Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін балаларына мұрагерлікке үлестіріп
берді.
ІҮ.Сергіту сәті «поэзия минуты»
М.Шахановтың «Отырар дастаны» мәнерлеп жатқа айту.
Ү. Кітаппен жұмыс.
Мына жылдардағы тарихи оқиғаны тауып, жаз.
|1207-1208 ж| |
|1207-1209 ж| |
|1211-1215 ж| |
|1217 ж | |
|1218 ж | |
|1219 ж | |
|1219-1220 ж| |
ҮІ. Проблемалық сұрақ (ауызша): Монғолдар Қазақ жерін жаулап алмаса не
болар еді?
ҮІІ. «Ыстық орындық» стратегиясы арқылы оқушылар Шыңғыс хан туралы өз
ойларын ортаға салады.
ҮІІІ. Бекіту.
ІХ. Үйге тапсырма беру
Х. Оқушыларды бағалау
-----------------------
онбасы
10 мың әскер
жүзбасы
мыңбасы
Түменбасы
100 әскер
10 әскер
1000 әскер
Жоңғар
Сол қанат
Кул
Орталық қанат
Барунгар
Оң қанат
Әскери,азаматтық істерді орындаудағы жалпы заңдар және оларды
орындамағандарды жазалаудың түрлі ережелерінен құралады.
Шыңғыс ханның өзі айтқан нақыл сөздері мен ел басқарудағы кейбір басты
мәселелер жөніндегі шешімдерден тұрады.
Жошы
Үгедей
Шағатай
Шығысы- Ертіс өзенінен ,
Батысы-Еуропаға дейін.
Қазақ жерінен – Шығысы Дешті Қыпшақ, Арал, Сырдың төменгі ағысы, Жетісудың
солтүстік -шығысы
Оңтүстік және оңтүстік шығыс Қазақстан (Жетісу) мен Орта Азия жерлері
қарады
Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай жерлері.
Ертістің жоғарғы ағысы бойындағы жерлер қарады
“+, -, қызықты” стратегиясы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz