Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

П дыбысы мен әрпі

Әліппе (1-сынып)
Тақырыбы: П дыбысы мен әрпі.
Мақсаты: П дыбысы мен әрпін оқушыларға таныстыру. П дыбысының
сөздегі орнын ажырату. Осы әріп арқылы сөздер құрастыра
отырып, ойларын өрбіту. Есте сақтау қабілеттерін, логикалық
ойларын, сөздік қорларын дамыту. Ұқыптылыққа, әдемі, таза
жазуға баулу. Патриоттық сезімдерін ояту.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
п/дайындық: Луиза Хей. <<Ризашылық әні>>
ІІ. Қызығушылығын ояту:
* <<Қуыршақтар дүкеніне саяхат>> жасау.
Дүкеннен бізге бір өтініш келді. Байқаусызда жерге түсіп кетіп бір ойыншық сынып қалыпты. Соны жөндеуге көмектесуімізді сұрайды.
<<Достық көмек>> дегенді қалай түсінесіңдер?
Бұл ойыншықты жинау үшін біз тапсырмалар орындауымыз керек.
(Денесінен екі қолы мен екі аяғы алынып қалған Сайқымазақтың бейнесі)
* тапсырма: <<Үшіншісі артық>> ойыны. (оң қолындағы жазылған тапсырма)
АОЛ ДНЕ АОӘ ОӨЕ
-Дыбыс пен әріптің айырмасы неде?
-Дыбыстың қандай түрлері бар?
2-тапсырма: Жұмбақ шешу: (сол қолындағы тапсырма)
Баласын ертіп соңынан,
Сүңгіп, жүзіп үйретті.
Су жұқпайтын тонына
Кім білмейді ... (үйректі)
-<<Үйрек>> сөзіне дыбыстық талдау жүргіз.
-Ү дыбысы туралы не білеміз?
ІІІ. Мағынаны тану:
-Балалар, бізге қонақ келді. Халқымыз қонақжай халық. Келген қонақты қадірлеп біз қайда отырғазамыз? (Алдардың суретін көрсету)
-Бізге Алдар көсе бабамыз келіпті. Жаңа әріп ала келген шығар. Кәне, көрейік.
-Ай, Алдар-ай, Алдар-ай. Қулық жасамасаң жүре алмайсың. Әріп орнына сурет әкеліпті, бір сурет емес бірнеше сурет.
(Піл, пышақ, перде, кірпі, доп)
-Бұл суреттердің ұқсастығы неде?
-Бәрінде П дыбысы бар.
-Алдар көсе бізге жұмбақ та ала келіпті. Соны шешейік:
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең, жылатады. (пияз)
-Енді менің жұмбағымды шешіңдер:
Ата-анаңмен барып сен,
Пілді көрдің сен бақтан.
Піл, пияз, парталар
Басталған қай әріптен?
-П дыбысымен таныстыру.
-П дыбысы бар сөздер ойлату.
-Электронды оқулықтан көрсету.
-П дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі.
Оқулықпен жұмыс:
-Буындарды хормен оқыту ПА ПО ПЕ ПИ ПУ ПІ
-Бағандағы сөздерді жүгірте оқыту
-Мәтінмен жұмыс: <<Кітап>>
1) Мәтінді мұғалімнің оқуы
2) Оқушыларға оқыту
3) Талдау жұмыстары:
<<Кітап - білім бастауы>> дегенді қалай түсінесің?
<<Кітап - адамның ақылшы досы>> дегенді түсіндір.
4) Мақал жаттайық:
Кітап - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
-Тағы қандай мақалдар білесіңдер?
Сергіту сәті:
Тік тұрам да қос қолмен
Таянамын бүйірді.
Топылдатып аяқты,
Шапалақтап қолымды,
Басымды мен шұлғимын.
Құс қанатша қолымды
Екі жаққа жаямын,
Бір отырып, бір тұрып
Орнымды мен табамын.
Дәптермен жұмыс:
п па по пе пи
Сөздерге дыбыстық талдау жүргіз: доп, Талап, Жақып
Тиісті сөзді қойып жаз: Балалар ... ойнады.
(Қолды демалдыру жаттығуларын жүргізу)
Жаза-жаза, саусағым,
Әлсіредің, шаршадың.
Азырақ демалайық,
Сосын қайта жазайық.
ІV. Ой қорыту:
3-тапсырма: Сызбаға сәйкес сөздерді тап. (оң аяғындағы тапсырма)


Буынға буын қос: бұ кем кө
ғы пір пір
қо сақ
4-тапсырма: П мен Б қайда? (сол аяғындағы тапсырма)
Суреттерден П мен Б дыбыстарының орнын табу.
(Ағаш, кірпі, тасбақа, доп, бөріктің суреттері)
-Неге ағаштың суреті берілген?
-Ағаштың жапырағында П дыбысы бар.

-Тиісті жалғауларды жалға:

Дәптер Кітап Қарындаш

Дәптер... Кітап... Қарындаш...

*Балалар, біз барлық тапсырмаларды орындадық. Ойыншықтың барлық бөліктерін таптық. Енді оны жөндеуге жіберейік. (хатқалтаға салып, жөнелту)

-Балалар, бізге ойыншықтар фабрикасынан хат келді. (екінші хатқалтаны ашу) Ішінде сәлемдемесі де бар сияқты. Хатта көмегіміз үшін бәрімізге алғыс айтып, сыйлық беріп жіберіпті. Бірақ сыйлықты ашпас бұрын берілген ребусты шешуімізді сұрапты. Ендеше біздің білімді, алғыр балалар екенімізді тағы да көрсетейік.
*Ребус шешу: жауабы: Отан
- Отан деген не?
- Отан деген - атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана,
Отан - үлкен,
Қазақстан - туған ел!
-Өте жақсы. Енді сыйлығымызды ашайық. Қараңдар, бізге ойыншықты жөндеп жіберіпті. (дайын және әдемі етіп боялған Сайқымазақ бейнесі)
Тағы сендерге ризашылығын білдіріп, бәріңе гүл сыйлапты.
Отанымызға, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, <<Тілек ағашын>> гүлдермен безендірейік. Сабаққа жақсы қатысқандарыңызға көп рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Тақырыптық-күнтізбелік жоспар, 1 сынып, әліппе
П әрпі мен дыбысы. 1 сынып
Дауыссыз дыбыс
П дыбысы мен әрпі жайлы ақпарат
Ж дыбысы және әрпі
П дыбысы мен әрпі. 1 сынып
Іі дыбысы мен әрпі
Дауысты дыбыс әріптері
Қандай дыбыс
Пп дыбысы мен әрпі
Пәндер